Қазақстан – Қытай шекарасы жабылатын болды

Уақыты: 2025-01-23 Көрлімі: 97 Сипаттама

Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобильдік өткізу бекеттері жабылады. ҚР Қаржы мини...


IMG_5813.jpeg

Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобильдік өткізу бекеттері жабылады. 

 

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл – көрші мемлекетте Жаңа жыл мерекесін тойлауға байланысты уақытша шара. 

 

Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да көктем мерекесіне байланысты 2025 жылғы 27 қаңтардың сағат 20:00-ден, 2025 жылғы 1 ақпанның  сағат 08:00-ге дейін, Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, 

- делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.



Qaz365.kz сайтынан 

Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы жарыққа шықты
    Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

    Ұқсас тақырыптар