АҚШ мемлекеттік хатшысы "әлденені құрбан етуге тура келеді" деп санайды

Уақыты: 2025-02-02 Көрлімі: 62 Сипаттама

АҚШ мемлекеттік хатшысы Украина мен Ресейге келіссөзде "әлденені құрбан етуге тура кел...



IMG_5869.jpeg

АҚШ мемлекеттік хатшысы Украина мен Ресейге келіссөзде "әлденені құрбан етуге тура келеді" деп санайды


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина мен Ресей арасындағы соғыс тығырыққа тірелді деп санайды. Соғыстан украиналықтар да, ресейліктер де қатар зардап шегіп жатқанын алға тартқан Рубио президент Дональд Трамп соғысты аяқтап, тұрақты бейбітшілік орнатуды мақсат етіп отырғанын айтты. Рубионың айтуынша, ол үшін екі жақ келіссөз бастауы керек және келіссөз барысында екі тарапқа "әлденені құрбан етуге" тура келеді.


Журналист Меган Келлиге сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Путин "сұмдық нәрсе жасады" деп мәлімдеп, Украина Ресей әскерін 1991 жылғы шекараға дейін тықсыра ала алмайтынын мойындауы керек деді.


"Біз неге екені белгісіз Украина Ресейді жеңіп қана қоймай,... 2012, 2014 жылғы сызыққа дейін Ресей әскерін тықсыра алады дегенге жұртты сенуге мәжбүрледік. Нәтижесінде кейінгі 1.5 жылда олар адамдардың қасіретін ұзартқан тығырық жағдайды қаржыландыруды сұрап келеді" деді Рубио.


Пікір жазу
  • Қазақстан Қашаған мұнайын БТЖ құбырына айдай бастады
    АҚШ Конгресі мен Пентагон DeepSeek қолдануға тыйым салды

    Ұқсас тақырыптар