АҚШ Конгресі мен Пентагон DeepSeek қолдануға тыйым салды

Уақыты: 2025-02-02 Көрлімі: 60 Сипаттама

АҚШ Конгресінің қызметкерлеріне қытайлық DeepSeek чат-ботын қолдануға тыйым салынды. Пала...


IMG_5870.jpeg

АҚШ Конгресінің қызметкерлеріне қытайлық DeepSeek чат-ботын қолдануға тыйым салынды. Палата өкілдерінің хабарлауынша, DeepSeek тексерістен өтіп жатыр және оны ресми қолдануға рұқсат етілмеген. Билік өкілдері чат-боттың зиянды бағдарламалар тарату қаупі бар екенін мәлімдеді. Осыған байланысты Конгресс қызметкерлеріне оны ресми құрылғыларға орнатуға болмайды.


Bloomberg мәліметінше, АҚШ Қорғаныс министрлігі де DeepSeek-ке кіруді бұғаттады. Америкалық әскери қызметкерлер 2024 жылдың күзіне дейін чат-боттың бастапқы нұсқасын жұмыс станцияларына жүктеген, бірақ ол кезде бұл мәселе назарға алынбаған.


  Сондай-ақ 30 қаңтарда Италияның дербес деректерді қорғау басқармасы DeepSeek-ті бұғаттады. Бұған компанияның Италияда жұмыс істемейтіні және ЕО ережелеріне бағынбайтыны туралы «қанағаттанарлықсыз жауаптары» себеп болды.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • АҚШ мемлекеттік хатшысы "әлденені құрбан етуге тура келеді" деп санайды
    Павел Дуров Қытайдың білім жүйесін жоғары бағалады

    Ұқсас тақырыптар