АҚШ президенті Дональд Трамп 7 ақпанда Қытайдан құны 800 доллардан төмен сәлемдемелерге баж салығын енгізуді кейінге қалдырды.
Алғашында бұл салық 4 ақпаннан бастап күшіне енуі керек еді.
5 ақпанда АҚШ пошта қызметі Қытайдан сәлемдеме қабылдауды кенеттен тоқтатты, бірақ 12 сағаттан кейін қайта жалғастырды.
Трамптың жарлығына сәйкес, жаңа баж салығы сауда министрлігі қажетті жүйелердің толық дайын екенін хабарлағаннан кейін ғана енгізіледі.
Ресми деректер бойынша, 2018–2021 жылдары АҚШ Қытайдан 228,3 млрд долларға арзан сәлемдемелер алған. Бұл осы санаттағы жалпы импорттың 70%-ын құрайды.
t.me/atamekenbusiness_silkway