«Көктемгі дала жұмыстарында агротехнологияларды қатаң сақтап, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын уақтылы қолдану керек. Әзірге ол жоспардың 59%-ын құрап отыр. Министрдің айтуынша, 2023 жылы аталған көрсеткіш 21%-ды құраса, былтыр 40%-ға жеттік, биыл 59%-ға дейін жеткіземіз. Алдағы жылдары біз 100%-ға жетуіміз керек»,
— деп атап өтті Премьер-министр.
Елімізде тыңайтқыш шығаратын 10-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді.
«Егіншілерді қолжетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өнеркәсіп министрлігінің жұмыстарын үйлестіру қажет»,
— деп тапсырды Олжас Бектенов.
Тағы бір маңызды мәселе – ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы бүгінде шамамен 75%-ды құрайды.
Жаппай егін егу жұмыстары басталғанға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу тапсырылды.
@KZgovernment телеграм арнасынан