Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, егіншілерді тиімді мемлекеттік қолдау мақсатында несие мен субсидия беру рәсімдерін оңтайландыру және жеңілдету шараларын қабылдасын. Дихандар оларды алу өте қиын деп шағым айтуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары дихандарды қолдауға ғана беруі керек. Бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуға тиіс.
Егіншілерді сапалы және тексеруден өткен тұқым қорымен қамтамасыз ету маңызды.
Жаппай егін егу жұмыстары басталғанға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу қажет.
Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен өңір әкімдері арзандатылған отынның тиісті көлемін жеткізуді бақылауда ұстауы қажет. Әкімдіктер бір апта мерзімде өңірлік операторлар бойынша толық деректерді беруі керек. Шаруаларға тиесілі отынның сатылып кетуіне жол беретін компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдау тапсырылды.
Су ресурстары министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, дихандарды егіндік сумен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын қабылдауы қажет.
@KZgovernment телеграм арнасынан