Трамп Путинмен сөйлесті

Уақыты: 2025-02-13 Көрлімі: 81 Сипаттама

«Мен жаңа ғана Ресей президенті Владимир Путинмен ұзақ уақыт телефонмен сөйлестім. Біз...




IMG_5884.jpeg

«Мен жаңа ғана Ресей президенті Владимир Путинмен ұзақ уақыт телефонмен сөйлестім. Біз Украинаны, Таяу Шығысты, энергетиканы, жасанды интеллектіні, доллардың ықпалын және басқаны сөз еттік. 


Біз екеуміз де өз халқымыздың ұлы тарихын еске алдық және Екінші дүниежүзілік соғыста бірге соғысып, жеңіске жеткенімізді айттық. Ресей ол сәтте ондаған миллион халқын жоғалтты, бізде аз шығынға ұшырамадық. 


Біз өз еліміздің қуаты мен болашақтағы өзара әріптестік арқылы табуға болатын пайданы айттық. Алайда ең алдымен біз Ресей мен Украина арасындағы соғысты және жаппай қырғынды тоқтату жайлы келістік. Президент Путин тіпті менің сайлау науқанындағы «Сергек ой» ұранымды да қолданды. Екеуміз де осыған сенеміз. 


Біз тығыз байланыс ұстауға келістік және екі ел арасындағы сапарды да ойластырудамыз. Сонымен бірге біз өз командаларымызға дереу арада келіссөзді бастауға тапсырма беруге келістік. Менің бірінші қадамым Украина президенті Зеленскийге қоңырау шалудан басталады, мен оған қазір хабарласып, Путинмен сөйлескенімді айтамын. 


Мен Мемлекеттік Хатшы Марко Рубиоға, ЦРУ директоры Джон Рэтклиффке, Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші  Майкл Уолтцқа және арнайы өкіл Стив Уиткоффқа келіссөзді бастауға тапсырдым және оның нәтижелілігіне сенемін. 


Мен президент болсам бұл соғыс болмас еді және миллиондар өлмес еді. Алайда соғыс болды, демек оны аяқтау қажет. Енді адамдардың ғұмыры үзілмеуі тиіс!


Мен президент Путинге осы әңгіме барысы үшін алғыс айтқым келеді және кеше керемет жан Марк Фогельді босатқанына ризашылық білдіремін. Мен оны Ақ үйде өзім күтіп алдым.


Мен бұл процесстің жақын арада қақтығысты тиімді реттейтініне сенемін!» - деп жазды.



https://t.me/paranoiakz телеграм арнасынан

Пікір жазу
  • Премьер-министрдің 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жөніндегі тапсырмалары:
    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады

    Ұқсас тақырыптар