Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол

Уақыты: 2025-03-04 Көрлімі: 29 Сипаттама

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі...

IMG_6114.jpeg

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.


  Құжатта:

       тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;

      археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;

      тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;

      қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;

      археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;

      мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;

      қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;

      тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;

       мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;

       туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.


Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Зеленскийге екі-үш минөт шыдап кету керек еді...
    Қазақстан Қытаймен бірге жаһандық басқарудың неғұрлым әділ және әділетті жүйесін құруға үлес қосады

    Ұқсас тақырыптар