
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық статистикалық бюросы еліміздегі әйелдерге қатысты статистика жариялады.
Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377 адамды құрайды, бұл - еліміздегі жалпы халық санының 51,1%. Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2% өсті.
Әйелдердің 64,4% қалаларда, 35,6% – ауылдық жерлерде тұрады.
Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында:
▫️Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел;
▫️2-орында Түркістан облысы – 1 млн әйел;
▫️3-орында Астана - 803 мың ару бар.
Соңғы 10 жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі:
▫️Астана – 82,1%
▫️Алматы - 37,5%
▫️Маңғыстау облысы - 32,5%
Жас құрамы бойынша:
▫️3,3 млн - 18 жасқа дейінгі жаста;
▫️5,3 млн - 18-60 жас аралығында ;
▫️1,7 млн - 60 жастан асқан.
Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы - 34,1.
Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салада жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбектенеді.
Ақпарат Қазақстан демографиясы арнасынан.