Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелламен кездесті

Уақыты: 2025-03-09 Көрлімі: 27 Сипаттама

– Италияға былтырғы сапарымнан жақсы әсер алдым. Сіздің қонақжайлық танытып, нәтижелі...

IMG_6162.jpeg

– Италияға былтырғы сапарымнан жақсы әсер алдым. Сіздің қонақжайлық танытып, нәтижелі келіссөз жүргізуге барынша жағдай жасағаныңыздың арқасында сапарым өте сәтті өтті. Екі мемлекет түрлі салада тығыз қарым-қатынас орнатқан. Біздің нарықта біраз италиялық компания жұмыс істейді. Олардың қатары қарқынды артып келеді. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз да ойдағыдай дамып жатыр. Сондықтан елдеріміздің арасында берік ынтымақтастық қалыптасқан деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


  Серджо Маттарелла екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайын жоғары бағалап, өзара стратегиялық серіктестікті кеңейтуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.


– Біз шын мәнінде барлық бағытта, соның ішінде саяси, экономикалық, сауда және мәдени салаларда тамаша байланыс орнаттық, – деді Италия Президенті.


  Мемлекет басшысының айтуынша, Италия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің арасында үшінші орын алады, сондай-ақ экономикамызға қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда айналымы 20 миллиард долларға жуықтаған.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Халықтың жалпы саны бойынша әйелдер үлесі - 51,1%
    Украина мен АҚШ арасындағы сирек кездесетін минералдар бойынша келісімге жақын күндері қол қойылуы м

    Ұқсас тақырыптар