Ресей президенті Владимир Путин былай дейді:

Уақыты: 2025-03-16 Көрлімі: 230 Сипаттама

Ресей президенті Владимир Путин былай дейді: - Біз ұрысты тоқтату туралы ұсынысқа келіс...

IMG_6291.jpeg


Ресей президенті Владимир Путин былай дейді: 


- Біз ұрысты тоқтату туралы ұсынысқа келісеміз, алайда бұл әрекет қақтығыстың негізгі себептерін шешіп, ұзаққа созылатын бейбітшілікті әкелуге тиіс деп санаймыз.


- 30 күндік ұрысты тоқтату кезеңінде, Украина мобилизация ұйымдастырмайтынына, сарбаздарын дайындықтан өткізбейтініне және Украинаға қару берілмейтініне кепілдік бола ма? Бұл маңызды мәселе. 


- Мен кеше Курск облысында болдым. Әскери штаб басшыларының есебін тыңдадым. Курск облысы толық біздің бақылауымызда. Курсктен Украина сарбаздары техникаларын тастап, 2-3 адам болып шығуға тырысуда. Курсктегі украин сарбаздары үшін екі ғана жол бар. Тұтқынға берілу немесе өлу. Осындай жағдайда Украина тарапы үшін 30 күнге ұрысты тоқтату келісімі тиімді болар еді. 


- Ұрысты тоқтату жақсы идея, бірақ бірнеше нюанс бар. Курсктегі қалған украин сарбаздары не болмақ? Олар толық құрсауда қалуда. Біз не, оларды жіберуіміз керек пе? Олардың бейбіт халыққа жасаған сансыз қылмысынан кейін жібере саламыз ба? Немесе Украина билігі оларға қаруын тастауға бұйрық беріп, олар жай ғана тұтқынға беріле ме? Ол қалай іске аспақ? Бұл жағы түсініксіз болып тұр. 


- Басқа сұрақтар бойынша да сауалдар көп. Қазір Ресей әскері 2 мың шақырымға жуық майдан шебінде шабуыл жасауда. Ол жақта да бірнеше тұста ірі әскери бөлімшелерді құрсауға алу әрекеттері жасалуда. 


- 2 мың шақырымға созылған майдан шебі бойынша ұрыс қимылдары уақытша тоқтаса, онда уақытша келісімнің бұзылмауы қалай қадағаланады? Кім қадағалайды? Келісімді қай тарап бұзғанын қалай анықтайды? Бұның бәрі өте маңызды сұрақтар ғой.



https://t.me/paranoiakz сайтынан 

Пікір жазу
  • Қытай, Ресей және Иран ядролық мәселе бойынша кездесу өткізеді
    Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне қол қойды

    Ұқсас тақырыптар