14 наурызда Бейжіңде Қытай, Ресей және Иран ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздер өткізеді. Кездесуге Қытай СІМ орынбасары Ма Чжаосюй, Ресей СІМ орынбасары Сергей Рябков және Иран СІМ орынбасары Казем Гариб-Абади қатысады.
Тараптар ядролық мәселе, Иранға салынған санкциялар және үш елдің БРИКС пен ШЫҰ аясындағы әріптестігін талқылайды.
Бұған дейін, 10 наурызда, Оман шығанағында Ресей, Қытай және Иранның Security Belt-2025 әскери-теңіз оқу-жаттығулары басталған еді.
https://t.me/atamekenbusiness_silkway сайтынан