Қытай алғаш рет сервистік роботтар өндірісіне қатысты ресми деректерді жариялады.
Қаңтар-ақпан айларында елде 91 мың өнеркәсіптік робот шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға көп. Ал сервистік роботтар өндірісі 36%-ға артып, 1,5 миллионға жетті. Олар негізінен жеткізу және тазалау қызметтері үшін қолданылады.
Қытай қазірдің өзінде әлемдегі ең ірі робототехника нарығы саналады. Елде орнатылған өнеркәсіптік роботтардың үлесі жаһандық көрсеткіштің жартысынан асады.
t.me/atamekenbusiness_silkway арнасынан