Путин мен Трамп арасындағы телефон әңгімесінің негізгі тезистерін жариялады

Уақыты: 2025-03-19 Көрлімі: 202 Сипаттама

The White House Путин мен Трамп арасындағы телефон әңгімесінің негізгі тезистерін жариялады....

IMG_6311.jpeg

The White House Путин мен Трамп арасындағы телефон әңгімесінің негізгі тезистерін жариялады. 


— Бүгін президент Трамп пен Путин Украинадағы соғысты мызғымас бейбітшілікпен аяқтау туралы сөйлесті. АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру жайлы талқылады. 


— Президент Трамп пен Путин Украина мен Ресей тарапынан соғысқа кеткен қаржы мен адамның қисапсыз шығынын айтып, ол ресурсты өз халықтарын дамытуға жұмсауға болатынын айтты. 


— Екі ел басшысы ұрыс қимылдарын тоқтату энергетикалық сала мен инфрақұрылым саласына соққыны тоқтату, Қара теңізді қауіпсіз аймақ ету жайлы пікір алмасты. Ұрыс қимылдарын тоқтатуға қатысты келіссөздер дереу арада Таяу Шығыста өтеді. 


— Таяу Шығыстағы тақырыптар да сөз болды. Стратегиялық қару түрлерін таратпау жайлы айтылды. Екі елдің басшысы да Иранның Израильге қауіп төндіретін жағдайда болмау керектігін айтты.

CNN: Путин Трамппен әңгіме барысында Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатудың алғышарты ретінде Киевке берілетін шетелдік әскери көмекті толық тоқтатуды және барлау ақпаратын бермеуді сұраған.



https://t.me/paranoiakz телеграм арнасынан

Пікір жазу
  • Қытайда сервистік роботтар өндірісі өнеркәсіптік роботтарды басып озды
    Қайта өңдеу деңгейі 26%-ды құрайды

    Ұқсас тақырыптар