Қайта өңдеу деңгейі 26%-ды құрайды

Уақыты: 2025-03-27 Көрлімі: 73 Сипаттама

Қайта өңдеу деңгейі 26%-ды құрайды. Олжас Бектенов қалдықтарды басқару саласындағы жоба...

IMG_6364.jpeg

Қайта өңдеу деңгейі 26%-ды құрайды. Олжас Бектенов қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды іске асыру жұмысын күшейтуді тапсырды 


   ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқарудың жай-күйі мен алдағы жоспарлары қаралды. 

 

   Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдықтар түзіледі, ал 2024 жылы кәдеге жарату деңгейі шамамен 26%-ды құраған.

 

   Премьер-министр экологиялық ахуалға, халықтың денсаулығы мен тұрмыс сапасына әсер ететін қалдықтарды басқарудың маңыздылығын атап өтті. 


«Қалдықтарды басқару жүйесін дамыту үшін былтыр елімізде арнайы жеңілдікпен қаржыландыру тетігі бекітілген болатын. Бүгінде 94 жобадан тұратын пул жасақталды. Алайда, оларды іске асыру барысы мүлдем мардымсыз. Бүгінде 67 жоба қаралған. Соның 6-уы ғана 4 млрд теңге сомасында қаражатпен қамтамасыз етілген. Бұл жобаларды дайындау барысында әкімдіктердің тарапынан үйлестіру шараларының жеткіліксіз екенін білдіреді. Жобаларды іске асыру, жабдықтарды жаңарту, жаңа технологияларды енгізу бойынша барынша белсенді жұмыс жүргізу керек»,

 —  деп атап өтті Олжас Бектенов.


   Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Өнеркәсіп қорымен және әкімдіктермен бірлесе, қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды іске асыру жұмысын күшейту тапсырылды. Үш ай мерзімде бекітілген тізімнің ішінен қаржы бөлінген жобалар санын кемінде 5 есеге арттыру қажет. Бұл ретте, өңір әкімдіктері қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі әрбір жобаға олар іске қосылғанша толық қолдау көрсету маңызды.



Ukmet телеграм арнасынан 

Пікір жазу
  • Путин мен Трамп арасындағы телефон әңгімесінің негізгі тезистерін жариялады
    Қытайдың Алматы қаласындағы бас консулдығы хабарлайды

    Ұқсас тақырыптар