Қытай 2026–2030 жылдары Күнді зерттеп, Жерге ұқсас жаңа планеталарды іздеуге кіріседі

Уақыты: 2025-11-25 Көрлімі: 4 Сипаттама

Қытай ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер орталығы алдағы бес жылда бірнеше ірі ғ...

IMG_9255.jpeg

Қытай ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер орталығы алдағы бес жылда бірнеше ірі ғылыми жоба іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл миссиялар Ғаламның қалай қалыптасқаны мен өмірдің пайда болуын тереңірек зерттеуге бағытталады.


Басты бастамалар:

• «Хунмэн» жобасы – Айдың арғы бетіне 10 спутник жіберіледі. Олар бірігіп төмен жиілікті радиотелескоп құрап, ғарыштың тереңінен келетін өте әлсіз сигналдарды анықтайды. Бұл алғашқы жұлдыздар пайда болғанға дейінгі кезеңді зерттеуге мүмкіндік береді.

• «Куафу-2» аппараты – Күннің полярлық аймақтарын орбитадан бақылайтын әлемдегі алғашқы спутник болмақ.

• «Жер 2.0» іздеу миссиясы – өмір сүруге қолайлы аймақта Жерге ұқсас планеталарды анықтауды мақсат етеді.

• Жаңа ғарыш телескопы – Жер атмосферасынан тыс жұмыс істеп, ғарыштағы өте жоғары энергиялы құбылыстарды, соның ішінде аса тығыз жұлдыздар айналасындағы аймақтарды бақылайды.


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • “Менің ағаларым” кітабы таныстырылды
    Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

    Ұқсас тақырыптар