
Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекі мемлекет қайраткері, ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің “Менің ағаларым” эсселер кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Автор өз сөзінде бұл эсселердің әр жылдары жазылғанын және өзінің осы жанрдағы еңбегі жалғасып жатқанын айтты. Өмірінің білім жинаған және мемлекеттік қызметті атқарған жылдарындақамқорлығын көрген, тәлімін алған әрі Қазақстан Республикасының түрлі кезеңінде мемлекеттік, ұлттық мүдде және ғылым үшін аянбай күресудің үлгісін үйреткен тұлғалар туралы жазуды парызысанағанына тоқталды. “Эсселердің тақырыптарына қарап-ақ, қазақ қандай халық дегенге толық жауапалуға болады”, – деді автор.
«Атамұра» баспа корпорациясы шығарған кітапта академиктер Манаш Қозыбаев, Салық Зиманов, Шаһмардан Есенов, Өмірбек Жолдасбеков, Зейнолла Қабдолов, Рымғали Нұрғалиев, Төрегелді Шарманов, профессорлар Темірбек Қожакеев пен Камал Смайылов, “Қазақстанның Халық Қаһармандары” Рақымжан Қошқарбаев пен Қасым Қайсенов, заманның заңғар тұлғалары болған қайраткерлер сәулетші Шот-Аман Уәлихан, мәдениеттанушы, дипломат Мұрат Әуезов, драматург Қалтай Мұхамеджанов туралы ыстық әсерлер мен тың деректер молынан кездеседі. Кітаптағы «Асылзада» эссесі – автордың қолына алғаш қалам ұстатып, «Әліппеден» бұрын қасиетті «Құранды» оқытқан әкесі Абрар Әкетайұлына сиямен сомдаған ескерткіші. Бұл эсседекейіпкердің балалық шағынан басталған өмір жолыкөркем суреттеледі.
“Менің ағаларым” кітабының тұсауын Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Ақұштап Бақтыгереева мен Кәдірбек Сегізбай, Ұлттық кітапхананың директоры Ғазиза Құдайберген кесті. Таныстырурәсімінде ғалымдар мен қаламгерлер қауымының атынан сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Кәдірбек Сегізбай, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева, филология ғылымының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, медицина ғылымының докторы, АҚШ университетінің профессоры Алмас Шарман, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбай, Халықаралық “Алаш”сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистикафакультетінің деканы Қанат Әуесбай және Ұлттық кітапхананың директоры Ғазиза Құдайбергенқызы кітаптың жылдар бойы жинақталған зерттеулерден, үлкен архивтердің терең қойнауынан табылған деректерден тұратынын атап өтті. Эсселергекейіпкер болған он бес тұлғаның өмірлері ұрпаққа өнеге екені кеңінен қамтылғанына тоқталды.
“Менің ағаларым” кітабының терең мәнін таныстыру рәсімін жүргізген “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып: “Академик Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед ұрпаққа шамшырақ боларлық бір кітап арқылы он бес шамшырақты қатар жағып, қалың елге ұсынып отыр” деген сөзімен түйіндеді. “Менің ағаларым” кітабы он данадан Алматыдағы көпшілік және ғылыми кітапханаларға таратылды.






