Бірқатар БАҚ өкілдері сауал жолдады

Уақыты: 2026-01-23 Көрлімі: 18 Сипаттама

Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде...

IMG_9706.jpeg

Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. 


Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі.


Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.



Aqorda телеграм арнасынан 

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді
    Қосылған құн салығы бойынша тіркелу үшін салық өтінішін тапсырудың қадамдық нұсқаулығы

    Ұқсас тақырыптар