
1. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру туралы өтініш беру үшін Салық төлеушінің жеке кабинетіне кіріп, «Құжаттарды тапсыру» батырмасын басыңыз.
2. Іздеу жолағына салықтық өтініш атауының бір бөлігін жазыңыз.
3. Қажетті өтінішті таңдап, «Тапсыру» батырмасын басыңыз.
4. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою тәртібін таңдаңыз. Маңызды: Жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылдан бастап салықтық өтініш негізінде ҚҚС есебінен шығару жүзеге асырылмайды.
5. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде растау белгісін қойып, мемлекеттік кірістер органының кодын тексеріңіз және «Қалыптастыру» батырмасын басыңыз.
6. Баспа нысаны қалыптасып, деректердің дұрыстығын тексергеннен кейін «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз.
7. Өтініштің мәртебесін «Құжаттар» қосымшасындағы «Менің құжаттарым» журналынан көруге болады.
8. Мәртебе түрлері: «Қабылданды» – құжат сәтті қабылданып, өңделгенін білдіреді. «Қабылданбады» – бас тарту себептері қабылдау/қабылдамау туралы хабарламада көрсетіледі.
9. Хабарламаны ашу үшін өтініштің үстінен басыңыз. Содан кейін «Қабылдау немесе қабылдамау туралы электрондық хабарламаны…» таңдаңыз.
10. Қабылдамау жағдайында қателік туралы ақпарат құжаттың төменгі бөлігінде көрсетіледі.
#САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
https://t.me/kgdmfrk телеграм арнасынан




