Енді Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады

Уақыты: 2026-08-17 Көрлімі: 10 Сипаттама

Дастан Кенжплин Еліміз ресми түрде Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) – шетелдік жұмы...

  Дастан Кенжплин 


Еліміз ресми түрде Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) – шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат беру жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

IMG_1453.jpeg


«Корея тарапының шешіміне сәйкес, Қазақстан Е-9 жүйесіне қосылған 18-ші мемлекет болды. Бүгінде бағдарламаның құрамында Қазақстаннан бөлек Филиппин, Моңғолия, Шри-Ланка, Вьетнам, Таиланд, Индонезия, Пәкістан, Камбоджа, Қытай, Бангладеш, Шығыс Тимор, Непал, Мьянма мен Лаос бар. Орталық Азиядан Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан да осы жүйеге мүше», делінген хабарламада.

Қазақстан азаматтарын Корея Республикасына жұмысқа тарту 2028 жылдан басталады деп жоспарланып отыр. Оған дейін үкіметаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою, сондай-ақ Қазақстанда корей тілінен тестілеу өткізетін EPS-TOPIK орталығын ашу сияқты бірқатар ұйымдастыру шараларын аяқтау қажет.

«Министрлік 2023 жылдан бері елімізді EPS жүйесіне қосу жөніндегі жұмысын бері жүргізіп келеді. Осы уақытта азаматтарды іріктеу мен даярлауға мүмкіндік беретін барлық қажетті рәсімдер кезең-кезеңімен орындалды. Биылғы жылдың қаңтарында Қазақстанға келген кореялық сарапшылар делегациясы жүйені іске қосуға дайындық деңгейін бағалаған болатын. Сарапшылар EPS орталығын құру, корей тілі бойынша тестілеуді ұйымдастыру, кәсіби дағдыларды бағалау, медициналық тексеруден өткізу және азаматтарды Оңтүстік Корея заңнамасының талаптары жөнінде ақпараттандыру мәселелеріне ерекше назар аударды», делінген одан әрі материалда.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, осы жұмыстардың қорытындысы бойынша корей тарапы Қазақстанның жүйеге қатысуға толық дайын екенін растады.

Атап айтқанда, қызметкерлерді әділ әрі ашық іріктеуді қамтамасыз ете алатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың, сондай-ақ тілдік даярлықты ұйымдастыруға, EPS орталығының жұмысына және медициналық тексерулер өткізуге қажетті инфрақұрылымның бар екені атап өтілді. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының аталған елде заңсыз болуына жол бермеу бағытындағы ынтымақтастыққа толық дайын екені расталды.

Осылайша, Оңтүстік Корея қабылдаған шешім Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шетелде заңды жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетті.

EPS жүйесіне қатысу Қазақстан азаматтарына мемлекеттер белгілеген рәсімдер шеңберінде Оңтүстік Кореяда ресми түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Жаңа тетіктің басты ерекшелігі – жұмысшыларды іріктеу делдалдар арқылы емес, тек ресми жүйе арқылы іске асырылады. Үміткерлер жүйеде көзделген барлық кезеңнен, оның ішінде корей тілі бойынша тестілеуден, кәсіби дағдыларын бағалаудан және медициналық тексеруден өтеді.

Еңбек министрлігі азаматтарға аталған рәсім ресми түрде іске қосылғанға дейін «Кореяға жұмысқа орналастыруды» немесе іріктеуден жедел өткізуді ұсынатын делдалдарға ақша бермеу қажет екендігін ескертеді.

Тіркелу мерзімдері, үміткерлерге қойылатын талаптар, тестілеуден өту тәртібі және өзге де кезеңдер туралы барлық ақпарат министрліктің ресми ақпараттық ресурстары арқылы жарияланады.

Негізі, елімізде халықты жұмыспен қамту бойынша біраз шаруа істелініп жатыр. Мысалы, бүгінде олардың 8,4 мыңы жұмысқа орналасып, 12 мыңға жуық азамат жұмыссыздар есебінен шығарылған. Ал Ресейге керісінше, Орталық Азиядан баратын еңбек мигранттарының саны азайып жатыр. Олардың басым бөлігі Қазақстанды таңдап отыр. Қолда бар мәліметке қарағанда, жыл басынан бері 200 адам мемлекеттік шекарадан жалған немесе бөтен адамның құжатымен өтпек болған. 

Egemen.kz телеграм арнасынан 

Пікір жазу
  • ҚАЗАҚ КӨШІ : ТАРИХИ МИССИЯДАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ САЯСАТҚА ДЕЙІН
    Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын қайта көтерді

    Ұқсас тақырыптар