
Дастан Кенжалин
Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің ашық түрде болып жатқанын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау учаскелерінде дауыс беруді 42 елден келген 777 байқаушы мен 13 халықаралық ұйымның өкілдері бақылап отыр.
Саяси доданы байқауға өз өкілдерін ТМД Байқаушылар миссиясы, ТМД Парламентаралық ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы, Еуропа Кеңесі және Түркі академиясы жіберді.
Сонымен қатар, отандық ұйымдардан 80 мыңға жуық байқаушы тартылды. Барлығы Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссиялары 258 ұйымды аккредиттеді. Сайлау науқаны кезінде ашықтық Орталық сайлау комиссиясының өз жұмысында да қамтамасыз етілді.
Комиссия отырыстары халықаралық байқаушылардың, саяси партиялар өкілдерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті. Оларға барлық өңірлердің аумақтық комиссиялары да онлайн қосылды. Отырыстар тікелей эфирде көрсетілді.
Дауыс беру дегеніміз бұл ең алдымен ел алдындағы жауапкершілік. Сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша елімізде 8 240 336 азамат дауыс берген.
Egemen.kz телеграм арнасынан




