Қазақстандағы өзгерістердің ауқымы кең

Уақыты: 2026-08-24 Көрлімі: 6 Сипаттама

Қазақстандағы Құрылтай сайлауын халықаралық байқаушы ретінде бақылау үшін арнайы кел...

Қазақстандағы Құрылтай сайлауын халықаралық байқаушы ретінде бақылау үшін арнайы келдім. Әріптестеріммен бірге Астанадағы бірнеше сайлау учаскесін аралап, дауыс беру барысымен таныстық. №128 сайлау учаскесі – біз бақылау жүргізген төртінші учаске.

IMG_1573.jpeg

Біздің басты міндетіміз – сайлау үдерісінің қалай ұйымдаст­ы­рылғанын, азаматтардың дауыс беруіне қандай жағдай жасалғанын және белгіленген рәсімдердің сақталуын бақылау. Осы уақытқа дейін болған учаскелерде дауыс беруге кедергі келтіретін қандай да бір жағдайды байқамадық. Ұзын-сонар кезек немесе дауыс беру үшін көп уақыт күтіп тұрған адамдар да кездескен жоқ. Жалпы, біз көрген учаскелерде дауыс беру үдерісі қалыпты ұйымдастырылған.

Халықаралық байқаушы үшін ең маңыздысы – азаматтардың өз таң­дауын еркін білдіруіне қажетті жағ­дайдың жасалуы. Сондықтан біз учас­келердегі дауыс беру рәсіміне, сайлау­шылардың қозғалысына, комиссия мүшелерінің жұмысына және жалпы ұйымдастыру мәселелеріне назар аударып отырмыз.

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси өзгерістер туралы да хабардармыз. Соның ішінде қос палаталы Парламенттен бір палаталы Құ­рылтайға көшу – ауқымды инсти­туционалдық өзгеріс. Бір палата­лы жүйенің өзіндік тиімді тұстары бар. Мұндай модель шешім қабыл­дау үдерісін жеңілдетіп, заң шыға­ру жұмысын ықшам әрі тиімді ұйым­дастыруға мүмкіндік бере алады.

Дегенмен Қазақстанға келудегі негізгі мақсатымыз – осы саяси шешім­дерге баға беру емес, сайлау үде­рісін бақылау. Конституциялық өзгеріс­тердің қоғам өміріне қалай әсер ететінін уақыт өте келе Қазақстан азама­т­тарының өзі бағалайды. Ал біз үшін бүгін дауыс берудің қалай өтіп жатқаны, азаматтардың өз таңдауын қандай жағдайда жасап жатқаны және барлық рәсімнің белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылуы маңызды.

Қазақстанның астанасы да бізге жақсы әсер қалдырды. Ауа райының жаңбырлы болғанына қарамастан, қаланың кеңдігі, көшелері мен заманауи сәулеті бірден назар аудартады. Астанада кеңістік көп, жолдары кең, ал ғимараттардың архитектурасынан қазіргі заманғы қаланың келбеті анық байқалады.

Құрылтай сайлауының қорытын­дысы Қазақстан халқының игілігіне қызмет етіп, елдегі демократиялық үде­ріс­тердің одан әрі дамуына оң ық­пал етеді деп сенемін.

Еуген ДУШАЛЛАРИ,

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі, халықаралық байқаушы

Egemen.kz телеграм арнасынан 

Пікір жазу
  • Еуразиялық интеграция институтының алғашқы Exit poll нәтижелері жарияланды
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар