«Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» «Қандаспен келген қазына» атты жаңа жобасын бастаған. Аталмыш жобаның басты мақсаты – Қазақстанға келіп, биік жетістікке жеткен қандастарымыз бен отандастарымызды қалың көпшілікке таныстыру.
«Отандастар қоры» әзірлеген жаңа жобасының кезекті қонағы - «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, әдебиеттанушы, сыншы Омарәлі Әділбекұлымен сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.