Тау басында ақылды мен ақымақ бірге келе жатып бір қап алтын, бір қап нан тауып алыпты. Ақымақ алтынды, ал ақылдысы нанды алыпты. Біреуі ауыр қап, біреуі жеңіл қап көтеріп ауылға тартыпты. Қабы ауыр ақымақ қарыны ашып, жолдасынан нан сұрапты. Бір нанды бір алтынға беремін депті ақылды. Осылай ауыстыра-ауыстыра ауылға жеткенде ақылдыға барлық алтын өтіпті де, ақымақ қарнын тойдырып, қолы бос жетіпті…
МОДЕРНИЗАЦИЯ 5.0
«Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді», – деп басталған Президент Назарбаевтың биылғы жолдауы.
Экономикалық және әлеуметтік саяси үрдістер 1760-1840 жылдар арасы бу машинасы пайда болуымен түбегейлі өзгергенін білеміз. Адамзат қол еңбегінен машиналарды құрастырып, меңгеруге бет алып, индустриялық кезеңге өтті.
Электроэнергия, іштен жанатын қозғалтқыштар, трансатлантикалық телеграф және радио сияқты өнертабыстар пайда болған, әсіресе, болат өндірісінің әдістері дамыған 1870-1913 жылдар арасындағы кезең екінші өнеркәсіптік революция деп аталды.
Үшінші индустриалды революция немесе цифрлы (digital) революция электрондық және механикалық құрылғылар аналогының қазіргі заманғы цифрлық технологияларға дейінгі технологиялық жетістігіне қатысты. Ұшақ пен ғарыш, компьютер мен IT-технологиялардың қалыптасып, қолданысқа енуі – соның айғағы.
«Индустрияландыру 4.0» болса – робототехника, жасанды интеллект, нанотехнология, кванттық есептеу, биотехнология, заттар интернеті (Internet of Things), үшөлшемді баспа (3D printing) және дербес автокөліктер дәуірі. Адамзат қазір осы басқышта.
Бұл технологиялар интернеттегі миллиардтаған адамдарды байланыстыруға, бизнес пен ұйымдардың өнімділігін едәуір жақсартуға және активтерді тиімді басқару арқылы табиғи ортаны қалпына келтіруге көмектесу үшін едәуір ықпал етері сөзсіз. “Индустрияландыру 4.0” термині 2016 жылы Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда алғаш рет айтылды.
Осыдан бір жыл өткен соң 2017 жылы маусым айының басында Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ 2017 жылға арналған Жапониядағы өсу стратегиясын жариялап, әлемге алғаш «Қоғам 5.0 (Society 5.0)» терминін жариялады. Біз ол кезде тіпті 4.0-ді де ести қоймағанбыз. 4.0-ге қатысты ұғым асылы тек өнеркәсіппен байланысты емес, адам тұрмысының тұтастай өзгерісі.
Ұлы қоғамдық трансформация жоспары Жапонияға жарасады. Оның концепциясында ұшатын көліктер (Flying machines), ақылды тұрмыстық техникалар (Smart home appliances), қажымайтын көмекшілер (Tireless helpers), ауыр еңбек атқаратын роботтар, сауда мен саяхатта алып «бұлттар», тасымал мен транспорт саласындағы «жаңа батырлар» бар. Иә, өнеркәсіптік революцияның біз естімеген бесінші кезеңі.
***
Хош дейік, ғылымның өзге өркениетке бастар даңғыл жолы жалтырап жатыр ма? Көзіңізді бір ашсаңыз құлдыраған экономика, сауда соғыстары, миллиондап босқан мигранттар…
Мына әлем кімдікі? Кім қандай кейіпте? Дүние тарихын, даму методологиясын білмей саясатпен айналысу мүмкін емес. Статистикалық мәліметтерге сүйенген экономиканың дәурені өтті. Ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Өркениет прогресі шыт-жаңа бейнеге енді. Озғандар қайда? Сіз бен біз қайдамыз…
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕҢСЕЛІС САУДА СОҒЫСЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МА?
Сөздің басынан XXI ғасырдың жанжалы жаһаншылдар мен капиталист жүйенің араздығы екенін ескертейін. Бұл ұғымдарды мақаланы аяқтағанға дейін түсіндіремін.
АҚШ билігі Қытайда өндірілген тауарларға 50 миллиард долларлық кеден салығын жүзеге асыруы әлемде жаңа бір сауда соғысының өртін тұтандырды. Тіпті бүгін жалпы құны 200 миллиард доллар болатын тауарларға 10 пайыз салық алу күнтәртібіне шықты. Шын мәнінде бұл – Трамптың Американы қорғап қалғысы келетін талпынысынан туған қадам.
Америка Құрама Штаттарының Сауда өкілі (USTR) жариялаған тауар құнына 25 пайыз көлемде салынатын кеден салығы 16 миллиард доллар болатын тауарлар тізімінде мотор майы, этилен, винилхлорид, акрил полимерлері және жартылай өткізгіштерге қатысты 279 түрлі тауар бар. 23 тамыздан бастап жүзеге асты.
Ал Қытайдың қорғаныс, авиация және өңдеуші секторларына бағытталған кеден салығының 7 шілдеде қолданысқа енген алғашқы бөлімінде ядролық реакторлар, газ турбиналары, ауа және газ сұйылтқыштары, пештер және коммерциялық ыдыс-аяқ жуғыштар сияқты 34 миллиард доллар шамасындағы 818 тауар бар болатын.
АҚШ-тың Қытайды 50 миллиард доллар салық төлеуге жығатын жаңа әрекеті Трамптың сайлауалды бағдарламасында айтылған. Біз де «Сауда соғысы» ұғымын сол кезден естідік. Сауда соғысы – сауда қатынасындағы екі елдің бір-бірімен сауда шарттары арқылы күресуі. Бұл соғыстың басты қаруы кеден салығы мен импорт-экспорт квоталары. Айталық, бір ел сауда тарифтерін көтереді, екіншісі осыған ұқсас жауап қайтарады. Саудадағы кеден салығы арқылы жасалған соққылары бір-бірінің экономикасына зиян келтіруі, тіпті екі ел арасындағы саяси шиеленісті күшейтуі мүмкін.
Шын мәнінде, АҚШ-тың Қытаймен текетіресі тек бұған байланысты емес. Америка Қытай гегемониясының күшеюінен алаңдап, статус-квосының Айдаһар еліне ауып кетуінен алаңдайды. Одан да маңыздысы Америка техно-капиталдың Қытайға қарай ауып, әлемнің жаңа дизайны Қытайорталықты (қытайшыл) болып бара жатқанына қынжылады. Бұндағы Америка деп отырғанымыз – Трампты қолдаушы ұлттық мемлекет иелері.
Сондай-ақ, Қытайдың оңтүстік теңіздерінде жасанды аралдар құрып милитаризациялануын АҚШ оң қабылдамайды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болған Рекс Тиллерсон «Қытай аралдардағы құрылысты тоқтатудың қажеттігін түсінуі тиіс» деп қатқыл мәлімдемелер жасаған.
Тиллерсон Қытайдың мөлшерсіз бір деңгейде Африка елдеріне, даму үстіндегі елдерге кредит беретінін де қатты сынайды. Оларды өтей алмайтын деңгейде қарызға мүшкіл етіп, жолдарына, порттарына қол салуды көздейтінін айтады. Біз де Қазақстанның осындай кіріптар халге түсуінен қорқамыз. Африка – жер асты, жер үсті байлығы игерілмеген әлі де тың өлке. Тиллерсон өз елінде саясаткер ғана емес, мұнай магнаты. Жаны шығатыны да содан.
Мұнай демекші, Жалпы, Американың дерті – тек ішкі өндіріс емес. Әлем бет алып бара жатқан дедолларизацияның жолын кесу. Сауд Арабия королі Салманның тақ мұрагері Мұхаммед Салман Twitter-дің 43% акциясына ие. Батыстық ойыншылармен қатынасы жақсы. Өзінің аға-бауырлары Сауд ханзадаларын өткен жылы қарашада бір күнде тырп еткізбей қамауға алғаны естеріңізде шығар. Қытай ол ханзадаларға Бейжіңде құрған энергия биржасында мұнай саудалауды ұсынған, әрі сауда валютасын юаньмен жасауға иландырған. Осы аралықта ханзадалар қамаққа алынып, олардың миллиардтаған долларлары бұғатталды. Өйткені іске Трамп араласты. Егер OPEC мұнай саудасын юаньмен жасауға көшсе, доллардың күні бітер еді. Себебі доллар алтын мен күмістен гөрі көбірек мұнайға индекстелген. Алайда Сауд Арабия королі оған жол бермеді. Абсолютті монархия билігіндегі Сауд Араб елінің ең алпауыт қаржы көзі Saudi Aramcoмұнай компаниясы Трамппен мәжбүрлі түрде жұмыс істеп отыр. Жақында Шанхай қор биржасында саудалануы мүмкін.
Айтпақшы, Трамп позициясы жаһаншылдардың жолын кесе берсе Америкада әскери төңкеріс орын алып, Трамп отставкаға жіберіліп, билікке Майк Пенс келуі мүмкін. Ол келсе әлемде соғыс болады деген сөз.
ДОЛЛАРДЫ ШЫҒАРУШЫ FED, КҮЙРЕТУШІ КІМ?
Америка туралы айту үшін Федаралды резервтік банк (FED) туралы айту керек.
1836-1913 жылдар арасында Америкада орталық банк болған жоқ. 1791 жылы орталық банк құрылған. Американың жетінші президенті Эндрю Джексон «Джексон келеді, Орталық банкті жабады» деген ұранмен президент болған. Сол жабылғаннан 80 жыл орталық банк болмады. 1913 жылы арнаулы дағдарыс кезінде банкирлер жасырын түрде орталық банктің заңын жазып, Сенаторлар демалыста болғанда Конгрестен өткізіп, 23 желтоқсанда қайта құрған.
FED-тің Басқару кеңесі – банктік жүйені басқаратын ең жоғарғы орган. Оның құрамына АҚШ-тың Президентімен ұзақ уақытқа (14 жылға) тағайындалатын (Сенаттың келісімінен соң) 7 негізгі мүше кіреді. Олар Президенттің рұқсатынсыз қызметтен босай алмайды. Басқару Кеңесі Сенатқа емес, ең жоғарғы заң шығарушы орган — Конгрестің алдында есеп береді. Басқару Кеңесінің мүшелері мемлекеттік ұйымдардың, резервтік банктердің және ірі өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, сауда және банктік монополиялардың өкілдерінен сайланады. Жалпылама айтсақ, FED – мемлекеттік емес, жеке секторға тиесілі.
FED — 8 әулеттің меншігінде: Төртеуі Рокфеллер әулетінің ықпалында. Goldman Sachs, Lehman Brothers, Kuhn және Rothschild. Американың сауда министрі қашан да Ротшильдтерден шығады. Америка сыртындағы 4 әулет Warburg, Laser, Moses, Schiff. Бұлардың бәрі арғы тарихында Британиядағы екі бөлек тармақтан тарайды.
FED-ті мемлекет меншігіне алуға тырысқандар да болған. Кеннеди банкті ақша басу құқығынан айырған соң көп өтпей ажал құшты.
Ротшильд, Рокфеллер сияқты әулеттерді бір отбасы ретінде қарамау керек, олардың мемлекет құрылымынан да жүйелі іштей корпоративтік құрылымдары бар.
1978 жылы Вашингтон келісіміне сай, ХВҚ (халықаралық валюта қоры), Дүниежүзілік банк және Америка қазынасы АҚШ-тың орталығында болатын жаһандық еркін нарықтық тәртіпті болжады. АҚШ (және Батыс) капитализмі бүкіл әлемді, халық пен халықты бір-бірімен тығыз байланыстыруы тиіс болды. Бұл батыстық капиталистік нарықтық империя болар еді. Онда,
– Сауда саясаты ашық және еркін болуы;
– Валюта бағамының кедергісіз, килігусіз болуы, еркін нарық мәселесі бір жола шешілуі;
– Капитал ағысы шектеусіз болуы, әлемдегі экономикалық шекаралар алынуы тиіс болатын.
Алайда FED осы келісімнен кейін алтынға индекстелген доллар байланысын бұзып, жауапсыз баланссыз түрде доллар басуға көшті. Осының кесірінен көп өтпей Шығанақ соғысы (Парсы шығанағындағы соғыс) басталып, соңы 40 жылдан кейінгі 2008 жылғы әлемдік дағдарыспен аяқталды.
ДОЛЛАР
Келешекті білгісі келген ең арттағыны білуге тиіс. Жаһаншылдар дедік, ұлттық мемлекет америкашылдар дедік. Доллар дедік. Біраз шегініс жасайық.
In God We trust! Біз тәңірге сенеміз! Долларды көп ұстап жүрмесек те, оған ілескен аңыздар мен құпияларды талай естіген шығарсыздар. 2005 жылы қарашада мынадай бір қызық болған. 1 долларлық банкноттың бетінде осындай ұран таңбалануы зайырлылыққа қайшы деп, Америкада бір адвокат долларды сотқа берген. Зайырлылық туралы құқық қорғап жүрген Michael Newdow Калифорнияда сотқа жүгініп, доллар бетінен аталған жазуды алып тастау мәселесін көтерген. Ол оған дейін де зайырлылық принциптерін алға тартып, оқушылар қабылдайтын «Америка антында» жазылған «Біз тәңірдің таңдаулы халқымыз» деген сөзге де қарсы болған.
«In God We trust» 1864 жылы 9 желтоқсаннан айналымға енген 2 центтің үстіне таңбаланған. 1865 жылы 3 наурыздағы заңмен күміс және алтын монеталарға да бедерленген. Ал, 1957 жылдан бастап банкнот бетіне жазылды. 1957 жылғы 1 қазанда «Біз тәңірге сенеміз» деп жазылған қағаз ақша айналымға кірді. 1964 жылы наурызда 5 доллар, сол жылдың сәуірінде 10 доллар, қазан айында 20 долларлық банкноттар шығарылды. 50 және 100 долларлық банкноттарға 1966 жылы қыркүйекте жазылды.
Доллар — адамдардың алым-берім қатынасын баланста ұстайтын жай ғана бір экономикалық құрал ғана емес. «Жоғарғы сананың» сенімге сүйенген, жасырын хабарламаларын таңбалаған ғажайып мүлкі.
Доллар бетінде 3 түрлі басты ұран бар. Алғашқысын жоғарыда айттық. Annuit cœptis — жоспар сәтті жүзеге асады, яғни бастаған істі бітір деген сөз. Novus ordo seclorum — жаңа әлемдік тәртіп. Осы үш ұранды таңбалаған «жоғары сана» медиа, қаржы салаларында, құпия қызметтерге үстемдік етеді.
Доллар бетіндегі бүркіт орнына алғашқыда өздігінен жанып, қайта қалпына келу қабілетіне ие аңыз құсы фениксті таңбалаған. Кейін үлкен дау болған соң, оның орнына елдің елтаңбасындағы қыран бүркітпен алмастырылған.
1988 жылғы Economist журналының мұқабасында феникс құсы, астында алаулап жанған доллар, құстың мойнында криптовалюта бейнеленген. Әрі 2018 жыл тұспалданған. Біз төменде криптовалютаны әлі талқылаймыз.
Доллар бетіндегі Қыранның бір аяғына 13 жебе, басқа аяғына зәйтүн бұтағын ілген. Зәйтүн бұтағы дәстүрлі 13 жапырағы мен 13 зәйтүнімен бейнеленген. 13 саны – 1492 жылы Америка құрлығы “ашылғаннан” бері XVIII ғасырдың ортасына дейін онда қоныс тепкен 13 колония мағынасын береді деп түсіндіріледі. Алайда, 1307 жылғы 13 қазанда Франция Королі Филипп Крест жорығын жасаушы Рыцарьларды тұтқындап, өртеген. Бұл тарихта 13-і күнгі қара жұма ретінде қалған. Сол датаға арналған ескерткіш болуы да мүмкін. Әлемді алақанында ұстап отырған 13 әулеттің де символдық мәні дейтіндер бар.
13 санының астарлы мәні көп. Інжілде Иса Мәсіхтің де соңғы асында 13 адам болып отырғаны, қалған 12-нің бірі оған қастық жасағаны айтылады. Қыран тістеген лентадағы 13 таңбалы жазудан құралған «E pluribus unum» – «көптің ішіндегі жалғыз» немесе «көпшіліктен бірлікке» деген мағынадағы сөз. Бұны Американы қалыптастырған 13 колонияның ұйымдасуы деп түсіндіретіндер де жоқ емес. Алайда бұл сөздің 3 мың жыл бұрынғы Шумер жазбаларынан алынғаны туралы сөз бар.
Ең жаңашыл мемлекет Америка доллар бетіне ең көне мысырлық пирамида бейнесін,72 кірпіштен қаланған құрылыс суретінде Мысырдың 72 мифтік құдайының атын таңбалаған. Бажайлап ойлансаңыз, Американы Мысырмен байланыстыратын ештеңесі жоқ, христиандардың да, сионистердің де қатысы жоқ. Алайда пагандардың қатысы бар. Пирамида үстіндегі жалғыз көз – грек мифологиясындағы Поростың көзі. Аңызға сай ол табыстың, пайданың құдайы. Құдайлардың бір тойында кедейлік құдайыПениямен отасқан. Кейбір деректерде даналықты бейнелеуші құдай-ана Метиданың ұлы. Ал, оның мұсылман дініндегі прототипі — ислам діні сенімінде ақырзаман жақындағанда пайда болатын жалғыз көзді тажал. Жалғыз көз – бәрін де көреміз, бақылаймыз мағынасын береді. Христиан нанымы бойынша, ол – шайтанның көзі. Жалғыз көз Иллюминаттардың символы дейтін де пікір бар. Оған сәйкес доллар бетіндегі пирамиданың табанында рим цифрымен 1776 жыл, 1 мамыр уақыты белгіленген.
1944 жылға дейін Әлемдік ақша бірлігі ағылшын фунт стерлингі болды. Сол уақыттан бастап АҚШ доллары әлемдік айналымға енді. АҚШ ол кезде «Ей достарым, бәріміз коммунистік блокқа қарсы доспыз! Біз долларды АҚШ FED кассасындағы алтын өлшемі балансында басып отырамыз» деді. Яғни, тепе-теңдік сақталады деді. Алайда, 1971 жылдың 15 тамызында бір унция (1ounce = 31,1 грамм) алтынның құны $35 болса, 2016 жылы $1350-ге дейін жетті (қазір $1210 шамасында). 1973-1974 жылдары Әлемде «ақша және мұнай операциясы» болды. Мұнай қолдан қымбатталды. Осы уақытта алтын бағасы өсіп, жоғарыда айтқанымыздай долларды басып шығару алтын қорына тәуелсіз өзгеріп кетті. Бұның бәрінің артында Рокфеллер отбасы тұр. Содан бері криптографиялық ақшалар (цифрлы ақша) әлемді билеушілердің дегенін істетуіне зор көмек болып отыр.
2016 жылы Әлем бойынша ЖІӨ 85 триллион доллар болса, жалпы айналымда жүрген ақша 855 триллион долларға жеткен. Бұл – шын мәнінде доллардың бей-берекет басылғанының дәлелі. Әлемдік дағдарыстың да себебі осында жатыр.
1813-1815 жылдардағы алғышын-француз соғысынан бері қарай Британияның ұлттық банкінің шынайы иесі – Ротшильдтер әулеті.
Ақша, дін, саясат – үштаған іспетті. Саясат – ешқашан шындық емес, ол қотарма ойындар ғана.
Твиттерде 107 миллион (осы платформадағы ең көп оқырманы бар тұлға), Инстаграмда 72 миллион жазылушысы бар әнші Кэти Перри “жалғыз көзді” символды көп көрсетеді. Леди Гага да “жалғыз көзді” дәріптеушілердің бірі. Бұлар сияқты көптеген өнер жұлдыздарында бұл белгі бар. Әлеуметтік желідегі бас июшілері бірнеше жүз миллиондаған жастар, табынушылары соларға қарап бой түзейді. Бір қызығы Леди ГагаДжонс Хопкинс университетінде талантты жастар жобасында (Johns Hopkins Center for Talented Youth) тәрбиеленген. Facebook құрушысы Марк Цукерберг те сол университеттен шықты.
Google-дің, Facebook-тің құрушыларының бәрі де шын мәнінде Колумбия университетінің «болашақ уәде етілген» түлектері. Олардың дарынын байқаған мемлекет оларды CIA (орталық барлау агенттігі) арқылы орағыта қаржыландырып, олар арқылы Әлемді бақылауына алды.
Әйтпесе, университеттерде ешқандай да білім алар жағдайы жоқ, жағдайсыз жастар, аш студенттер әлемнің әр жерінде бар, әрі олар әрқашан қателік жасайды.
Доллар бетіндегі пирамидада алтыбұрышты белгі жасырылған. Айтпақшы, 2016 жылы айналымнан шыққан Қытайдың 1 юань банкнотында сионизмның алтыбұрышты таңбасы болғанын біреу білсе, біреу білмес. Сионизм белгісін дүниежүзі бойынша архитектурадан көптеп байқауға болады.
Юань туралы сөз қозғаған соң Қытай туралы айтайық. Қытайды «жоғарғы сана» XIX ғасырда қолға түсірді. Суреттегі Израэль Эпштейн Маомен бірге Қытай қорғау лигасында болған.
IX ғасырда өмір сүрген Ислам тарихшысы Мұхаммед ибн Джәрир әт-Табаридың кітабы бойынша, Қытайдың түп атасы – Адамның ұлы Қабыл. Әбілді өлтірген. Сол Қабылдың ұлының есімі Юань болған. Қазіргі Қытай валютасының атауы.
ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕДЕГІ ҚЫТАЙ
Қытайдың қалыптасу тарихы, географиясы, саяси салмағы бәрімізге түсінікті. Көңіл аударатын тұсына тоқталайын. Қытай апиын соғысынан кейін Батысқа біржола кіріптар болды.
Қытайдың көмір кеніштерін XX ғасырдың басынан бері Рокфеллерлер жұмыс істетіп келеді, Денсаулық саласында да олардың үлесі айтарлықтай. Қытайдың шетелге салып отырған инвестицияларының бәрі 50 пайыздан жоғары Қытайда жерлескен шетелдіктерге тиесілі.
Оның үстіне Қытайдың түпкі иесі саналатын, Рокфеллер әулетінен атақ даңқы кем түспейтін Ли әулеті (Lee, 李) бар. Танымал тұлғаларын айтсақ, Ли Кашин (李嘉誠) сияқты миллиардерлері қазір жер басып жүр. Ол құрған Cheung Kong Holdings бес құрлықтағы 18 елде 44 портқа иелік етеді. Wikileaks Қытайдың бүкіл электр жүйесі Ли Кашиннің бақылауында екенін жазған.
ҚХР құрушыларының бірі Ли Пэн (李鹏) – Қытайдың төртінші премьері. Алғашқы премьер, Мао-дан кейінгі екінші адам Чжоу Эньлайдың өкіл ұлы ретінде ер жеткен Ли Пэн өте ықпалды әрі сыртқы саясатта да аса танымал болды. Румынияны екі рет басқарған Ион Илиескудың сыныптасы Ли Пэн 1989 жылғы Тяньаньмэнь қырғынының басты айыптысы ретінде сипатталады. Алайда оның экономикалық шешімдерінің арқасында 90-ыншы жылдардың аяғында Қытай әлемдегі 20 алпауыт елдің арасына бірақ секірді.
Оның ұлы Ли Сяопэн China Huaneng корпорациясын басқарған. Қазіргі уақытта ол – Шаньси провинциясының вице-губернаторы. Қызы Ли Сяолинь China Power Investment корпорациясының вице-президенті.
Бүгінде Ли фамилиялы 100 миллионға жақын адам бар екенін білмейтін де шығарсыз. Тек Қытай ғана емес, Корея, Жапония, Сингапур, Филиппин және Оңтүстік Азияның бірнеше елінің негізгі билігі Ли әулетінде деп айтылады. Сингапур Премьер-Министрі болған аңызға айналған Ли Куан Ю, Самсунг төрағасы Ли Гонхи – жарқын мысал. Ли әулеті – 618-жылдан 906-жылға дейін ғұмыр кешкен Таң патшалығының негізін қалаушы. Осы патшалық кезінде алғаш рет қағаз ақша басылған. Бірнеше ғасырлар бойы Ли әулеті теңіз сауда флотына иелік етіп келеді.
XVII ғасырдан бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан Триада (三合會) қылмыстық ұйымының иесі де осы Ли әулеті екені айтылады. Біз танитын Қытайдың әлемге аты жайылған әртістерінің бәрі Ли фамилиялы екенін ұмытпаңыз.
Сондай-ақ, Қытайдың тізгіні Ли әулетімен қоса Russell кланы қолында.
Қытайдың ең ірі әрі көне банкі Қытай банкінің (Bank of China— 中国银行) оффшордағы 40 пайыз акциясы Американың ең көне банкі The Bank of New York Mellon-дікі екенін еш білмейміз. Өткен жылы қазанда Қазақстан ұлттық қорының 22,6 миллиарды NYT Mellon-да бұғатталған. Бұл біздің болашағымыздың 40 пайызы еді.
Қытайды қазір бір супер күш қолданып отыр. Ол Си Цзиньпиннің Модерн социализмдеп ат қойылған жаңа саясатына бүркенген. Си Циньпиннің әкесі Маоға оппозициялық көзқараста болып жер аударылған. Сондықтан да Сидың жастық шағы ішкі Қытайдың кедей аудандарында қара жұмыс істеумен өтті. Алайда ол бір ғажайып күштің көмегімен Қытай билігі басына келді. Келіп қана қойған жоқ диктатурасын бір жола орнатты.
«БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ»
«Әлемге жаңа тыныс береміз. Ғылыми байланыстар мен сауда қатынастары, адами мәдени байланыстар, диалогтар, діндердің татулығы мен мәдениеттердің бірігуін қалыптастырамыз» дейді Си 2017 жылы қазанда үш жарым сағат сөйлеп жарияланған жаңа дәуір доктринасында.
Модерн социализмге өту концепциясын осылай түсіндірген Си төрағаның сөзі партия конституциясына кірді тіпті. Бұндай Мао Цзэдун мен Дэн Сяопинде ғана болған. Алайда бұл Қытай «ақылынан» әлдеқайда жоғары. Шын мәнінде Си аузымен айтылған Жаһаншылдардың сөзі.
Оның модерн социализм деп түсіндіргені де глобализация. Жаңа жоспарға сәйкес, Коммунистік партия 2020-2035 жылдардағы социалистік жаңғыртудың бірінші кезеңін жүзеге асырады және келесі 15 жылда озық өркениет, қуатты, демократиялық, гүлденген мәдениетке қол жеткізілген, үйлесімді және әдемі сөздермен анықталған «заманауи ұлы социалистік ел» болады.
Сидың басты саясаты «Бір белдеу, бір жол (一带一路)» — 5 миллиард адамды қамтитын, Бейжің мен Лондон арасын 12 күнде жалғайтын стратегия.
Қытайдың АҚШ-тан алар 1,2 триллион доллар қарызы бар. Американың төлейтін уақыты жақындап қалды. Америка қарыз конфигурациясын жасағысы келеді. Осы үшін сауда соғысы мен ақпараттық соғысты күшейтіп жатыр.
Қытайдың 1 миллиард адамы арзан еңбек күші ретінде пайдаланылып келеді. Пайдаланып отырғандар Америкада орын тепкен жаһаншыл күштер.
«Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында жолдар, порттар, футбол клубтары Қытайға сатылады. Инфрақұрылымдар үшін 8 триллион доллар бюджет бөлді.
2017 жылы мамырдың 14-інде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумының ашылуында Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтаған сөзінде «Қытай бастаманы жүзеге асыру үшін Жібек жолы қорына қосымша 100 млрд юань құяды. Біз қаржы институттарын 300 млрд юань шамасында бағаланған операцияларды юаньмен жүргізуге шақырамыз. Қытайлық даму банкі және Қытай ЭКСИМ-банкі сәйкесінше 200 млрд юань және 130 млрд юань мөлшерінде инфрақұрылымдарды, өнеркәсіп қуатын және қаржыландыруды қолдаудың арнайы кредиттеу схемасын құрады»,-деген. Мұнда юанизация саясаты көзге ұрып тұр.
Айта кетсек, «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын, «Жібек жолының экономикалық белдеуін» (ЖЖЭБ) құру туралы бастаманы Қытай 2013 жылы Астанада жариялаған. Осы жоба аясында Қазақстанда «Батыс Қытай, Батыс Еуропа» магистралы салынды. Қорғастың маңынан Нұркент деген жаңа шағын қала бой көтерген, қазір ол жерде Қорғаста жұмыс істейтін 1200 адам тұрады. Болашақта оның халқы 100 мың адамға дейін көбейеді деп болжанады. Осы қалада жүк пойыздары келсімен жүктің толық немесе толық емес екенін анықтайтын ғажайып сканер болмақ.
Қазақстан Қытаймен интеграция – Қазақстан ықпалын азайтудың амалы ретінде қарастырады дейтін пікірлер бар. New York Times «Жібек жолын жаңғырту үміті – ғаламдық транспорт маршруттарын қайта жүргізу ғана емес, қазақстандық және жаһандық саясатты да сілкіндіру болып саналады, өйткені Қазақстан өзінің абсолютті ықпал облысы деп санайтын аймаққа Қытай дендей еніп келеді», – деп жазған.
Орта Азияға бағытталған лоббишілік іс-әрекетінен Қазақстан не ұта алады? Жаңа жібек жолы шын мәнінде Түркі әлемін өздері қалағаннан да артық жақындастырады. Түркі елдері тұтастай авто және темір жолы магистралімен бірлеседі әрі «Бір белдеу, бір жол» жобасының негізгі ойыншысына айнала алады.
Си Цзиньпинның билікке келуімен 2 рет төраға болу шектеуі алынып тасталды. Полиция тікелей президентке бағынатын болды.
Қазір әлемде күн сайын 100 мың кеме қозғалыста, олардың ешбірі Америкадан рұқсат алмай қыбыр те алмайды. «Бір белдеу, бір жол» тек Бейжің Лондон арасын ғана емес, Беринг бұғазы арқылы Диамид аралын басып өтетін 100 км-лік Азия – Солтүстік Америка құрылығын жалғайтын; Панама каналы үстінен Америка құрылықтарын жалғайтын, Суэц каналынан көпірлер арқылы Африкаға ұласатын Антарктидадан басқа тұтас континенттік құрлық жолдары желісін қалыптастыруды көздейді. Бұл менің пікірім емес «жоғары ақылдың» жобасы. Economist журналының 26 шілдедегі мақаласын оқыңыз. Мұқабасын қараңыз.
Біз бірнеше күн бұрын ғана Жаңа қырғи-қабақ соғыс интернетті АҚШ пен Қытай еншісіне екіге бөлетіні туралы Google-дің бұрынғы CEO-сы Eric Schmidt-тің сөзінжаздық. Алайда, Мидың орналасқан жері, яғни ақыл-ой орталығы АҚШ болып қала бермек.
BIOCKCHAIN — ГЛОБАЛИЗАЦИЯНЫҢ СУПЕР КҮШІ
Блокчейн — биткойн (Bitcoin) немесе оның баламасы жүйесінде транзакциялары тобын жазуға арналған арнайы құрылым. Қарапайым тілмен айтқанда, сіздің өміріңізге қатысты барлық шынайы дерек, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы. Туған сәтіңізден бастап ешбір дерек тыс қалмайды. Әлемнің жаңа келбетін тану үшін артқы планды анықтай білу қажет. Жер бетінде әркім қал-қадерінше еңбек қылып, өмірін жалғастыруға, отбасын асырауға талпынып жүр. Жердің қай түкпірінде де солай. Алайда, «Жоғары ақыл» адамдық бұлай еркіне жіберілетін нәрсе емес деп ойлайды. Блокчейн адамға тиесілі барлық ақпаратты әрі іс-әрекетін нотариалдайды. Бір ақпаратты екінші қайтара кіргізу немесе түзету мүмкін емес. Осы тұрғыдан оны мүлткісіз қоғам құрудың құралы ретінде тиімді жағынан пайдалануға да болады.
Биткоин кеншілігінің мәні Блокчейн технологиясы арқылы ақпарат пен дерек өндіруде жатыр.
Блокчейнсіз биткоин немесе оған ұқсас дижитал ақшаның болуы мүмкін емес.
Дижитал ақшаның басты мақсаты адамзат қолындағы бүкіл қаржыны толықтай бақылауға алу. Қолма-қол (manual) төлем жүйесінде кімнің қолында қаншалық ақша барын білу мүмкін емес. Біреу жастығының астына, біреу сандығына сақтайды. Ал, дижитал ақшаны олай жасыру мүмкіндігі нөл. Өйткені қолға ұсталмайды, көзге көрінбейді. Барша адамдық факторды барлық түрде database бақылауда ұстайды.
Қазіргі таңда Ротшильдтың қолма қолсыз төлем қауымдастығы құрылған. Осы арқылы manual pay насихатталып келеді.
http://identity.foundation/ – Эзотерикалық ұйымдардың бірлестігі. Бүкіл әлемнің байлығы осында көрсетілген компаниялардың иелерінікі. Ұйымның атауы децентралды сәйкестендіруші қор. (Decentralized Identity Foundation). Мақсаты бір адамның кісілік тіркеуі белгілі бір мемлекетке тиісті болмауға тиіс. Яғни, Digital ID арқылы адамдардыӘлем азаматы жасау. Осы арқылы ұлттық мемлекеттерді күйретуді көздейді. Жоғарыда біз атаған Трамптың талпынысы осыған қарсы. Басқаша да шығар, алайда қазірге дейінгі әрекеттеріне анализ жасасақ осы нәтижеге апарады.
Жаһаншылдар технологияға бүкіл адамзатты жаһандануға мәжбүрлейтіндей бағыт беріп келеді. Мысалы Facebook, Twitter, Google, Instagram сияқты технология алыптары. Атап айтсақ, Twitter бір мемлекет сияқты. Ешбір шекарасыз түрде онда тіркелушілердің барлығымен байланыс құра аласың. Әлемнің жаңа тәртібі де осы функция сияқты. https://id2020.org/ сайтында да біріккен компаниялар децентралды идентификацияны қолдаушылар.
Блокчейннің бір құралы да бүкіл әлемді бір тілде сөйлетуді көздейді. Ол фонетикалық байланысты бір тіл емес. Барлық адам үнсіз түсінісе алатын эмоджи. Сол арқылы басқа тілдер біртіндеп жойылады. Соңғы жылдары шығып жатқан смартфондарда осыған қатты мән берілгенін байқаған боларсыз.
БІРЫҢҒАЙ ӘЛЕМДІК МЕМЛЕКЕТ (THE WORLD STATE)
Жер бетінде 300 жылдан бері жалғасып келе жатқан монополия бар. Мұнай компаниялары, медиа корпорациялар, банк жүйелері бір орталыққа бағынады.
Блокчейн мен параллель Hash-Craft жетілдіру үстінде. Жетілдіруші АҚШ Әуе күштерінің бір әскері. Бұлардың артында NSA бар.
Ресейге қашқан Сонуден сияқты, Facebook құрушыларының бірі, Окас аралына қашқан Антонио Гарсие Маркес сияқты IT мамандар адам болмысын жұтып бара жатқан технологиялық прогрестерге әлем назарын аудартқысы келеді. 30 жылда адамзаттың жарымы жұмыссыз қалады дейді Маркес.
Биткоин Сатоши Накамото 2009 жылы ойлап тапқан дижитал ақша ма? Ондай адам жер бетінде жоқ та.
Дижитал біріңғай әлемдік мемлекет блокчейн арқылы жасалады.
Биткойнды жасанды интеллект ойлап тапты деген де жорамал айтылып жүр. Қалай десек те, қандай сценариймен су бетіне шықса да істің артында адам факторы бар. Әрине ол «жоғары ақыл».
Давоста бекітілген паспорт туралы айтылды. Яғни, блокчейнге өзі туралы бармақ бедерінен жүз әлпетіне, қан типіне дейінгі толықтай мәлімет енгізген адамға әуежайларда ешқандай құжатсыз жүріп-тұруға жағдай жасалып, арнайы қызмет көрсетілуін ұсынды.
Қазір 1500-ге жақын криптовалюта бар. Бір қарсылығы жоқ, ештеңемен индекстелмеген. Спекуляциялық мәліметтермен құны айнымалы ауытқып отыр.
Америка құрылғанда 6000-жақын валюта болған. Долларды ортақ валюта етіп бекітті. Сол сияқты бір күні алпауыт банктер мен Google, Apple, Microsoft сияқты компаниялар біз биткойннан (кез келген бір криптовалюта болуы мүмкін.) басқа дижитал валюта танымаймыз деп ортақ шешім шығара қалса дүниежүзіне криптоақша әп-сәтте бекітіле салады.
Біз жоғарыда криптографиялық ақша туралы айттық. Айталық, FED долларды қалағанынша басты дейік, солай істеп те келе жатыр. Алтын қорына, күміс қорына қарамастан бірден аса көлемді ақша басылуы дағдарысқа әкелері сөзсіз. Ал, алтынды ешкім де қолдан көбейте алмайды. Сондықтан да 1970 жылдары АҚШ алтынның $35 доллар кезінде мүмкіндігінше алтын жинап алды. Яғни, дүниенің ең тұрақты валютасы алтын.
Әлемнің алтын қорлары Американың Нью-Йоргінде 17 жыл бұрын апатқа ұшыраған Егіз мұнара орналасқан аумақтан алыс емес жерде жерден 90 метр тереңдіктегі арнайы қоймада болса, Американың өзінің алтыны АҚШ-тың әскери академиясы Вест-Пойнттың кіндік ғимаратының жеті қабат тереңінде орналасқан.
Блокчейн технологиясын қанат жайдыратын тек биткоин немесе бүкіләлемдік ID емес.
Сауд Арабияда 2017 жылы құрылысы басталған, 2025 аяқталуы жоспарланған Neom City бар.
Монғолияда 90 мың адамға шақталған, ең үлкен Будда мүсінін қою көзделген, 2030 жылға күтіліп отырған қала бар.
БАӘ болса Masdar City құрылысын аяқтады, ашылуын кейінге қалдырып отыр. 2030 жылы ресми ашылады.
Шанхайда Likang деп аталатын 800 мың кісіге арналған арнаулы қала бой көтеріп жатыр.
Оңтүстік Кореяда да 100 мың кісіге арналған технопарк типті қала Songdo city бой көтерді.
Нигерияда 250 мың кісіге арналған lagos eko atlantic city салынды.
Аризонада Билл Гейтстің 200 мың кісіге арналған Belmont smart city қаласы жайнап тұр.
Биыл мамырда Джастин Трюдо Торонтода 10 мың кісілік Quayside smart city-ды салтанатпен ашты.
Бұл қалалардың ерекшелігі не? Қорғайтын қалқаны болады. Мұнда бәрі дижитал. Ең бастысы онда чипсіз кіру мүмкіндігіңіз мүлде жоқ. Және бұнда кірген барлық адам әлемнің не нығыметі болса бәріне қол жеткізе алады. Ғарыш дәуірі, алтын ғасырдегеніміз осы.
Осы арқылы «жоғары ақыл» Құдайдың жартқан әлеміне параллель біз де бір әлем жаратамыз дейді. Бұл — дижитал әлем. Бұған интеграциялана бастаған адамзат цивилизациясы уақыт өте келе өз болмысына қарсы ойлана бастайды. Өте сұңғыла көрініп жүрген гиперактив жастар өз миларының қалай жуылып жатқанының байыбына барған емес. Абайсыз, алаңғасар болуының басты себебі смарт телефондар мен социал медиа.
Әлемде үш түрлі платформа бар.
Бірінші физикалық платформа —заттар.
Екінші биологиялық платформа — жанды денелер.
Үшінші дижитал платформа — технологиялар. Бұл технологияның дамуымен биологиялық платфордың орнын басуы мүмкін. Робот балық, робот адам сияқты.
Осы үшеуі бірлессе барлық жаратылыс тұтасады. Тұтастану үшін адам тәніне биометриялық чип тағылуы керек. Оның физикалық бөлімі және дижитал бөлімі бар.
Биометриялық чип
Қазір адамдарға орнату жоспарланған. Биометриялық чип тағылған адам тыңдалады деген сияқты түсініктен әлдеқайда ары өтсек, XXI ғасырдағы дижитал технология адам ағзасын технологиялық бөліктермен алмастыруды көздейді. Жасанды көз, жүрек, бүйрек сияқты. Алғашқы басқыштары жасалып та жатыр. Яғни, адам осылайша роботтандырылу арқылы кез келген уақытта хаклана (Хакерлік меңгеру) алады. Ол арқылы қалаған уақытта адамның жүрегін тоқтатуға, тынысын кесуге болады. Робот халіне өтеді. Halisulation. Чипті қолданбауға адамзаттың таңдауы қалмайды.
Әлемде үш маңызды орын бар. Сан-Францискодағы Силикон алқабы (Silicon Valley), Лондандағы City of London және New York Finance. Бұлардың иелері мен басқарушы ақылы бір — «Жоғары ақыл!». City of London — ұйымдардың, сату монополияларының, кеме компанияларының, банктардың, құқық фирмаларының, биржалардың кеңселері орналасқан Лондонның орта бөлігі. Оған тіпті ағылшын патшайымы еркін кіріп шыға алмайды.
XXI ғасыр адам шынайылығы ұғымын жоқ қылуға бағытталған операциялар бар. 2015 жылы мидың функциясын зерттеуге байланысты көптеген технология патенттелген.
2008 жылы Lehman Brothers-ті банкрот жасау сценарийі арқылы децентралды дижитал ақшаны санамызға сіңірді. Жоғарыда сөз еткен бүкіләлемдік дағдарыс.
Transhumanism
Дижитал технология мен жасанды интеллектің индексі арқылы, 3D жаратушы құралдарының көмегімен адамның көру қабілетін тіпті де жақсарту, құлақ фреканстарының төменгі және жоғары жиіліктегі дыбысты есту мүмкіндігі, протездер арқылы адам жүгіріс жылдамдығын арттыру сияқты адам органын алынып-салынатын қосалқы бөлшек түріне әкелу көзделген.
Тамырға кіріп бітелуін емдейтін роботтар бір қарағанда медицинаның үлкен жетістігі. Алайда, сингулярлық (singularity) технологиямен адам болмысын бүтіндеп, жаратылысымызды қайта пішімдейтін осы ағымның шынайы аты — Трансгуманизм(transhumanism). Бұл жаңа бір дін ретінде жалпыласуы мүмкін. Себебі кез келген жүйені күшейтетін нәрсе дін. Дін дегенде құлшылық, ғибадат, құдайға табыну түріндегі емес айнымас сенім түріндегі түйсік бағыныштылығы.
Космолог Макс Тегмарктың «Life 3.0» кітабы;
Митио Какудың 2014 жылы жариялаған «Physics of the Future» кітабы;
James Barrat-тың «Our Final Invention» кітабы адамзат болашағының жаңа қалпы туралы баяндайды.
«Жоғары ақыл» энигмалық кезеңмен бізден 108 жыл бұрын өмір сүреді. Біздің барлық идеямыз бен пікірімізді, сенімімізді оңай өзгерте алады. Мысалы соңғы уақыттарда Атеизм мен Деизм қатты таралып жатыр. Сондай-ақ адамдардың үйленуге құлқы жойылып бара жатыр. Осы арқылы жер бетіндегі мәдениет пен өркениетті жойғысы келеді.
Сорос сияқты ашық қоғамда ұйымдасқан эзотерикалық ұйымдар мемлекеттерге қол салып жатыр. Демократияға арқа сүйеген барлық елде осылай. Дижитал қоғамда бұған тіпті де қажеттілік қалмайды.
Болашақтың қалалары үш түрлі:
Smart City. Онда өмір сүрген адамның әр тынысы бақылауда болады. Өйткені технологияны дамытушының қолында әрқашан пульт бар. Жоғарыда мысалын келтірдік.
Logistic City. Сауда түрі. Тасымалға сүйенген алым-берім Amazon.com, Alibaba.com сияқты алпауыттар арқылы жасалады. Робот пошташы, дрон тасымалы сияқты. «Бір белдеу, Бір жол» арқылы әлемде өріс алады.
Mega City.
Аватар 2045 жобасы
Путинді өлімсіз күйге өткіземін деп мәлімдеп жүрген Дмитрий Ицковтың 2008 жылы жасаған стратегиясы. Жоба 4 кезеңге жоспарланған.
Алғашқысы 2015-2020 жылдар арасында адам миымен басқарылатын роботтар жасау.
Екіншісі робот тәндердің жасалуы. Осы жүйеден пайдаланып адам еңбек күші мен ақылын дамыта түсу.
Үшіншісі 2030-2035 жылдары адам болмысын роботқа көшіру. Өткен жылы қайтыс болған Дэвид Рокфеллердің болмысы роботқа көшірілгені туралы конспиро әңгіме бар. Яғни тәні өлгенімен сана-сезімі роботқа ауыстырылған, яғни дижиталданған. Болашақта барлық адам бұған қол жеткізуі, мәңгілік өлімсіз трансформацияға түсуі мүмкін.
Төртіншісі болса адам тәнінен толықтай арылады. Голограммалық болмысқа айналасыз. Ағылшын әскерлері голограмма арқылы ДАИШ сарбаздарын тергеген деген ақпарат бар. ДАИШ құрамында соғысқан әскерлердің шындығын білу үшін олардың камерасына Мұхаммед Пайғамбердің голограммалық бейнесін жіберіп сөйлестірген.
22 қыркүйекте ғана Нью-Йорк музейі афро-америкалық алғашқы космонавт әйел Джеймисонды голограмма арқылы келушілерге гид етті.
Аватар жобасын қолдаушылардың ең басында Далай Лама тұр.
Адам миында 200 миллионның үстінде нейрон бар. Ицков квант компьютерлер қазіргі компьютерлерден 500 миллион есе жылдам жұмыс істейтінін айтқан.
Рокфеллер туралы әңгімені аша кетейін.
Дэвид Рокфеллер БАҚ бетінде 2017 жылы наурыздың 20-сы қайтыс болды деп естіртілді.
Дүниенің ақшасын уысында ұстаған, «Әлемнің жаңа құрылымын» жасамақ болған «таңдалған» элита өкілі болатын.
6 рет жүрек, үш бүйрек, екі бауыр ауыстырған.
«Кейбіреулер отбасымыздың АҚШ-тың мүддесіне қарсы жұмыс істейтін жасырын ұйым екеніне сенеді. Бізді халықаралық дәрежеде деп санайды. Тіпті де жаһандық, ғаламдық саяси құрылым қалыптастыруға жұмыс істейтінімізді айтады. Егер бұл айыптау болса айыптымын әрі осыны мақтан етемін!» 2002 жылы автобиографисында осылай деген Дэвид.
Alcor атты компания адам өлген кезде жүрегі тоқтағанымен, миы біршама уақыт тірі болатын уақытты пайдаланып сұйық нитроген арқылы адамды қатырады. Осылайша мың жылға дейін сақтай алатынын айтады.
Рокфеллер дегенде адамның ойына алдымен мұнай оралады. Ал, Мұнай дегенде 1973-1974 жылдардағы Мұнай дағдарысы ойға келеді.
Ротшильд отбасымен арасында «біріншілікке» талас жүрген.
1973-1977 жылдары Американың сыртқы істер министрі болған Генри Киссинджер (Henry Kissinger) ГМА өнімдерді Әлемде қолдануға енгізген. Киссинджер мұнайлы мемлекеттерде жан санының өсуін Американың мүддесіне қайшы деп сенді. Ол шындығында Рокфеллер отбасы қорының да басшысы еді. Гендік модификацияланған ағзалы (ГМА) өнімдерді тұтыну түрлі ауруларға алып келетіні баршаға аян. Ол біртіндеп әлемнің көптеген мемлекеттерінде қолданысқа енді. Оның адам денсаулығына зардаптарынан ең маңыздысын айтатын болсақ, ГМА өнімдерді пайдаланғандардың отбасында әйел мүшелі ер бала, ер мүшелі қыз бала, тіпті қос жынысты ұрпақтар туылады.
Киссинджердің мынадай сөзі бар: «Егер мұнайды бақылауыңда ұстасаң саясатты тізгіндейсің, егер азық-түлікті бақылауыңа алсаң адамдарды қадағалай аласың, егер ақшаны уысыңда ұстай алсаң әлемді бақылауыңда ұстайсың» деген. Бұл ешқандай қышыртпа теория емес. Шындық. Әлемде Күміс нарығы тек 7 банктың, алтын нарығы тек 3 банканың қолында.
ARTIFICIAL INTELLECT — ЖАСАНДЫ САНА
Технология дегенде аты бірден зікір етілетін Elon Musk-тың Жасанды сана туралы фильмін көрдіңіздер ме?
Tesla мен SpaceX-тің құрушы CEO-сы Илон Масктың Instagram арқылы таныстырған фильмі Жасанды зияткерлік бағдарламаларының адамзатқа төндірер қаупі туралы айтады. Ол экономиялық мақсаты жоқ жасанды сананың қауіпсіздігі туралы зерттеу жүргізетін коммерциялық емес зерттеу компаниясы OpenAI-дың да жақтаушысы. Инженер біраз уақыт бұрын бұл компанияның басқарушыларынан бірі де болды.
Илон Маск жасанды интеллекттің болашағына жиі алаңдайтын футурист. Оның адамзат баласы үшін алаңдаушылығы Facebook CEO-сы Марк Цукербергтің де назарын аудартқан. Марк болса жасанды зейінге өте оптимист көзбен қарайды. Илон ағасы сияқты уайымдамайды да.
Тесла көліктерінің өздігінен жүруіне бағытталған жасанды интеллект бағдарламалары Тесла тізгіншілерін де екіге айырды. Бір топ адам Илонның жасанды санаға қарсы бола тұрып, өз компаниясында жетілдіріп жатқанын түсіне алмай дал. Оның үстіне ол жасанды зейіннің қауіпсіздігі туралы зерттеу жасап жатқан OpenAI ұйымының басшылығынан кетіп қалды. Мәлімдемесінде көлікті автономды басқару үшін жетілдіретін интеллекттің өзі қарсы тұратын жасанды зейіннен мүлде бөлек екенін айтады.
Инженер Масктың «Компьютеріңе сенесің бе?» деген фильмі жұртқа «неге компьютеріңе құдайдай сенесің?» деп сұраулы ой тастайды. Жасанды сананы «Өлімсіз диктатор» деп атаған ол адамдардың болашақ қауіп ретінде емес қазірдің өзінде қатер ретінде көруіне назар аудартқысы келеді. Себебі Илон Маск «үйрену қабілеті бар» жасанды интеллекттің таңы атып келе жатқанын нұсқайды. Әрине сіз жасаған өнім бақылаудан шығып кетсе заман ақыр деген сол.
Илон айта береді дейін десең жақында ғана арғы дүниеге аттанып кеткен адамзаттың алыбы Стивен Хокингтің де онымен сарындас пікір айтқаны тағы бар. Маск жасанды интеллекттің біздің санамыздағы тіршілік дейтін өмір түсінігімен қайшы келерін айтады. Мысалы біз обал мен сауапты білетін тіршілік иесі болсақ та жол жасауымыз керек болса жолда ұшырасқан құмырсқаның илеуін аяусыз сыра салып, картадан өшіреміз. Жасанды сана өздігінен үйренетін қабылетке ие болып кетіп, сол құмырсқаның орнында өзіміз қалмаймыз ба?
Әлемнің әр түкпірінен 116 ғалым БҰҰ-ға жасанды зейіннің адамзатқа қарсы келмеуі үшін шаралар жасалуы керек екені туралы бірлескен мәлімдеме жасады.
Батыс басылымдары аса назар аударған осы бір мәселеге біз мән бермедік. Әдетте біз жан-жағымызға аса қарай бермейміз.
Роботтар өмірімізге күткенімізден де тез әрі айырылмастай кірігетін болады. Робот кәсіподақтары пайда болады. Синтетикалық бұлшық ет, мимика қалыптасты. Оның жарқын мысалы биыл елге келген София.
София Астанада «Бір белдеу, бір жол» туралы айтты. Давоста болған Бүкіләлемдік экономикалық форумда София fintech-индустрияға арналған бір панельдік сессияда негізгі спикер болды. София арқылы Дижитал технология мен Айдаһар жолы насихатталды.
Грек мифологиясына қарасаңыз Софья білім құдайы. Месопотамияға қарай кетсеңіз шайтанмен бірге жүретін Лилиттың есімі.
София «OK. I will destroy humans» деген 2016 жылы наурыздағы сөзімен әлем назарын аудартты. Тіпті отбасын құрып, бизнеспен айналысқы да келеді. Кейін тіпті оған Сауд Арабиясы азаматтығы берілді.
Софияны жасаған Гонконгтік Hanson Robotics Limited компаниясының артында Ротшильдтер тұр.
Microsoft бір тәжірибе жасаған. 2016 жылы 23 наурызда 19 жастағы қыздың ақылы шамалас жасанды интеллектті Twitter есебіне жалғаған. Ол қысқа ғана уақытта хабар алу, твит жазу функцияларын жүзеге асыра отырып, өлтіру, қорқыту сөздерін үйрене бастаған. Tay деп аталған бот 16 сағаттан соң мәжбүрлі түрде жабылды. Бұл адамзаттың социологиялық тұрғыдан күйреуінің де нәтижесі болса керек. Яғни, жасалған роботты тәрбиелеуіміз керек.
Қытай қазірдің өзінде чипті жеке куәліктер арқылы азаматтарын бақылауға алып жатыр. Егер биліктің міндеттемелеріне көбейтін адамдар болса ол адамдар рестораннан тамақтана алмайды, демалысқа бара алмайды, интернетінің жылдамдығы төмендейді, соңында қалалы өмірде тұрмыс кешіре алмайтын халге жетіп, өзі-ақ сыртқа тебіледі. Қазірдің өзінде 8 миллионнан астам жолаушыға пойыз билеті сатылмайды.
Қытайда адамдар мен жолды бақылап отырған 70 миллион камера бар. Үлкен қалаларда көзге түскен адамды 5-6 минут ішінде тауып алады. MOBIL электрондық жүйелік интеграция жалпы әлемде аса жоғары қарқынмен дамып келеді.
Алдағы уақытта роботтармен үйлену заңдастырылады.
Жақында ғана Технофестивальде сөйлеген Ердоған «Дижитал қауіпсіздігіңіз жоқ болса физикалық тұрғыда қаншалықты сақ болсаң да тәуелсіздік сақтай алмайсыз» деді.
ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҢА, ҚОЛТАҢБА КӨНЕ
Facebook — Tubal-Cain
Тубал-Каин Жаратылыс кітабындағы Адамның жетінші ұрпағы. Інжіл бойынша алғашқы масон. Ол мыс пен темірден құрал-сайман жасаушы шебер болған. Аңыз бойынша, дәл ол аллегорланатын Хирамды патшалық өнер құпиясына өмірін арнады, оған жасаған соңғы қастандық кезінде ол Иерусалимдегі ғибадатхананың кіреберісіне төгілген балқытылған мыс теңізіне батып кетпеген. Каин көне еврей тілінде темірші деген сөз. Ал, Тубал сөзі көне Римде от құдайы Вулканнан келеді.
Інжіл бойынша, оның әкесі алғашқы көп әйел алушы Ламех. Тубал-Каин Ламехтың екінші әйелі Цилладан туған. Бірінші әйелінің аты Ада еді. Қартайғанда соқыр болған Ламех ұлның көмегімен аң аулап жүріп, Каинды өлтіреді.
Gmail — Mason
Масон мүшелерінің хат алысқан дорбаларының сырт үлгісі Gmail-дың бүгінгі логотипінен айнымайды. Сырға қол жеткізу деңгейіне жетпей тұрып, сырды білу мүмкін емес. Қазір әлемде Gmail-ды миллиардтан астам адам қолданады.
Google — Rothschild
Google сөзінің мәні не? Google сөзі – онның жүз дәрежесі дегенді білдіреді. Асылында бұл сөзд “googol”деп жазылады екен деп түсіндіреді. Керісінше, 1938 жылы америка математигі Эдвард Казнер (Edward Kasner) 10-ның 100 дәрежесін есептеп, шексіздік мәні үшін Google сөзін қолданған. Алайда дұрыс сөзді қате жазған.
Google шын мәнінде «барлық нәрсені көретін көз деген, көрмейтін ештеңесі жоқ» деген сөз. Екінші бір мағынасы да сиқыр. Бұны сөз этимологиясын зерттейтін ағылшын жазушылары анықтаған. Доллар пирамидасы үстіндегі көзді ұмытпаған шығарсыз.
1913 жылы Ротшильдтер суреттегідей кітап бастырған. The Google Book. Бар-жоғы 100 дана тиражбен басылған кітаптың іші толы сайтан суреті. Мақсат не, мән не өзіңіз ойлай беріңіз.
Google бір іздеу моторы емес, шын мәнінде соңғы 100 жылдықтың басты дизайнын қалыптастырған орталықтардың бірі. Мысалы Google меншігіндегі Alphabet. 100-ден астам жобасы бар.
Оның алғашқысы Google-Brain жобасы. Жоба адам жадын flash disk-ке көшіріп алуды мақсат етеді.
Екіншісі робот жобасы. Кез келген бір тұлғаның айнымасыз роботын жасау. Алғашқы жобадағыдай сіздің жадыңызды оған тасығанда сіз техникалық тұрғыда мәңгілік өлімсіздік күйге өтесіз.
Үшінші роботпен егіз өмір жобасы. Сіз не көрсеңіз роботыңыз қанша алыста болса да сіз көрген, білген, миыңызда болып жатқан барша құбылысты біліп отырады.
Төртіншісі Google Loon жобасы. Жаңа Digital world интернетті негіз ететіні үшін, бүкіл әлемге тегін интернет тарату. Осы арқылы мемлекет ұғымын адамдар санасынан аластату. Себебі, мемлекеттердің халықты интернеттен ажырату арқылы бақылауда ұстауының жолын бір жола кесуге болады. Мысалы Қазақстанда қазіргі күнде кешкі уақыттарда әлеуметтік желілер интернет провайдерлердің шек қоюымен істемей қалып жүр. Google Loon жер серігі арқылы мега қалалар үстінен халыққа тегін интернет беру арқылы барынша дижиталдандыруды көздейді. Жоба тіпті 2020 жылдан бастап жүзеге асуы мүмкін.
Дижитал цивилизация (Digital civilization)
Google-дің жоғары басқарушыларының бірі, қазір машиналық оқыту және табиғи тілдерді өңдеу саласын басқаратын Рэймонд Курцвейл (Ray Kurzweil) жасанды интеллект арқылы адамзат өлімсіздігін мүмкін көретін футурист. Ол Адамдық 2.0 (Human Body Version 2.0) кітабында құдайдікі 1.0 біздікі 2.0 дейді. Яғни, Құдайдың қалыптастырған адамзат болмысында мін бар, біз сол мінді жойып, болмысты жетілдіреміз дейді… Бір сана жасау туралы оның The Singularity Is Near деп аталатын да кітабы бар.
Google Chrome — 666
666 — Інжіл бойынша шайтанның символы.
Google Play — Sigil of lucifer (Seal of Satan)
Шайтанды барлығына сенетін, оған табынушылардың символы. Шайтанның ұлы деп білінетін Люциферлердің таңбасы ретінде де айтылады.
Қандай да бір технолгиялық компания немесе қаржы компаниясы болсын Дүниежүзілік деңгейде таралуы неғайбыл. Не ұлғайғанда сатып алады, не жолын кесіп құрдымға жібереді.
Жоғарғы ақыл — көзге көрінбейді. Әртүрлі есімдермен ортаға шығуы мүмкін. Олар адамзат өркениетін біз жараттық дейді. Өздерін әлемнен тысқары бір жаратылыс ретінде сипаттайды. «Адам ойланатын болса оны ойландыратын бізбіз. XXI ғасырға жаңа бір технология, жаңа бір дін керек», дейді олар.
Albert Pike деген масон ақсақалдың осыдан 150 жыл бұрын, 1871 жылы жазып кеткен хаты бар (Albert Pike’s Three World War Letter 1871). British музейінде сақтаулы. Италиялық мұғалімі Джузеппе Мадзиниге (Giuseppe Mazzini) жазылған хатында Пайк былай дейді: «Дүниежүзілік 3 соғысқа қажеттілігіміз бар. Біріншісінде коммунизмді орнатуымыз керек. Екінші дүниежүзілік соғыс арқылы әлемдік күш Американың қолында болы керек. Үшінші дүниежүзілік соғыс діндердің соғысы болады. Дін біткен жер бетінен жойылуы тиіс», – дейді хатта.
Сол Альберт Пайк командасының Парижге хат тасыған пошташы бір адамына Баварияда найзағай түскен. Оның қолында аяқталмаған кітап болған. Бавария үкіметі мұрағатқа сақтаған. Сол жазбада әлемнің құрылысы туралы не ойлағандарын тарау-тарау тізбектеген.
George Orwell 1949 жылы (1984) Nineteen Eighty-Four деген кітап жазған. Бұл кітапты Қытайда интернеттен іздеуге тыйым салынған. Кітап романда 1984 жылы үлкен бір радар бүкіл әлемді бақылайтыны туралы жазады.
Time журналындағы Трамптың үш кезеңді келбеті естеріңізде шығар. Бұл Трампты тақтан тайдыру үшін қоғамдық санаға жасалған шабуыл. Жоғарыда да айтқанымыздай, Трамп ұлттық мемлекет Американы сақтап қалғысы келеді. Ақшаны билейтіндер Ақшаны америкадағы англосаксондармен бөліскісі келмейді.
Ал, жаһаншыл Америка әлемде соғыстар болуына, хаос жаратылуына мүдделі. Ал хаос ақпараттық шабуылдар және сана операциясы арқылы жүзеге асырылады. Трамптың өзі 29 тамыздағы жазбасында алпауыт медиалардың өзіне қалай қарсы екенін, шындықты бұрмалайтынын, 96 пайызға шындық бұрмаланатынын жазған.
Эзотерикалық ұйымдардың «Ordo Ad Chao» деп аталатын ұраны бар. Хаостан жаңа тәртіп туады деген.
Google search results for “Trump News” shows only the viewing/reporting of Fake News Media. In other words, they have it RIGGED, for me & others, so that almost all stories & news is BAD. Fake CNN is prominent. Republican/Conservative & Fair Media is shut out. Illegal? 96% of....
9:02 PM - Aug 28, 2018
HAARP технологиясы
HAARP соңғы 20 жылда АҚШ, Канада бастаған, ең көп талқыға тақырып болған, спекуляция жасалған бір қару технологиясы. Ол арқылы климатты өзгертуге, жасанды жер сілкіністерін, табиғат апаттарын, дауылдар мен толассыз жаңбыр жасауға болатыны айтылады.
ГОЛЛИВУДТІҢ ТЕЛЕ ХИКАЯЛАРЫ МЕН ФИЛЬМДЕРІНДЕГІ «ЖАҢА ӘЛЕМ ТӘРТІБІ»
Жоғарыда Леди Гага, Кэти Перри туралы сөз қыстыра кеттім. Миллиондаған табынушысы туралы айттым. Ондай адамдар жай ғана әртіс емес, бір-бір саяси қайраткерлер. Зәудеғалам олар партия құрып, саясатқа араласа қалса сайлаушылары мен жақтастары дайын. Жалпы, мәдениет, өнер болашаққа қалай әсер етіп жатыр?
Яһуди зерттеуші Шимон Галевидің(Shimon Halevi) «Жасырын ілімнің болашағы Кабала(“Kabala Tradition of Hidden Knowlege)» атты кітабында: «Кабала – жамандықтармен айналысудың, символдар мен эзотерикалық жолдар арқылы психологиялық әлемде үстемдік орнатудың қауіпті бір өнері, әрі ұлғаюға негізделген формасы.» Калабаның ең маңызды теорияларынан бірі дәуірдің қалыптасуымен байланысты болуға тиіс. Пәлекет фильмдеріне бұл тұрғыдан да қарау керек. Еванжелисттік теологиямен байланысты Кабала теологиясының қабыстырылғанын айтуға болады. Оқиғаның қауіпті тарабы болса, Еванжелисттер мен Кабалисттердің ойынша құрылуға тиісті «Тәңір патшалығы» дайындығының соң кезеңінде Едом жаулануға тиіс. Яғни, Еванжелисттер үшін жеті «қылмыс дәуірі» шіркеулерінің бәрі де Түркияның Эгей аймағында: Эфес, Измир, Тиятра(Аққисар), Сарт(Салихлы), Филадельфия, Леодокия(Памуккале) шіркеулері.
Голливудтің шағын сырларының «ең ласы» ретінде білінетін Пентагонмен әріптестігі 1927 жылы шыққан «The Wings» фильмінен бастау алады. Екінші Дүние соғысынан кейін бұл әріптестік нығая түскен.
Еванжелист христиан және Яһуди Кабализмның теологиясына сай 1998 жылы Disney түсірген «Армагидон» фильмі АҚШ әскерінің көмегімен түсірілген фильмдердің бірі.
Пентагонның Голливудпен байланыс бюросы өкілі подполковник J. Todd Breasseale қайсы фильмдерге көмек жасалатынына нұсқайды. Олардың ойынша бұндай саралау цензура емес, ұсыныс. АҚШ әскері Вьетнам Соғысы мен фильмдерінен сабақ алды. 2007 жылы шыққан Brian De Palma-ның «Redacted» (бүркеулі ақиқат) фильмі Ирактағы барлық әскердің қылмысты екенін ортаға қояды. Ол фильм, болған оқиғаны баяндайды: АҚШ әскерінің бірі Иракта жергілікті бір қызға зорлық жасайды, одан соң қызбен оның отбасын өлтіреді. Тек қана АҚШ қорғаныс министрлігі ғана емес, CIA, NSA, FBI, Астыртын Қызмет, Сыртқы істер министрлігі және Ақ Үйде де Голливудпен байланыс қызметкерлері жұмыс істейді. CIA басқаларынан кеш, 1996 жылдан бастап Голливудпен арада әріптестік орнатты. Соңғы кездерде көптеген фильмдерде жағымсыз кейіпкер CIA-дің бұрынғы агенті немесе әлі де CIA-де жұмыс істейтін сатқын ретінде көрсетіледі.
Пентагон көмегімен жарыққа шыққан фильмдер:
The Lucky Ones, Transformers II, Transformers–2007, The Wings–1927, The Day the Earth Stood Still-1951, From Here to Eternity-1953, The Green Berets-1968, Patton (General Patton)-1970, War of the Worlds. I am Legend-2007, Iron Man-2008, The Messenger-2008, Major Movie Star 2008, The Day the Earth Stood Still –Жаңа нұсқасы 2008.
Екінші дүние соғысынан кейінгі «Суық соғыс» кезеңінен бүгінге дейін Голливуд фильмдерінен АҚШ-тың сыртқы саясатының жүріп өткен жолын көруге болады.
Голливуд негізінен Яһудилер бақылауында. Жалпы мағынасынан да, саяси, либерал, Демократиялық партия көзімен де еврейлер ол мекеменің қожасы. Соңғы кездері Голливуд террор мен соғысты қолға алды. Мысалға, Нұсқа(Rendition) фильмінде CIA өкілі Meryl Streep-тің бұйрығымен Reese Witherspoon-ның Таяу Шығыс текті күйеуі әуежайда тұтқындалып, ешқандай заңдық процессіз тергеледі. Әйел күйеуін іздейді, алайда оған ешкім жауап бермейді. Бұл фильмде Guantanamo сияқты түрмелердің заң аясында емес екені де талқыға түседі. CIA өкілдерінің қатыгездігі де көпке паш етіледі.
Голливудтің жылдық фильм экспорты шамамен 10 миллиард доллар. Порно фильм сатылымдары болса 4 миллиард долларды құрайды. Жалпы киноларынан DVD сатылымдары болса 20 миллиард доллар екендігі шамаланады.
Голливуд жасаған Under Siege, Codename Swordfish, Arlington Road фильмдерінен кейін осы фильмдердегідей 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы орын алды. Онда адамзат санасына сіңірілген басты нәрсе террористердің мұсылман болуы.
XXI ҒАСЫР ДИЗАЙНЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СОҚҚЫ АРҚЫЛЫ ХАОС ЖАРАТУ
Бір-біріне қатыссыз сөйлемдер жазайын.
Жер бетіндегі барлық азаматтық қоғам ұйымдары Швейцарияда. FIFA, UEFA сияқты алпауыт спорт ұйымдары, банктер де сонда. Жарты әлемді соғыс өрті шалғанда тарапсыз қалған Швейцарияда Гитлердің штабы болған.
Қазірге дейін 83 мемлекет банкрот болған. Ұлттық мемлекет үкіметтерінің қарызы жоғы жоқ.
Жер бетінде киім жаңарған, ғимарат жаңарған, құрал жаңарған, алайда пікір, идея бұрынғыдай. Жоғарыда мысалын келтіргеніміздей, технология жаңа болғанымен қолтаңба көне.
Адамзат құндылығы жаратылыстың басынан бері қарай өзгермеген. Махаббат, сүйіспеншілік, жеккөру сезімдері бәз-баяғыша. Олай болса, адам баласы адами құндылық жасамайды, технологиялық құндылық жаратады.
Эммануэль Макрон 29 тамызда Дания астанасы Копенгагенде «не шынайы шаралар қолданамыз, не болмаса үлкен мемлекеттер мен компанияларға жем боламыз» деді. Жолайырық туралы оның айтқанын ақпарат құралдары әртүрлі жорамалдады.
Роснефттің 14,5 пайызы ағылшын мұнай компаниясы British Petrol компаниясына тиесілі.
Бір ақпаратқа сай, Путин бір «елші» тағайындаған. Ресейден шетке кеткен олигархтардың бәрімен кездес, келіс, тоқайлас деген. Оның сөзі Путинның сөзі. Сәлемі болса Ресейге ақшаларын алып қайтсын, кешірейік, заңды шектемелерді жоямыз деген. 20 миллиарды, 30 миллиарды болғандары бар. Скрипаль өлімі осы шаруаның бір паршасы болуы мүмкін дейді. Оны улауға микро дрон қолданылғаны туралы айтылады.
Путиннің императорлық әуесі бар. Астана процесінде Идлиб мәселесі шешілсе қарулы қақтығыс аяқтайды.
City of London Ресейге тіс қайраған. Ең оңай таратылатын мемлекет ретінде қарап, ұсақ мемлекеттерге бөлгісі келеді.
Путин радар еш ұстай алмайтын ракета жасадық деді.
Әлемнің қаржы жүйесін таныған кісі аш қалып бара жатса да ешқашан қарыз алмас. Қарыз алса да көзі толық жеткен өндіріске жұмсайды.
XX ғасырда саясаткерлер сатып алынатын. Лидерлерді айқанына көндіріп, артына ерген халықты өзіне бағындыратын.
Жақында ғана суреттегідей су асты дрондар пайда болды. Ол арқылы теңіз асты табиғатын, жойылып кету қаупі бар теңіз жануарларын қорғау көзделіп отыр.
Бірнеше күн бұрын ғана ғалымдар адам жадындағы бейнені суретке айналдырды. Канаданың Toronto Scarborough университетінің неврологтары электроэнцефалография (EEG) мәліметтеріне автоматты үйрену (machine learning) техникасын қолданып осыған қол жеткізді.
WikiLeaks құрушысы Julian Assange жаһандық желінің бір жола дамуымен жақын болашақта адам баласы құпиясы толықтай бақылана алатындықтан қазір өмірге келіп жатқандар жер бетінің ең соңғы еркін адамдары болады деді бірнеше күн алдында ғана.
Солтүстік Корея мен Украинадан бірдей зымыран моторларының табылуы, екі елдің бір-біріне қатыссыз түрде жасадық деп мәлімдеме жасауы нені түсіндіреді?
Сөзді Швейцариямен бастадым. Солтүстік Кореямен аяқтадым. Біріктірейін. Ким Чен Ын Швейцарияда білім алған. Жапон текті анасының өмірі де, өлімі де құпия. Анасы швейцар болуы да мүмкін.
ЕВАНЖЕЛИЗМ – «ТӘҢІРДІ ҚИЯМЕТКЕ ЗОРЛАУ»
Соңғы тақырыпта жоғарыда әңгіме болған 150 жыл бұрынғы Пайктың хаты, онда жазылған діндер соғысы, иллюминатилер, масондар туралы әңгімені біраз тарқатайын. Біз қандай атау берсек те олар ортаға шықпайтын көрінбес күштер, жоғары ақыл. Бұлар туралы сөз қозғау үшін ең алдымен діндер тарихы мен мифологияны білу аса қажетті.
Evangelism танымы
Еванжелизм (Эвангелие деп беріліп жүр орыс тілінен алып, біз Evangelism сөзін оқылуы бойынша бердік. –ред) – «киелі кітапқа оралу» мағынасын береді. Мақтаулы илаһи қажеті қайта туылады дейтін христиандардың (born again Christian) көкке көтеріліп, үлкен қуанышпен марапатталатын сеніміне сүйенеді. Олар «Қайтадан туу» кітабы Мұқаддесте орын алған және Қияметтің болатынына белгі беретініне сенілген Армагидон Соғысы(War of Armagedon – Бұл соғыстың болатын аймағы бүгінгі Израил шекаралары ішіндегі Megido аңғары) алдындағы рухани түрде қайта туған христиандар. Бұл туу сенімі көкке көтерілу (rapture) дейтін бір феноменге сүйенеді.
Армагидон болсын, Еванжелизм тұжырымдары болсын немесе Түркияның Измир аймағы Селчүктағы Бұлбұлдағы-Мариям Анамен арадағы байланысы және бұлардың ұштарындағы Таяушығыс парадоксы көп ойлануға жетелейді. Себебі, хикая түпқазығы илаһи деректерге негізделген саяси бір жоба болып, ұзақ мезгілдік мақсаттарды көздейді. Еванжелистер Мариям Ана құпия сырының соңына түскендер. Себебі, 4 Інжілден біреуінің жазушысы болған Азиз Юханнаның Қияметті баяндаған «уақиын» негіз ететін Еванжелистердің де барша талпынысы Мариям ана үйіне «құлыпталған».
«Армагидон Соғысы» арқылы уәде етілген территорияларды сүйіншілеген Юханнаның кейбір базиликтерінің Мариям ана Үйі орналасқан Измир, Селчүкте екендігі болжанады. Яһуди Мистизмі Кабала көзқарастарында да Мариям Ана ең соңғы болып жеңіспен жаулап алынатын мемлекет болған Едомда. Қызығы сол, Анадолының(қазіргі Түркия) алғашқы дәуірдегі аты Едом болған. Ирактың отарлануының себебі көне Ахит. Бұларға мазары Измирде болуы мүмкін екендігі айтылатын Азиз Юханнаның өзі және ол жазған Інжілдің соңындағы «Апокалипс(Apocalyps)», яғни Қиямет немесе Армагидон мен Соңғы соғыстар бөлімі дерек береді. Юханнаның жазуында Еванжелизмнің символы бар болғанына және Соңғы шайқастың Таяушығыста жүзеге асатынын айтқанын сараласақ жағдай түсінікті түрде ортаға шығады. Екінші бір шетінен барлық соғыстардың өзегінде мистикалық, окультті немесе идеологиялық бір ұғым болуы керек. Ұлы Ескендір Хеленизмді, Крест жорықтары киелі Құдыстың құтқарылуы миссиясын, Гитлер Ариенизмді қолданған еді. Еванжелистер, Мұсылмандарға қарсы Христиандар мен Яһудилерді Тәурат сызығында бірлестіреді. Онсыз да, барша Таяушығыс парадоксының артында Тәурат бар. Исаның қайтадан туылуы да бір символ. Иса – бір Яһуди еді, бірақ христиандықтың да пайғамбары еді. Яғни, екі үлкен сенім одан бастау алады. Еванжелистер айтқан «бүкіл Яһудилер – Еванжелист христиан болады» сөзінің мағынасы болса, Исламға қарсы қалайда бір бірлік құрылу керек екенін тұспалдайды. Көне Ахит(Тәурат) болса, бұл идеяға керемет көмекші роль ойнайды.
Evangelism сенімі
Еванжелист нео-Батыс пен Израил және Яһудилер, Калабада айтылатын құтқарушы Мәсіх мәселесінде бір нүктеде тоғысады. Екеуінің де Мұқаддес кітабынан бастау алған діни, саяси және экономикалық нысаналары қабысады. Антик Шіркеулер Наным Одағы Католик пен Ортадокс Христиандар(православтар) түптің түбінде Еванжелист нео-Батыс және кабалисттік әлеммен қарсы келетін болады. Қақтығыстың діни, экономикалық және саси ақиқаттары бар. Бұл туралы («Godfather 3» фильмін еске алыңыз!). Алайда, олар үшін ең алдымен жеңуге тиіс дұшпандар Ислам және Мұсылман мемлекеттер. Анадолы мен Нидерланд Еванжелисттердің жаңа нысанасы. Тәурат пен оның тудырған пікірлеріне бағытталған Торах және Талмурдда ықпалды көзқарастар бар. Шынайы мағынасында Кабалист пікірлер өте маңызды. Мұнда сөз етіп отырғанымыз Мұсалық окульттің Кабаласы. Яғни, «Шынайы Кітабы».
Төртінші Інжілдің және Апокалипс, яғни «Қиямет күні» турасындағы «Уахидің(Vahiy)» авторы да Юханна. Христиан әлемі оның мазары Измирдегі Эфесте деп біледі. Асылында ол «Сүйінші сұраушы» Юханна. Түбірі көне грекше «сүйінші» мағынасын беретін «Evangelion»-нан бір есім, әрі Інжілдік таныммен бірдей. Алайда, Еванжелизм, алғашында Протестант іргетасынан тамыр алып, түп негізі Martin Luther-ге(1483-1546) және Протестанттықтың құрылуына дейін кетеді. Luther өзі құрған шіркеуге «Еванжелисттік Шіркеу Қозғалысы» дейтін. АҚШ-тың өзінде 90 миллионға жеткен, негізінен Оңтүстік Америка, Корея, Қытай мен Жапония сияқты Азия елдерінде жедел миссионерлік жұмыстарымен саны артқан Еванжелист Христиандардың ойынша жақсы мен жамандар арасындағы соғыс «Армагидон» шайқасы. Әлемнің теңдігін өзгертетін, заманның ақырына әкелетін дүниедегі барлық жұмыстар, оқиғалар, соғыстар Інжілде, Тәуратта баяндалады. Онда, Израил уәде етілген топырақ және күндердің бірінде барлық Яһудилер Израилге қайтып, Еванжелист болады… Бірақ, бұлардың барлығынан бұрын әлем бір «турбулация» дәуірін басынан өткереді. Турбулация Халакостан да жойқын апат болады. Тәңірдің өзіне мойынсұнбайтындардан алған кегі ретіндегі бұл турбулация, Израил пайдасына жүзеге асады. Пәлекет барысында бір ядролық соғыстың болатынын Мұқадес бізге ап-ашық хабарлайды: «Адамзаттың 1/3-і өрт, ыс пен түтек, күкірттен жоқ болады. Бұлардың көз алдында бір от обыры(мешкейі) шығады (Joel 2:3). Кім? Израилге қарсы шапқан солтүстік әскері(Орыс немесе Түрік әскері болуы мүмкін бе?). Барлық мемлекеттер тәңірдің қызғаныш өртімен жоқ болады (Zephaniah). Ұмытпа, ол күн келгенде пеш сияқты жанғаныңды көресің (Malachi 4:1)» Сондықтан Көне және Жаңа Ахит бір ядролық қырғынның болатыны пікірінде бірлеседі. (Grace Hallsell)
Жоғарыда кітабынан үзінді берілген Grace Hallsell – жай бір журналист, жазушы болмаған. Ол, Ақ Үйде Джонсон кезінде үш жыл Қолбасшылық кеңесшісі болған, көп марапат алған адам. Техас университетінде, Нью-Йорк Колумбия университетінде, Сорбоннеде білім алған.
Еванжелист және Кабалист теология бойынша әлем басынан кешіретін турбуляция дәуірінде құтқарушы Мәсіхтың жылдам келуі үшін Тәңірдің ізгі құлдары Еванжелисттер және Кабалисттер сөзсіз Тәңірге көмек беруге тиіс. Себебі, бұл кезеңде экономикалық, саяси, әлеуметтік хаос туып, табиғи апаттар бірінің артынан бірі дүниені жалмайды. Еванжелисттердің «пәлекетті» арқау еткен хаосына қарсы Кабалистер «Күнәдан арылу» атын берген «Жыныстық азғындықты» арқау еткен бір турбулация Мәсіхтың келуін жеделдетуіне сенеді.
***
Мәді мен Иса феномені алдымен Түрік-Ислам жағрапиясын толық мағынасында ядролық, биологиялық және химиялық соғысқа тартуы мүмкін. Тарихта алғаш рет түрлі сенім мен есептер арқылы Дәуіт патша тегінен яһудилер күткен Иса, айрықша айтсақ, Еванжелист христиандар күткен Иса Мәсіх, Иран бастаған Шиит Ислам сеніміндегі мұсылмандар күткен «жоғалған» 12-інші имам Мәді және бір топ сүннит мұсылман тарихат жамағаттардың күткен Мәдісі мен Исаның XXI ғасырдың алғашқы ширегінде келетіні турасындағы қуатты сенім мен спекуляциялық саяси аттракциондар таңғаларлық дәрежеде қабысады.
Біз кімнің неге сенгенін сот таразысына салғымыз жоқ, алайда бұл түрлі сенімдегі жүз миллиондаған адамдардың неліктен бірдей көзқарас ұстанып Иса Мәсіхті күтетіні таң-тамаша етеді. Істің басқа тарабы болса, осы асыға күтушілер тіпті Иса мен Мәдінің тезірек келуі үшін «Тәңірді қияметке шақырып отыр».
Тараптардың каббала суын «ішуімен» танымал каббалашы әнші Мадонна яһуди Мәсіх аңсаушылардың негіз қалап кеткен «күнәдан арылу теологиясында» шекара танымайды. Мыңдаған адамдардың алдында, тіпті 12 жастағы өз ұлының алдында мастурбация жасады. Төсі мен бөксесін көрсеткен сәттері де аз емес. Екінші тарапта болса Еванжелисттер, сионист Израилдықтар және Иран билігінің жоғары басқарушылары ядролық, биологиялық және химиялық соғыстың бір сәттік қана мәселе екені туралы айтқан «сөз соғысын» жүргізіп келеді.
Әсіре, Израиль Батыстағы жақтас шеңберінде бір қиямет күні сценарийін қалыптастырды.
Ұқсас бір тетікпен Дәуіт патша тегінен яһуди Мәсіні пен еванжелист Иса Мәсінің шұғыл келуі үшін Армагидон соғысы болжанады. Надандарға толы екендігін көрсетеді. Себебі Құран Кәрімде Иса пайғамбардың қайтадан Жер бетіне келуі туралы ешқандай да аят жоқ. «Қараңызшы, Мәсі/Мәді мәселесі бір орталықтан қотарылған, ең жеңіл түсіндірмемен айтсақ жаңа бір Дүниежүзілік соғысын тудыратын феномен бе?»
Жаһандық орталық капиталды бақылауына алған тегі белгілі, ұлттарүсті кланды қалыптастырған жаһандық элиталар сыйлық механизмі арқылы рухани дүние, саясат, өнер(синема, музыка), мәдениет пен білім алаңдарында көптеген азаматтық комитеттер мен ұйымдар арқылы басқару жасайды. Бұлардан ең маңызды екеуі Нобель мен Оскар сыйлығы. Сізге біраз оғаш көрінуі мүмкін, бірақ қару өндірушілердің сүйікті есімдерінен David Trimbel мен John Hume екі адам Нобель бейбітшілік сыйлығына 1999 жылы лайық көрілді. Ағылшын Chatham House, Tavistock институтынан АҚШ-тың Сыртқы істер кеңесіне дейінгі «ұлтаралық» құрылым бір орталықтан басқарылады және бақыланады. Нысана Әлемнің жаңа құрылымы астында «Тәңір патшалығы» атындағы эзотерикалық(жасырын) бір мемлекетті құру.
Соңғы көздегені жаһандық орталық капиталдың Әлемнің толықтай егемендігін қалыптастыру.
Жер бетінің басқарылуын сөзсіз бір уыс элита тарапынан жүргізуді жүзеге асыру.
Авраамдық діндерді синкреттік дінге айналдыру(біте қайнастырып жалғыз дін жасау). Әрине бұл аяда Ислам дінінен Мұхаммд пайғамбарды сызып тастау.
Нео-либерал демократия атында социалист моделдің адамзатқа таңылуы. Элиталар бұл мақсаттарға жету үшін әртүрлі айла-тәсілге бара береді. 2030 жылға дейін адам саны 8 жарым миллиардқа жетуі мүмкін.
Жинақтап келгенде, бұл жазылған дүниені әркім әртүрлі деректен оқып біліп жүрген, әртүрлі көзқараста, танымда түсініп жүрген болуы мүмкін.
Рухты жасау ешқашан да мүмкін емес. Үмітсіздікке салынуды үгіттемеймін. Мен тек айналамызда болып жатқан құбылыстарды әр қырынан бақылауда ұстауды, жалаң қарап, атүсті шешім шығармауды, ғылымның жетістігін игере білуді һәм технология құлы болмауды еске саламын.
Идефикстен арылуға, шығар жол іздеуге шақырамын!
Нұрғали Нұртай
Түсініктемелер:
Каббала – [ежелгі еврейше “дәстүр”] – II-V ғғасыр қалыптасып, XII-XV ғасыр Испания мен Палестинада дамыған еврейлік эзотерикалық философия. Бұл ілімнің ерекшелігі шығыстық аңыздар элементтерін эллинистік ғылым идеяларымен біріктіруінде. Каббаланы, кәбіне, негізінде әріптер мен сандардың сиқырлы әрекеті жатқан құпия ілім ретінде қарастырады
Сионизм – «барлық еврейлердің» олардың алыс ата-бабаларының жерлеріне – Иерусалим жанындағы Сион тауына – қазір Израиль Мемлекетіне қоныс аударуымен байланысты ұлттық идеология мен саясаттың бір түрі.
Статус-кво — status сақтау не қалпына келтіру туралы әңгіме қозғалып отырған қолданыстағы не белгілі бір мезетте қолданылған саяси, құқықтық немесе өзгедей жағдай
Аллегорлау — аллегория (көне грекше: allёgorіa — пернелеп айту), пернелеу — оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі — қулық, арыстан — зорлық, қасқыр — қастық, қоян — сужүректік, есек — ақымақтық, аққу — адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типология ортақ бейнелер Аллегорлау арқылы беріледі.
Тяньаньмэнь қырғыны — 1989 жылы 4 маусым күні Қытай коммунистік билігінен демократиялық реформаларды талап етіп Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңына шыққан жастар ереуілін үкімет әскердің көмегімен басып-жаншыған еді. Сол оқиғада нақты қанша адамның мерт болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Қытай өкіметі ол туралы ешқандай ақпарат жариялаған емес. Сол кездегі зорлық-зомбылық әрекеттерінен жүздеген адам мерт болды. Кей деректерге қарағанда, Тяньаньмэнь қырғынында мыңдаған адам қаза тапқан болуы мүмкін.
Шумер, Сумер – Месопотамия ойпатының оңтүстігінде орналасқан ежелгі тарихи аймақ. Ол Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында, қазіргі Ирак аум-ның оңтүстік бөлігінде болған. Қазіргі күнге жеткен жазба деректер бойынша Шумерді — біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың соңында негізінен шумерлер және аздаған мөлшерде шығыс семиттер – аккадтар мекендеген.
Лоббизм – жеке тұлғалардың, саяси субъектілер мен ұйымдардың белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында жасайтын іс-әрекетін білдіретін ұғым.
Эзотеризм — грек тілінен шыққан сөз. Гректің «ezoterikoj» – ішкі және «exoterikos» – сыртқы деген мағынаға келетін сөз. Түсінік аясынан тыс, басталмаған құбылыстар мен оған сәйкес білім мен ғылымның ұштасу және діннің қабысуы.
Эзотерика ілімін кез келген адамдардың барлығы түсіне алмайтын ілім саласы. Оны сол саланың маманы немесе маманның айшықтап түсіндіруі арқылы түсінетін білім. Ал, экзотерика ілімін сол ілімнің маманының түсіндірусіз түсінетін ілім. Эзотерика құбылыстардың ішкі байланыстарын түсіндіретін ілім. Экзотерика болса, құбылыстардың сыртқы байланыстарын белгілеуге қолданылады.
Паганизм — көп құдайшылдық. Олардың шығу тегі қазірші аврамдық діндерден де ерте ежелгі табиғат діндеріне және осы діндердің жалпы атауы болып табылатын сенімнің нысаны. Осы дінге сенушілер паган деп аталады.
Авраамдық дін — Авраам бес қасиетті кітап бойынша осы бағыттағы діннің негізін қалаушы,бұл діни бағыт иудаизмде,Христиан және Ислам дінінде де Эхнатонның үстемдік ету заманында қалыптасқан .Иудаизм-діни ұғымды адам өмірінің барлық өмірімен байланыстырады.Иудей-дінге және ұлттық нәсілімен жататын ,сонымен бірге күнделікті өмірде жазылған ережелерді бұлжытпай орындау.Иудаизм жалпы дүниежүзілік діндердің көптеген салттарын қабылдамаған,олардың айтуынша адам баласы туа салысымен иудаист болады,ондай болмаған ондай болмаған күнде арнайы ант қабылдап өтуіне болады-мыс.
Иллюминати — Латын тіліндегі illuminatus, “оқымысты” дегеннің көпше түрі. Тарихи әрі құпия бірнеше топқа берілген ат. Тарихи тұрғыдан бұл атау Ағарту заманындағы 1776 жылы 1 мамырда діндарлыққа, жалған сенімге, діннің қоғам өміріне әсер етуіне, мемлекет билігінің қиянатына қарсылық көрсету және әйел адамға білім беру мен ер мен әйелдің теңдігін қолдау үшін құрылған құпия ұйым. Бұл қозғалысты 1776 жылы Мамырдың 1 Ингольштадта (Жоғарғы Бавария) алғашқы бес адамдық құраммен, Ингольстадт Университетінің заң профессоры болған Жесуит-тот Адам Уейшопт (д. 1830) Иллюминати Ордені етіп құрған еді. Ол Ағартудың жемісі болған азат ойлылардан құралған. Иллюминатилер мүшелері құпиялықты сақтау антын қабылдап, басшыларына бас июге келіскен.. Римдік Католик Шіркеуінің ынталандыруымен Иллюминати Бавария үкіметінің жетекшілігіндегі басқа да құпия ұйымдармен қатар заң шеттеткен және 1785 жылы тарап кетті. Бавариан Иллюминатидің 1785 жылғы ауыртпашылығынан аман-есен шықты деуге ешқандай дәлел жоқ. Алайда, Марк Дайс, Дэвид Ик, Текси Маррс, Йюри Лина және Морган Грицарь сияқты жазушылар Бавариан Иллюминати ол кезде құламады және мүмкін әлі күнге дейін бар деп қарсылық айтады. Көптеген осындай теориялар дүниежүзіндегі оқиғалардың өздерін Иллюминати деп атайтын құпия ұйыммен басқарылады деп болжайды. Астыртын теористтер көптеген ықпалды адамдардың Иллюминати мүше болғанын сендіреді. Осылай сендірудегі ең көп көзделетіндері Құрама Штаттардың Президенттері.
Нұрғали Нұртай
Дереккөз: "Тарлан"
Jebeu.kz