Асқар Мамин: Импорттың үлесін азайтамыз

Уақыты: 2019-03-05 Көрлімі: 700 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық тауарлардың көлемін ұлғайтуға қатысты негізгі...

114084.jpg

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық тауарлардың көлемін ұлғайтуға қатысты негізгі міндеттерді атады, деп ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Үкімет басшысының айтуынша, жеті жылдан кейін импорттың үлесі 59 проценттен 37-ге дейін түседі. Есесіне отандық тауарлардың көлемі артады. Осыған байланысты өңдеуші кәсіпорындары әртараптандыру шаралары жалғасады. 

«2019-2025 жылдары аралығында 300-ге жуық жоба іске асатын болады. Болжамға сәйкес, 2025 жылға қарай қарапайым заттар экономикасы тауарларын өңдеу көлемі 4 триллион теңгеден 9 триллион теңгеге дейін ұлғаяды. Сол кезде бүкіл Қазақстан бойынша 16 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл - аса маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет», - деді А.Мамин.

Айта кетейік, өткен жылы Ақордада өткен жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екінші деңгейлі банктерге қосымша 600 миллиард теңгені бөлуді тапсырған болатын. Аталған қаржыға өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортқа арналған жобаларды қаржыландыру қажет. 

«Отандық кәсіпорындар экспортқа басымдық беруі керек. Халық жиі тұтынатын тауарларды көптеп шығарып, қарапайым заттар экономикасын ойлау қажет. Әрбіреуі өз міндетін орындап, басқа нарықтарға шығуға тырысуы шарт. Соның арқасында экспорттық әлеуетімізді ғана емес, ішкі нарықты да отандық тауарлармен толтыра аламыз», - деді Н.Назарбаев.

Jebeu.kz




Пікір жазу
  • Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құрылды
    Тоқаев: Елді әлеуметтік дамытуға арналған шараларды іске асыру - уақыт талабы