Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы тіл екені даусыз. Ана тілі арқылы – әр адам өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры десек те болады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11- шілде де Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жылы «Мемлекеттік тіл жылы » деп жарияланды. Содан бері 22-қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі деп аталып келеді. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтың мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет деп ойлаймын. Қазақстанда 100- ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.
Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы. Осы Асыл мұрамызды ұлағаттау мақсатында өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде биофизика және биомедицина кафедрасында 1 курс ББ16 - 03К тобының ұйымдастыруыменен кафедрадағы куратор-эдвайзерлердің қатысуыменен «Анамның тілі – Айбыным менің» атты салтанатты жиын өткізілді. Студенттерге Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігіміздің көзі, Ата Заңымызбен қорғалатын, еркіндігіміздің үні екендігі айтылып, оны құрметтеу, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл – қыздары бізге ғасырлар бойы ата- бабаларымыздан жеткен аманат екендігі айтылды. Кафедра меңгерушісі профессор Сұлтан Төлеуханұлы мен профессор Нұртай Торманұлы еліміздің көрнекті ақын жазушылары жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті, әрі тарихи құндылық, достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс- берекенің алды екендігіне тоқталып өтті. Факультетімізде өткізілген осындай игі шаралардың нәтижесінде қазіргі жастарымыздың ұлт жанды, әрі арлы, мәдениетіміз бен салт дәстүрімізді қадірлей білетін азамат болатындығына үлкен жол ашатындығына куә болдық.
Олай болса ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі – ана тілі. Тілімізді қастерлейік деп осындай тәрбиелік мәні жоғары шараларды көптеп өткізу студент жастарымызға тас бұлақтың тұнығы да, ана сүтінің ұғымы да, райхан гүлдің жұпарлылығы да, назды сұлудың нәзіктігі де, сахар даланың жазықтығы да қасиетті қазақ тілінде екендігін үйретеміз.
Тілімізді ділімізді қастерлейік!
Биофизика және биомедицина кафедрасы PhD Әлібек Ыдырыс
Куратор – эдвайзерлер Жандос Басыгараев, Гүлшат Атанбаева.