Қазақстан халқы 2050 жылға қарай ол 24,5 миллион адамға жетеді, деп Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап хабарлаймыз. Мұндай тұжырымдарға Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің ақпаратын талдау нәтижесінде қол жеткізді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстан халқы биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша жыл басынан бері 112 мың адамға көбейіп, 18,5 миллионнан асқан.
Сонымен бірге, қалалану (урбанизация) процесі белсенді түрде жалғасуда. Бірінші жартыжылдықта 112 мың тұрғынның ішінде қалалардың үлесі 74,3% құрады (2019 жылдың басында 58,2% болған). Ауылдық жерлердегі халықтың саны бар-жоғы 29 мың адамға өсті, бұл төмен көрсеткіш тұрғындардың ауылдардан кетуімен байланысты. Жыл басынан бері ауылдық аумақтардан көші-қонның теріс сальдосы 23 мың, ал табиғи өсім 52 мың адамды құрады.
Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларында қазіргі уақытта халықтың 22% тұрады. Егер оларға іргелес жатқан облыстарды (Алматы, Ақмола және Түркістан) қоссақ, онда бұл көрсеткіш 47,5% дейін артады.
ЕРДО сарапшыларының мәліметі бойынша, туу және өлім-жітім көрсеткіштері өткен жылдың деңгейінде, ал көші-қон ағындары соңғы бес жылдың орташа мәнінде сақталса Қазақстан халқының орташа жылдық саны 2027 жылға қарай 20 миллион адамнан асады, ал 2050 жылға қарай ол 24,5 миллион адамға жетеді.
«Осы жағдайларда 2050 жылға қарай Нұр-сұлтан қаласы тұрғындарының саны 3,1 милионнан асады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 194% өсімге сәйкес келеді және ең ірі мегаполис – Алматыға жақындай түседі. Отыз жылдан соң осы шаһар тұрғындарының саны 3,3 миллионға жетіп, өсім 82% құрайды. Үшкінші мегаполис – Шымкенттегі халық саны 2050 жылға таман 2,6 млн адамға немесе 167% дейін өседі», деді ЕРДО еңбек ресурстарын болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Ол сонымен қатар, республиканың өңірлері арасында мұнай өндіретін аймақтарда халықтың қарқынды өсуі күтілетінін атап өтті. Сарапшылардың болжауынша 2050 жылға қарай Маңғыстау облысында шамамен 1 миллион 360 мың адам (2018 жылы – 669,3 мың адам), Атырауда – 1,1 миллион адам (2018 жылы – 627,2 мың адам) тұратын болады.
«Алайда халықтың өсуі біркелкі емес. 2050 жылға қарай бес облыстың (Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары) халқы бүтіндей есептегенде 1,3 миллион адамға немесе 2018 жылмен салыстырғанда 24% қысқаруы мүмкін. Тек бірінші жартыжылдықта аталған өңірлердің халқы 8,3 мың адамға азайған, ал кеткен адамдардың саны келгендерден 21,4 мыңға артық. Егер көші-қон құрылымында 20-30 жас аралығындағы адамдар басым болатындығын ескерсек, табиғи өсу деңгейінің төмендеуіне байланысты адам санының азаюы бұдан да жылдамдай түсуі ықтимал», - деп толықтырды Дмитрий Шумеков.
Сонымен бірге, 1990 жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басындағы бала туу деңгейінің төмендеуіне байланысты 20-29 жас аралығындағы әйелдер саны айтарлықтай азаятынын айтты. Егер 2018 жылы олардың саны 1,4 миллион адамды құраса, 2025 жылға қарай дәл осы көрсеткіш 1,1 миллион адамға дейін азаяды деп болжануда. Нәтижесінде бала туу есебінен халық санының өсуі баяулайды, бірақ бұл үрдіс тоқтамайды.
Айта кету керек, бұл болжам ретроспективаға негізделген және бірқатар факторларға байланысты орындалмауы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 1999 жылдың маусым айында ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» РМҚК құрылған болатын. 2011 жылдың қазан айында РМҚК «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ болып қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі Қаулысымен «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болып өзгертілді.
Орталық қызметінің негізгі саласы – еңбек нарығын реттеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдау, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды және халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдістемелік қолдауды қамтамасыз.
Jebeu.kz