Қазақстандықтар электрондық ақша жүйелері арқылы 443,5 млрд теңге аударған

Уақыты: 2019-11-01 Көрлімі: 1562 Сипаттама

2019 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 400 млрд теңгеден астам сома электрондық ақша аудару...

sozdat-obmennik-elektronnyh-900x_.jpg

2019 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 400 млрд теңгеден астам сома электрондық ақша аудару жүйелері арқылы өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады. 

2019 жылғы 9 айда электрондық ақша жүйелерінің эмитенттері 436,4 млрд теңге сомаға электрондық ақша шығарды, бұл өткен жылғы деректерден 13,5%-ға асады. 

«Қазақстанның электрондық ақша жүйелері арқылы 443,5 млрд теңге сомаға 117 млн транзакция жүргізілді, 2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда жүргізілген операциялар саны 25%-ға өсті. Бұл көрсеткіштерге жеке тұлғалар арасындағы аударым операциялары және заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің пайдасына тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кіреді», - деп хабарлады Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков. 

1911011245243050f.jpg

Қазақстан нарығында 22 электрондық ақша жүйесі жұмыс істейді, олардың эмитенттері 10 банк пен «Қазпошта» АҚ болып табылады. 2019 жылы 5 жаңа электрондық ақша жүйесі жұмыс істей бастады: «Senim», «AlmaPay», «Onay Pay», «Onе Click» және «ҚАЗЕВРОМОБАЙЛ». 

Қазақстанда электрондық ақша интернет-коммерцияға, коммуналдық қызметтерге, ұялы байланысқа, кредиттер өтеуге және т.б. ақы төлеу үшін пайдаланылады.

   Ал, төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі екі есе өсті. 

 Соңғы жылдары айналыстағы төлем карточкаларының саны және тиісінше қолмақол ақшасыз операциялар көлемі жоғары қарқынмен өсуде. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының саны 30,6 млн бірлік болды, бұл 2019 жылғы осындай көрсеткіштен 43%-ға асады.

Снимок.JPG

 «2019 жылғы 9 айда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі екі еседен астам ұлғайып, 8,9 трлн теңгені құрады», - деп хабарлады Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков. 

Қолма-қол ақшасыз транзакциялардың негізгі үлесі банктердің онлайн сервистері арқылы жүргізілді. Бүгінгі күні онлайн сервистерде 18 млн-ға жуық пайдаланушы тіркелді, олардың ішінде 34%-ы операцияларды тұрақты түрде жүргізеді, бұл жағдайды халықтың банктердің қашықтан цифрлы арналарына деген қажеттілігі растап отыр. Күн сайын онлайн сервистер арқылы 21 млрд теңгеден астам сомаға 1,3 млн-нан астам операциялар жүргізіледі.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы 100 күні еуропалық аудиторияға таныстырылды
    2019 жылы жастарға 5 жылға 3 000 пәтер жалға беріледі

    Ұқсас тақырыптар