2019 жылы жастарға 5 жылға 3 000 пәтер жалға беріледі

Уақыты: 2019-11-04 Көрлімі: 719 Сипаттама

2019 жылы 3 000 пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5...

703dc21b69a2ecc89dc9d2260990763b-896x597.jpg

2019 жылы 3 000 пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға берілетін болады.  Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«2019 жылы 3 000 пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға берілетін болады. Болжанған жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды. Ал, тұрғын үй алаңы кемінде 40 шаршы метр. Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерге құжаттар қабылдау бүгін басталды. Алматы қаласы бойынша 200-ден аса өтінім түскен. Алдағы 3 жыл ішінде осындай 9 мың пәтер беріледі»,- деді Д. Абаев. 

Сонымен бірге инистр Дәурен Абаев мұндай пәтерлердің 2022 жылдан бастап еліміздің басқа өңірлерінде де қолға алынатынын айтты. 

«Сондықтан да, мұндай пәтерді алу шартының бірі – соңғы 2 жылда сол қалада тұрақты тұру керек. Сонымен бірге, егер сіздер қолдасаңыздар, жастарға арналған жалға берілетін баспананы еліміздің басқа да өңірлерінде 2022 жылдан бастап салу мәселесін көтеруге болады», - деді министр.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қазақстандықтар электрондық ақша жүйелері арқылы 443,5 млрд теңге аударған
    "Бизнестің жол картасы - 2020" нәтижелері қорытындыланды