Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны, қателескені үшін қылмыстық жазаға тартылмайды

Уақыты: 2020-04-20 Көрлімі: 746 Сипаттама

Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тар...

1587364310397.jpeg

Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Бүгінгі таңда төтенше жағдайлардың салдарына байланысты табысынан айырылған 3 млн 960 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Оларға 157 млрд теңге төленді. Өкінішке орай соңғы 4-5 күн бойы әлеуметтік желілерде, қоғамда «42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық тұрғыда жазалайды екен« деген әңгіме көп таралып жатыр. Біз бәрін қарап шықтық. 5 сәуірден бастап заңгерлеріміз осы мәселеге қатысты пікірлерін айта бастаған. Оның ішінде ерекше таралғаны сол күні Закон.кз порталында орыс тілінде Данияр Нұрланұлы мен Руслан Қожахмет есімді заңгер-адвокаттардың Қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын талдап, соны 42 500 теңге төлеміне қатыстырып жазған мақаласы болды. Осыған байланысты, құрметті қазақстандықтар, ағайындар! Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық. Ешкім жауапкершілікке тартылмайды. Оны ана талқылап жатқан заңгерлер де біледі. Біз ешкімді тексермейміз. Себебі бұл - әлеуметтік төлем. Бұл - әлеуметке бағытталған төлем. Сондықтан көпшілік осы төлемді алғысы келеді. Өткен брифингіде де айтқанмын, біз ешкімді жаппай тексеріп жатпаймыз. Жеке тұлғаларды, ресми не бейресми болсын жұмыс істеп жүргендерді үйлерді аралап, тексермейміз. Ештеңеге уайымдамаңыздар. Сізерге төленді ме? Алыңыздар, жаратыңыздар. Тексеру болса да бізді тексередi. 42 500 теңге әлеуметтік төлемі проактивті түрде тағайындалғандар еш нәрсені уайымдамау керек. Оны қайтарудың да қажет жоқ. Бүкіл жеке тұлғалар, ешқайсыңыз қайтармаңыздар, уайымдамаңыздар. Тексеру де болмайды. Тексеру болған күннің өзінде ешкім сіздердің жұмысыңыздың болғанын не болмағанын дәлелдей алмайды. Сондықтан оны қайтарудың қажеті жоқ», - деді министр.


Пікір жазу
  • Қашықтан оқыту барысы қалай жалғасуда?
    Марат Бекетаев: Саяси партияларды құру тәртібі жеңілдейді

    Ұқсас тақырыптар