Марат Бекетаев: Саяси партияларды құру тәртібі жеңілдейді

Уақыты: 2020-04-22 Көрлімі: 495 Сипаттама

ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Саяси партиялар туралы...

Снимок.JPG

ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Саяси партиялар туралы» Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасымен саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету, жастар мен әйелдерді көп тарту ұсынылады.

"Бұл ұсыныс саяси партияларды құру тәртібін жеңілдетеді, сондай-ақ мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестеріне оң әсерін тигізеді. Ұсынылып отырған заң жобалар әр түрлі алаңдарда мақсатты топтармен қаралды. Атап айтқанда, заң жобалар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жекелеген мүшелерімен, жастармен және саяси партиялардың өкілдерімен кеңінен талқыланды. Жалпы, осы заңнамалық бастамалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпалын тигізетін болады», - деді Әділет министрі Марат Бекетаев.

Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған заң жобасына қатысты пікір білдірді.

«Еліміздің саяси бағытын жаңғырту жолында тағы бір нақты қадам жасалды деуге болады. Бүгінгі мақұлданған заң жобаларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, көптеген маңызды өзгерістер енгізілді. Енді, саяси партияны тіркеу үшін қажетті мүшелер саны 40 мыңнан 20 мыңға дейін қысқаратын болады. Сонымен бірге, партиялардың сайлау тізімінде енді әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз міндетті квота қаралады. Осының барлығы еліміздің саяси-қоғамдық өмірі үшін маңызды өзгерістер болып саналады», - деді Мәжіліс төрағасы.


Пікір жазу
  • Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны, қателескені үшін қылмыстық жазаға тартылмайды
    Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы әлемнің 9 университетінен шақырту алды

    Ұқсас тақырыптар