Қай өңірде туу көрсеткіші ең жоғары?

Уақыты: 2020-05-21 Көрлімі: 2199 Сипаттама

2019 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 402 310 туғандар тіркелді, бұл 2009 жыл...

20-1kz2.png

2019 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 402 310 туғандар тіркелді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 12,9% көп. Қалалық мекендерде туғандар саны – 239 496 адам (59,5%), ауылдық – 162 814 адам (40,5%). Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлады. 

2019 жылдың нәтижесі бойынша 208 038 ұл (51,7%), 194 272 қыз (48,3%) туған. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады.

20-1kz1.png

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 2019 жылы 21,73 (2009 жылы – 22,14) туғандарды құрады, қалалық мекендерде – 22,09 (2009 жылы – 21,62), ауылдық мекендерде – 21,22 (2009 жылы – 21,75) құрады.

 20-1kz2

Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 туғандар), Түркістан облыстарында (27,87) және Шымкент қаласында (27,89) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,46), Қостанай (13,15) және Павлодар (15,35) облыстарында көрініс тапты.

Барлық ұрпақты болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2019 жылы республика бойынша 2,90 құрады және 10 жыл ішінде 9,4% өсті, тиісінше қалалық мекендерде – 2,75 және 5,4%, ауылдық мекендерде 3,17 және 16,1%.

Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК деңгейі Түркістан (4,29), Маңғыстау (4,02) облыстарында, ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,78) мен Қостанай (1,81) облысында байқалды.

 20-1kz3

2019 жылы бірінші туылғандарға туудың жиынтық коэффициенті 2009 жылмен салыстырғанда төмендеді, ал екінші және келесі туулар үшін өсті.

2019 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,9 жасты (2009 жылы – 27,4) құрады, қалалық мекендерде – 29,2 (2009 жылы – 27,6), ауылдық мекендерде – 28,5 (2009 жылы – 27,3).

Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,8 жасты, Нұр-Сұлтан қаласында 30 жасты құрады.

Пікір жазу
  • Үкіметте Германиямен машина жасау саласын дамыту мәселесі талқыланды
    Асқар Мамин: Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие