Microsoft: Қазақ тілінің 22 миллионға жуық сөйлеушісі бар

Уақыты: 2020-06-08 Көрлімі: 1425 Сипаттама

Маусымның 3-і күні Microsoft компаниясы қазақ тілінің компанияның Microsoft Translator тілдер тобына...

20180709122249-1349.jpg

Маусымның 3-і күні Microsoft компаниясы қазақ тілінің компанияның Microsoft Translator тілдер тобына қосылғанын жариялады, деп kaz-science.kz сайтына сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Компанияның аударма тілдер тобында қазір 60-тан астам тіл қамтылған. Қазақ тілі енді Microsoft аударма қосымшалары, қондырмалар, Office бағдарламалары, Bing аудармашысы және бизнестер мен бағдарлама әзірлеушілерге арналған Azure Cognitive Services аударма қызметінің тілі болып жұмыс жасайды.

«Бүгін біз тілдік кедергілерді жою жөніндегі миссиямызды жалғастыра отырып Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қостық деп қуанышты түрде жариялаймыз. Qazaqsha немесе Qazaq Tili деп танылған бұл  тілдің Қазақстан, Батыс Қытайда, Батыс Моңғолия, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа жерлерінде 22 миллионға жуық сөйлеушісі бар", деп жазылған Компанияның блогындағы хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 12 желтоқсанында WikiBilim Қоғамдық қоры қазақ тілінің Google компаниясы аударма қызметіне ресми түрде қосылғанын жариялаған болатын. Бүгінде қазақ тілі аталмыш аударма құралындағы 109 тілдің бірі.


Пікір жазу
  • Brent мұнайының бағасы 43 доллардан асты
    Білім саласында жұмыс істейтін 4 адамның үшеуі әйел