Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ: Тәуелсіздігіне 30 жыл болған ел үшін бұл өте ұят

Уақыты: 2020-11-10 Көрлімі: 2742 Сипаттама

«Рух» сөзі – Мәңгіліктің синонимі– Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жылға жуық уа...

jpg.jpg

«Рух» сөзі – Мәңгіліктің синонимі

– Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жылға жуық уақытта жоғары мемлекеттік қызметтер ат­қара жүріпүнемі ел назарында болдыңызКүт­пеген жерден зейнет демалысына шығып кет­кеніңізге де бір жылға жуықтаптыҚұпия болмасақазір немен шұғылданып жүрсіз?

– Құпия емес. Ел қатарлы өмір сүріп жатыр­мыз. Мынау айтып келмеген індет басталғалы үйден алыстамауға тырысамын. Оның да бұрын аса мән бермеген қызығы көп екен. Ең бастысы – шығармашылық ойға, бұрын қол тие бермейтін сүйікті ісіңе уақыт жетеді.

Жаңа өзіңіз айттыңыз, көп жыл елдің қызме­тін­де жүрдік. Жатсақ- тұрсақ ойымыз жұмыста, бойымыз үйден алыста болдық. Әрине, оған өкініп отырған жоқпын. Өйткені, ер азамат үшін ел-жерінің игілігіне қызмет етуден артық бақыт жоқ. Осы жолда азды-көп халыққа пайдамыз тиіп, ең­бегіміз еленіп жатса, ол да болса осы ақжүрек жұртымыздың арқасы…

Зейнет демалысы деп отырсыз ғой… Мен үшін бұл «күтпеген сый» болды деп айтпаймын. Жеті рет өлшеп, бір рет кескен келелі шешімім. Өз қалауым.

Ашығын айтқанда, бұл өмірде «құлақсыз сан­дық» секілді тиімсіз болуға арланамын. Сол үшін де, қайнаған істің жолына емес, лауазым- қызметтің қолына қарап отыратындардың қатарынан емеспін.

– Еліміздегі Жастар ұйымының жетекшілігінен бастапПремьерМинистрлікке дейінгі және одан кейінгі атқарған әкімшіліксаясиәлеуметтікэко­но­микалықруханиағартушылық салалардағы қайраткерлік қызметтеріңізден жалпы қауым жақ­сы хабардар екеніне күмәнім жоқӘйтсе деелжұрт Сізденұлт мәдениеті мен руханиятының жанашыры ретіндеосы төңіректегі пікірлеріңізді кө­бірек естігісі келетінін білемінЖалпы қазақ ұлты үшін бүл тақырыптардың өзектілігі неде?

 Ұлт мәдениеті мен руханияты туралы таң­ды таңға ұрып айта беруге болады. Талай ала­сапыран заманды, тар жол, тайғақ кешуді бастан өткерген елміз. Ұлт ретінде жойылып кетудің алдында қалған сәттер қаншама болды. Бірақ, халқымызды осы зұлмат пен нәубеттерден аман алып қалып отырған бір дүние бар. Ол – ұлттың жады. Жаңа өзіңіз айтып отырған ұлттық руханият та, рух та, мәдениет те, тіл де, дін де, тіп­ті иман, ар-ұят мәселесі де барлығы осының ішін­де. Біздің ата-бабаларымыз үшін «Рух» сөзі өте қастерлі ұғым. Мәңгіліктің синонимі. Сондықтан осы ұлттың Жадын мәңгілік қылып сақтау кешегі ата-бабалардан бүгінгі ұрпақ бізге аманат.

Өкінішке қарай, бүгінгі жаһандану толқыны кейінгі ұрпақтың бойындағы Ұлт жадын қатты шайқап жатыр. Бұл – үлкен қасірет. Сондықтан біз дәл бүгінгі күнде ұлттық санамызды, әсіресе жас буынның санасын ауық-ауық сілкіп тұруы­мыз керек. Сіздің сұрағыңыздағы қазақ ұлты үшін бұл тақырыптардың өзектілігі неде дегеннің жауабы – осы.

– Өзіңіз бас болыпмонғол жерінен тасқа таң­баланған Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесін жасатыпелімізге алып келгендеатажұртқа бабалар рухы қайта көшіп келгендей әсерде болған едікҮлкен Одақтан саясиэкономикалық дербестік алғаннан кейінгіеліміздің рухани серпілуіне осы бір оқиға себепкер болды десек артық айтқандық емесБұл оқиғаның қазақ халқының тарихындағы алатын орны қандай?

– «Тозған ел тарихын жаспен жазады, озған ел тарихын таспен жазады. Жаспен жазған – қанжілік, таспен жазған мәңгілік» деген бар. Адамзат тарихында талай елдің шежіресі тасқа жазылған немесе таспен өрілген белгілер арқылы сақталып, тарих атты ұлы кітаптың мұрағатына қатталып жатыр. Мұның өзі – тұтас өркениеттің өлшемі. Мысырдың Пирамидалары немесе Қы­тайдың Ұлы Қорғанына қараңыз… Ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ.

Жазу мен сызу, мұрағат жию сияқты әдеті болмаған қай халық болсын, кешегісін бүгінімен сабақтастыра алмай, пұшайман күйге түседі. Сон­дықтан Күлтегіннің келуі, осындай жазба ескерт­кіштің сырын ашу – біздің ұлттық тарихымызды жаңа белеске көтерді. Білге қағанның, Тоныкөк бабаның, Күлтегін батырдың есімдері төл тарихы­мызға енді.

Ең бастысы – «қазақта тамыр жоқ, өз мем­леке­ті болмаған» дегендердің аузына құм құйыл­ды.

Қазір әріп таңдайтын емес, ілім-білім қуатын заман

– Түркі мәдениетінің зерттеушісі ретіндесізге тағы бір сұрақкейбір ғалымдар түркілік жазба әде­биетінің түп тамырыносы атабабаларымыздың тас­­қа қашалған көне түркі жазуларынан бері қарай та­­ратып жүрЕндешежазба мәдениетіміздің та­рихыкирилица мен латын жазуының пайда болған ке­зеңінен де ертерек дәуірлерденяғниолардан 5-6 ға­сыр бұрынырақ басталады десекқателеспейміз ғой?

– Оған күмәніңіз болмасын. Бұл сіз бен біздің бүгін ашып отырған жаңалығымыз емес. Осыдан 80 жыл бұрын әлем мойындаған тарихшы-түрколог Лев Николаевич Гумилевтің дәлелдеп кеткен айшықты ақиқаты.

Өкінішке қарай, этногенез мәселесінде біз кейінгі уақытта біршама шектеулерге бой алдырып жүрміз. Иә, ұлттық жазба әдебиетіміз Ұлы Абайдың атымен, ұлттық мемлекеттігіміздің негізі Қазақ хандығының құрылуымен тікелей байланысты… Оған дау жоқ.

Бірақ, оның алдындағы 3000 жылғы тарихты қайда қоямыз?!

Біз неге атты қолға үйретіп, дөңгелекті ойлап тапқан көне дәуірдің көшпенді жұртынан бас тартуымыз керек?!

Неге сонау Еділ патшадан басталған өр­ке­ниет­тер көші мен кешегі Шыңғысханның әлемді билеген күшіне таласпауымыз керек?!

Неге әл-Фараби заманында ғұламалар жи­наған кітапханалар мен кешегі Ұлы Моғол­дар салдырған мәңгілік ғимараттармен жанас­пауы­мыз керек?!

Бұның барлығы төрткүл дүниеге тараған түр­кіге ортақ қазына. Ал түркі жұртының түп атасы – мына отырған сіз бен біздің бабамыз.

Ана тілімізді алайық… Ол кешегі Күлтегіннің тасына VIII ғасырда басылған руникалық жаз­ба­дан басталған жоқ қой. Қаншама мың жылдар бойы қалыптасып, қанымызға сіңді.

Сондықтан да, бұл мәселеде жүйелілік ке­рек. Тарихшы-ғалымдарымыз ғана емес, тұтас қо­ғамның ортақ көзқарасын қалыптастыру шарт.

Ал енді, латын жазуы деп жатырсыз… Өз басым әліпбиді ауыстыра бергенге күмәнмен қараймын. Қазір әріп таңдайтын емес, ілім-білім қуатын заман. Әріп ауыстырамыз деп жүр­генде осыған дейін жиған-терген барымыздан айырылып қалуымыз мүмкін. «Абай жолы» мен «Қан мен терді», «Аласапыран» мен «Дарабозды» оқи алмайтын күйге түспесек деймін.

Тағы да қайталап айтайын, әріпте тұрған еш­теңе жоқ. Ой-өріс керек, білім қымбат. Өркениет­тің көшінен қалмауымыз керек.

– «Күлтегіннің оралуы» – түпкі тарихымыз бен түркілік мәдениетімізді жаңа қырынан зерделеуге түрткі болдыЕлбасы тапсырмасымен 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылдандыОсы игілікті істің басықасында тағы да өзіңіз жүрдіңізҮш кезеңге бөлініп, 7 жыл бойы жүзеге асырылған бұл бағдарламаның негізгі ерекшелігі неде едіНәтижесінде қандай шаруалар тындырдық?

– Әр халықтың даму жолы – бұл өзінше бір ерекшелік. Қай мемлекет болсын тарихи, мәдени құн­дылығын зерделеп, жарыққа шығаруға мүд­де­лі.

Кеңестер Одағы кезінде тарихымызды зерт­теу мүмкін болмады. Оны өзіңіз де жақсы біле­сіз. Сондықтан ата-бабамыздың бай мұрасын зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады.

Сондықтан, Елбасының тапсырмасын ала сала, біз ең алдымен танымдық дүниелерді кө­те­ре­міз, осы арқылы әлемге ұлттық рухания­ты­мыздың байлығын паш етеміз, ұрпақты осы құндылықтармен құндақтаймыз деген мақ­сат қойдық. Архаикаға ұрыну емес, әр рудың «ке­ре­метін» дәріптеп, әр ауылға бір-бір батырдың ескерткішін қою емес… Тасқа түскенін хатқа, хатқа басылғанын ұлттық санаға сіңіріп, ешкім жаулай да, даулай да алмайтын ұлттың шынайы рухани бейнесін бекіту еді.

Нәтижесі көз алдарыңызда. Бағдарламаны қабылдағаннан кейінгі бір ғана 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациясы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археоло­гия­лық зерттеулер жүргізілді. 218 нысан тарихи-мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енді. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәу­леттік және археологиялық маңызы бар ірі зерттеулер жүргізілді. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Армения, тіпті, Құрама Штат­тар және Батыс Еуропа елдеріне де ғылыми зерт­теу экспедициялары ұйымдастырылды. Олар­дың қорытындысы бойынша шамамен бес мың қолжазбаның көшірмесі елге жетіп, том-том кітаптар басылды.

Ең бастысы – бұл бағдарлама елге бұрын соңды болмаған рухани серпіліс әкелді.

Нұртілеу Иманғалиұлы мен Иманғали Тасмағамбетов

Нұртілеу Иманғалиұлы мен Иманғали Тасмағамбетов

«Әрбір ұлт – өз болмысының авторы»

– «Мәдени мұраның» заңды жалғасындай бо­лып, 2017-18 жылдарыхалықтың «ұлттықтарихи санасын жаңғыртуды көздейтін», «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының бағдарламалық мақалалары жарық көрді… Бұл бағдарламаларда көрсетілген басты бағыттар іс жүзіне асыпмежелі мұраттарға жет­кендеқазақ қоғамында қандай өзгерістер орнығады деп ойлайсыз?..

– Екі бағдарламаның да түп мақсаты – ұлт­тың руханиятын қайта жаңғырту. Төл мәдениетін ұмыт­қан елдің болашағы жоқ. Ал ұлттың бола­шағы – жас буында.

Жаһандану заманының бүгінгі тасқынында біз ұрпақты қалай тәрбиелейміз – ертеңгі дүние – керуеннен алар еншіміз де соған байланысты болады. Ақселеу Сейдімбек ағамызша айтқанда: «Әрбір ұлт – өз болмысының авторы». Ұлттың сапасын көтеріп, санасын жаңалап отыру керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ұлт қалыптасады. Мынау дүние-дода есебін ұдайы түгендеп, есесін жібермейтін елмен ғана санасады.

Жоғарыда аталған Елбасының екі мақаласы да ұлтымыздың рухани құндылықтарын ұлт санасында жаңғырта отырып, бүгінгі заман тала­бы­на сай қасиеттерді меңгеруге шақырады.

Сөз жоқ, бағдарламаның түпкі мақсаты мен идеясы өте маңызды. Әсіресе бүгінгі күннің уақыт сынағында. Мәселе оның сапалы орындалуында болмақ.

Бірақ, жақсы ойды, жүйелі жоспарды дұрыс түсінбегендіктен бе, көп жерлерде бұл бағыттағы істің барысы сұйылып кетті. Кей аймақтарда нау­қаншылыққа салынып, «Рухани Жаңғыру» деген ұлағатты сөз жалаң ұранға айналды. Оны мойындауымыз керек.

– Жалпықазіргі әлемде біздің қазақ елі сияқ­тыжаһандық өркениеттегі өз орнынтарихи тамырлары мен рухани бастауларын шарқ ұра іздеп жүргеннақты бағдарламалық ісжоспарлар құрыпмол қаржы бөліпжоғалтқанын түгендеп жүрген халық бар маӘлдеөзге жұрт арғыбергі тарихын әлдеқашан «қаттап» қойып па еді?..

– Түбін іздеп, руханиятын түгендеу – тек текті елге ғана бұйыратын іс.

Ал енді, арғы-бергі тарихын шашау шығармай қаттап, ала жаздай жаттап алған елді өз басым көрген жоқпын. Рас, тас пен хатқа түскен тарихқа еш­кімнің күмәні жоқ. Ондай елдер әлемде жетерлік.

Десе де, жоғарыда әдейі атап өттім, адамзат­тың тарихынан әркімнің таласы бар. Бір ғана мысал, мына тұрған солтүстіктегі көршіміздің IX ғасырдан бастап, бүгінге дейінгі жазба тарихы 15 федералдық, 47 өңірлік архивтерде сақталып тұр. Ал енді, қайсысын ашып қарасаң да, міндетті түрде, көшпенді бабаларымыздың ізі жатыр. 70 мың бет көне қолжазбаларды құрайтын «Киргиз-кайсацкие дела» атты 122 қордың өзі неге тұра­ды?.. Оған бауырлас татар, башқұрт, ноғайға қа­тыс­ты қорларды, кешегі әйгілі «Орынбор экспедициясын» ұйымдастырған Василий Татищевтің жеке архивын қосыңыз…

Мен бұл жерде Қытай мен Ватиканның ар­­хи­вындағы жәдігерлерді қозғап отырған жоқ­пын. Бұндай мысалдар өте көп. Сондықтан да, кезінде сақтай алмаған мирасты әлем аралап іздеп, таласып жүріп тауып, келешек ұрпақтың игілігіне беру бүгінгі күннің парызы деп білемін. Біле білгенге, бұл – болашақ елдігіміздің мәселесі.

Бұл ретте, жаһандық өркениеттегі орнымыз­ды өткеннен емес, бүгіннен іздеген дұрыс деп санаймын.

– Жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру барысы көлемі жағынан алғанда көңіл көн­ші­тедіАлолардың тиімділігін зерттеп жүрген біреу бар маӘлдебұл – қаржыны қазір құйып, «санадағы өзгерістерді» жүздеген жыл бойы күтетін жағ­дай ма?

– «Қанша өмір сүрсең сонша білім жина» дейді. Жеке адамның өсіп дамуына қойылатын талап бұл.

Ал тұтас қоғамдық сананың жаңғыруына бірді-екілі бағдарламаны қамтыған төрт-бес жылдың ауқымы жете ме?! Әрине, жоқ.

Сондықтан бұл бүгін бастап, ертең нәтижесін көр­сете қоятын дүние емес. Шыдам керек. Ынта-жігер қажет. Ең бастысы – мемлекеттік қол­дау қажет. Биліктің жол көрсетер қолы керек. Өйткені, адамды қалыптастыратын қоғам болса, қоғамды тәрбиелейтін – билік.

Жасырын емес, халықтың мұрасы, ұлттың тілі деген ұғымдарға шекеден қарайтын, салт-дәстүрді ескінің қалдығына балайтындар билікте аз емес. Сондықтан санадағы өзгерістер соларды райынан қайтарудан басталса, ең басты жетістік осы болар еді.

– Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылал, «Күл­те­гіннің» Отанына оралыпмәденирухани мұраларымызды түгендей бастағанымызға берісі – 20 жылдың жүзі болдыБылайша қарағандабір ұрпақ ауысуға жетеқабыл уақытСіздіңшебүгінгі «қоғамдық санада» өзгеріс нышаны байқала маӘсіресеболашақтың иесі – жастарға қарата айтқандаой баққандардың үлес салмағытой баққандарментым құрығандатеңесті ме?

– Медицинада аурумен күресудің ең тиімді жолдарының бірі – вакцина. Денеге құю арқылы кеселдің бетін қайтарады. Адамның саулығын сақтайды. Бүгінгі жаһанданудың ұлттық ұғымға жат түрлі құбылысынан кезінде кейінгі буын жастардың болмысын қорғайтын вакцина – ол осы рухани құндылықтарымыз. Әрине, бүгінгі жастардың көбінің көзі ашық, көкірегі ояу. Қазіргі цифрлық дәуірдің буыны үшін жан-жақты білімді болмаудың өзі мүмкін емес.

Айналып келгенде бәрі өзімізге тіреледі. Күлтегін ескерткішінің көшірмесі келгелі 20 жылдың жүзі болды. Бұл Кеңес кезінде біздің буын үшін арман ғана болатын. Оның бар еке­нін білгендерден білмейтіндер көп еді. Арман ақиқатқа айналды. Бірақ соны жастарымыз қан­шалықты жүректен өткізе түсініп жатыр?!

Ұлттық құндылық пен руханият мәселесінде сыртынан бақылап сын айту – тасада тұрып тас атумен тең әрекет. Сондықтан осыны, тарихымыз тасқа бәдізделген мұрамызды бала санасына жастайынан сіңіру – әрбір отбасы тәрбиесінің ажырамас бөлігіне айналса игі.

Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген ұлы сөзі ұлттық ұранға айналуы керек.

Апам ұрысса да, мақалдатып ұрысушы еді

– «Әкеге қарапұл өсершешеге қарап қыз өсер» – дейді дана қазақӘринебұл – аксиомаДегенменұлдан «батыр» жасаймыз депер бала тәрбиесіндегі Ананың орнын төмендетіп алған жоқпыз баАбайдың ұлы тұлға болып қалыптасуындағы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның рөлі туралы заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов жетер жеріне жеткізе жазып кеттіӘріден іздемейақбер­тінге дейінел арасында «Әбіштің анасы», «Иман­ғалидың анасы» және басқа да аналардың қай­раткер балаларына берген өнегесі туралы ай­тылып келген аңыздар әлі есіміздеЖалпы бүгінгі ұр­пақ тәрбиесінде «акценттер» дұрыс қойылып жүр ме?

Ел құрметтейтін танымал тұлға болып қалып­тасуыңызға сіздің Анаңыз қандай ықпал етті?

– Елдің берекесі – сол елді жетелеген тұл­ғаларға емес, ең алдымен, осындай тұлғаларды тәрбиелеген Аналарға байланысты.

Сөз жоқ, кім үшін де Ана – ең қасиетті, ең кие­лі есім. Ұлық әрі ұлағатты ұғым. Одан асқан құ­дырет жоқ. Болмайды да. Сондықтан да, оның қа­дірін бір ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін ем­ес.

Бір ғана айтарым – Апам өзінің ғасырға жуық ғұмырында тағдырдың қиындығы мен қызығын қатар кешіп, мәнді де мағыналы өмір сүрді. Бойын­дағы бар игі қасиетін тәрбиеге салып, ұр­пағына тәлім, ұлтына өсиет етті. Ақырына дейін Аллаға құлшылық етіп, құран-дұғасынан ұдайы ел мен жердің берекесін, халқының мерекесін тілеп өтті.

Анамыздың ерекше бір әдеті еске түсіп отыр. Әрине, жас болған соң балалық болады, қай бір істе шалалық болады. Осындайда Апам кейістік танытып, кейпін өзгертсе де, шайпаулыққа салынып, сөзінің көркін бүлдірген емес. Ұрысып отырса да, мақал-мәтелдетіп ұрысушы еді. Оның санаға әсері тіпті ерекше болады екен.

Әлі есімде, оқу бітіріп, елге келдім. Жаспыз, жігер-жалынымыз жанып тұр. Жастардың жұмысына араласып, көп ұзамай Атырау қалалық Комсомол ұйымының төрағалығына сайландым. Жаңалықты алып-ұшып бірінші Апама жеткіздім. Сонда айтқаны: «Е-е, балам-ау, қызметің еленіп, көтерілгенің жақсы. Бірақ, бұрын әке-шешенің абыройын ағайынның алдында арқалап жүрсең, енді ағайынның ар-ұятын бүкіл аймаққа апара жатырсың. «Қандай тәрбие көрген» дегізбе. Аманатыңа берік бол». Қандай жауапкершіліктің жүгін арқалап тұрғанымды сонда түсіндім. Ана­мыз­дың бұл сөзі қай қызметте болсам да бір сәт­ке де есімнен шыққан емес. Бүгінгі жеткен азды-көпті жетістігіміз болса, ең алдымен Ана­мыз­дың ақ сүтіне жарыған, тектілігінен дарыған қасиетінің жемісі деп білемін.

Билік қай тілде сөйлесе – халық та сол тілде сөйлейді

– Әр жылдарыҮкіметті басқардыңызЕкі ме­гаполисте әкімекі рет министр болдыңызҚандай жоғары лауазымда жүрсеңіз деқазақ тілін «қызметтік тілге» айналдыруға тырыстыңызЖәне ол опоңай жүзеге асып жаттыСіздің пайымдауыңызшаеліміздің қоғамдықсаяси өмірінде қазақ тілінмемлекеттік тіл ретіндеқазіргіден де белсендірек пайдалануға қарсы, «қасақана» жасалып отырған кедергілер бар ма?

– Қазақ тілі өзінің ауызша және жазбаша бірізділігі бар әлемдегі жоғары дамыған 600 тілдің қатарында, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие 200 тілдің қатарында екен. Кез-келген тілдің әлеуеті оның сөздік қоры байлығымен өлшенеді. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде өте бай тіл. Бұл қазақ тілі – ғылым мен технологияның тілі емес дейтіндерге жауап.

Дегенмен, адамзат тарихында талай халықтың тілі жойылып кеткенін білеміз. Оның басты себебі – қолданыстан шығуы.

Өкінішті-ақ, бірақ тіл мәселесі біз үшін өзінің өзектілігін әлі жойған жоқТәуелсіздігіне 30 жыл болған ел үшін бұл өте ұят.

2001 жылы осы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын ат­ап өтетін болып, мемлекеттік комиссияның төрағасы болдым. Сол кезде 5 облысты таңдап тұрып, хат жаздым. Барлығына бір ғана – «іс-қағазды толығымен қазақ тіліне көшіріңдер» деген талап қойдым. Одан бері 20 жыл уақыт өтті. Білуімше, Қызылорда мен қазіргі Түркістан облысынан басқасында нәтиже жоқ.

Мәселе іс-қағазда ғана емес. Жаңа айтып өттім, жанашырлық ең бірінші биліктен бастау алу керек. Мәселе сонда. Билік қай тілде сөйлесе – халық та сол тілде сөйлейді.

Жасампаз жастарды жоғалту – ұлттық трагедия

– Сізге философғалым ретінде бір сұрақ қой­ғым келіп отырҚазақтың тілідінісалтдәстүрлерідүниетанымы жалпы мәдениеті мен рухани мұраларын насихаттауда кітап пен ки­ноның маңызы жоғарыБүгінде жыл сайын отандық нарыққа ондаған киножүздеген кітаптар шығарылып жатадыБұл үдеріске тыйым сала алмайтынымыз өзінен өзі түсініктіОлардың маз­м­ұны мен көркемдік құндылығына назар аударыпқұнттап жатқан ешкім жоқЖастар жағы әрине, «жеңілдеуін» таңдайдыБарабара ұлттың да салма­ғын «жеңілдетіп» алмаймыз баАталған сала­ларды «қатаң» мемлекеттік «қамқорлыққа» алу қажет деп санамайсыз баМеніңшехалықтың рухани «саулығы» – мемлекеттік қауіпсіздіктің бірденбір кепілі емес пе?

– Жалпы өз басым ой мен шығармашылық еркіндігіне қол сұғуды құптамаймын. Бірақ, мәселенің екінші жағы да бар. Еркіндіктің жөні осы екен деп шектен шықпау керек. Әрине, әдебиеттің де, кино жанрының да бүгінгі дамуы мүлдем бөлек. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деп, бұрындары ұлы дарындар мен тума таланттар ғана жүретін салаға бүгінде әркім азу басып, тіс батырып жүр. Жөн-ақ. Бірақ бір анықтайтын дүние бар. Бұрынғылардың мақсаты – шығармашылықта көркемдік құндылықты басты нысан қылды. Бүгінгілердің денінің мақсаты тек біреу ғана: пайда табу. Сұрағыңызда дұрыс айттыңыз, кітап пен кинода ұлттың тұ­тас мәдениеті мен руханияты көрініс табады. Себе­бі бұл жанрлар кез-келген қоғамдағы идеоло­гияны қалыптастыратын бірден бір құрал! Ал идеоло­гияның бастауында қашанда мемлекет тұруы керек.

Қоғамдағы мәдени-идеологиялық ахуал – күле қарап, жүре тыңдайтын дүние емес. Сондықтан мемлекет бұл салаға баса мән беріп, өз қамқорлығы мен қадағалауына алуы керек. Шығармашылық еркіндік деп анайы да тұрпайы дүниелердің экранға шығып кетуіне мен де қарсымын. Біз ең алдымен ұрпақтың бойындағы ұлттық талғамның отбасынан бастау алар тәрбиесімен айналысуымыз керек. Ұлттық талғам қалыптасқанда ұлттық болмысқа жат дүниелердің барлығы да өздігінен шетке ысырыла береді.

– Сіз Кеңестік заманда «Комсомол» деп ата­лыпбертінде, «Жастар ұйымы» болып өзгер­ген «Үлкен Мектептен» тәлім алдыңызБер­тін келеөзіңіз де миллиондаған жастар мен жеткіншек­терге жетекшілік еттіңізСалыстырмалы түрде айта аласыз баСіздің бұдан 30 жыл бұрынғы за­ман­дастарыңыздың бойында қандай қасиеттер басымырақ едіБүгінгі ініқарындастарыңыздың мінезқұлқынан қандай ізгіліктер іздейсіз?

– Жастар қай заманның да қозғаушы күші. Әрине, әр заман жастарының өзіндік арманы, дүниеге деген дербес талғамы болады. Бірақ баршаға ортақ бір ақиқат бар – қай заман, қай уақыт болса да жастар әділетсіздікке қарсы. Тіпті «қылышынан қан тамған» Кеңестік кезеңде де әділет сұрап алаңға шыққан кім? Жастар. От пен оққа бірінші болып кеуделерін тосатын осы – жастар.

Жаңа айтып кеттім, әр заманның өз ерек­шелі­гі бар. Өз басым «бұрынғы жастар ғажап еді, керемет еді, қазіргі жастар ондай емес…» дегенге түбегейлі қарсымын. Бүгінгі жастардың заманы – бұл шексіз мүмкіндіктердің, тұңғиық ілім-білім мен озық ой-өрістің уақыты. Ең бастысы, қазіргі жастар – тәуелсіз мемлекетте дүниеге келген азаматтар. Алды 30-ға келіп қалған, санасы азат азаматтар.

Өзімнің де өсіп келе жатқан немерелерім бар, олардың дос-жараны, айналасы бар… Бай­қағаным, олардың арасында мансап қуу, атақ-дәрежеге жетуден бұрын, өз ісіне берілгендік, қарапайымдылық, креативті болу деген қасиеттер қатты бағаланады. Жаңа технологиялардың арқасында жастар мейлінше ашық әрі толерантты болып қалыптасуда. Оның жарқын мысалын заманауи мәдени форматтарда, жаңа өнер түр­лері­нің жаппай таралуынан да көріп жүрміз.

Бірақ, бұл жастардың өмірі тек жарқын жағынан көрініс береді деген сөз емес. Өкінішке қарай, Қазақстан 15-29 жас аралығындағы жастар ара­сында суицид бойынша алғашқы үштікке кіреді. Бұл еліміз үшін өте ұятты көрсеткіш. Өйт­­кені, жасампаз әрі шығармашыл жастарды жо­­ғалту – ұлттық трагедия. Басқаша айта алмай­сың…

Оның себебін өз басым қайта құру ке­з­еңін­­дегі ұрпақтың санасындағы төңкеріс пен жаңа либералды жастар көзқарасындағы айырмашылықтан көремін. 90-шы жылдардың барлық ауыртпалығына өзіңіз де куә болдыңыз. Ондай күйзелісті көрмеген ұрпақтың стресске қарсы тұруға осалдығы байқалады. Сол қайта құрудың бел ортасында жүріп «ала сөмке» ар­қала­ған ата-аналарын көп жағдайда түсінбей жатады.

Сөз жоқ, қазіргі жастардың көпшілігі ғылымға қызығады. Бірақ осы салаға өмірін арнап, кәсіби түрде айналысуға дайын емес. Өйткені, жалақысы аз, қоғамдық престижі төмен. Бұл жастардың проблемасы емес, тұтас мемлекеттің проблемасы.

Аш қарын түбінде бір тояды, бірақ оның ру­хани қазынасы болмаса, жүрегінде «ел» деп соққан базынасы болмаса, бос кеуде адам қалыптасады. Біздің қаупіміз сонда. Жиырмасында ерлік жасамаған, отызында орда бұзбайды, қырықында қамал алмайды. Міне, біз осыны түсіне алмай келеміз. Сондықтан біздің мақсат жастарды бұрынғы мен кейінгі деп екіге бөлу емес, ең бастысы олардың дегеніне сену, қажет жерде ақыл-кеңес беру.

Ана әлемді қолымен тербетсе, Димаш әнімен тербетті

– Сізді кейінгі жылдары тума талантәлемді мойындатқан біртуар әнші Димаш баламыздың жанынан (тек қана Ресей аумағында ғана емесжиі көріп жүрдікБұл – талантқа тағзым етудің бір көрінісі меәлде төрткүл дүниеге танылған жас дарын әлі қамқорлыққа зәру дегенді білдіре меЖалпыбіздің елімізде таланттары «тұншығып» жатқан (тек қана әншілік емесжалпы өнерғылымт.бсалалардағыболашақ «Димаштарды» іздеп табуға «ешкімнің» құлқы жоқнемесе оларды анықтайтын жүйе жоқ сияқты көрінеді маған… Әринебұл бағытта ресми түрде «атқарылып жатқан» жұмыс көпбірақолардың арасында «Димаштарға» орын жоқ… Әлдемен қателесіп отырмын ба?

– Бір нәрсе анық – Димаш ешкімнің қамқорлығына зәру емес. Жиырмадан енді асқан шағында өнеріне миллиардтарды табындырған жан – шын мәнінде маңдайынан періште сүйген жан. Ұлтына рух беріп, халқының жанын емдеген әнші. Арғы-бергі заманда қазақты осындай биікке көтерген кім бар? Ана әлемді қолымен тербетсе, Димаш әнімен тербетті. Міне, көзінен жас аққанша қолпаштаған сол әлемге қарап отырып, осыны түсінесің.

Әрине, аққан бұлақтың көзін ашып, арнасын тазалап тұру азаматтық ардың ісі. Жалпы, қай кезде де тума таланттарды қолпаштап, қамқор болуға емес, қолымыздан келгенше қолдауға тырысайық. Сөз жоқ, жазиралы жеріміз талант­тарға кенде емес.

Қажымұқанды туған жер әлі-ақ талай палуан­ды дүниеге әкеледі, Біржанды еркелеткен ел, талай сал-серіні көтереді. Мәселенің бәрі өзімізде.

Сондықтан да, Димаш Құдайберген, Дәнелі Төлешова, Ержан Мақсым сияқты балауса таланттарымызды қолдауға әр қазақ асығуы тиіс.

– Бүгінгі әңгімені тым ауырлатып алдықау деймінИмеке… Соңғы жағын жеңілдетуді ұсынғым келіп отырСіз Орта Азия халықтарының қолданбалы өнерінің үлгілерін жинап жүреді деп естиміз. «Коллекцияңызда» қанша заттар мен бұйымдар барЕң құндылары қайсысы?

– Жәдігерде құн болушы ма еді? Бағасын сарысақал тарихтың өзі беріп қойған дүниелер ғой бұл…

Ұзын-саны 1500 әшекей бұйым жинаған екенмін. Шынын айтсам, ешбірін бағалатып көрмеппін. Бар мақсатым – кең даламызда шашыраған ерекше өнердің өнегесін ашу, кейінгі ұрпаққа мирас ету болды. Ол туралы кітап та жаздым.

Бұл расында да, сонау Сақ бабаларымыздан бері үзілмей келе жатқан ерекше өнер. Олай дейтінім, 2 мың жылда семиотикасы (белгіоютаңба) мен зергерлік техникасы аса өзгермеген шеберлік болса, ол осы Орта Азияда ғана бар дүние.

Осыдан 14-15 жыл бұрын болу керек, Алма­тының әкімі боп тұрған кезім… Ресейлік миллиардер Виктор Вексельбергке ұсыныс жасадым. Ол өзі әйгілі зергер Карл Фаберженің қолынан шыққан «пасхалық жұмыртқалар» дейді ғой, осындай бұйымдардың үлкен коллекциясын сатып алған азамат. Міне, осы коллекцияның Алматыдағы көрмесін ұйымдастырайық дедім. Бірден келісе кетті. Бірақ, көрмені басқа жерде емес, Орталық мемлекеттік музейде, оның ішінде «Сақ дәуірі» залында өткізейік деп шештік. Ондағы ойым – әлемге жарнамасы озған «Фабержені» көруге келген ел, қасында тұрған 2 мың жыл бұрын инемен иіп, аса зор кірпияздықпен түйіп жасалған Сақ алтынын салыстырсын… Ашығын айту керек, алматылықтардың өзі осындай қазынаның қасында тұрғанын біреуі білсе, біреуі білмейді.

Сондықтан, менің жиған-терген коллекциям, ең алдымен, осы елдікі. Үйден іздеп әуре болмаңыз, бәрі Ұлттық музейде тұр.

– Өмірде достарыңыз көп пе?

– Бұл өмірде сыйластықта мін жоқ болса, достықта құн жоқ. Шүкір, достарым көп. Жәй дос емес, 40 жыл қырғын болса да, қасыңнан табылатын қандыкөйлек жан достарым бар­шылық.

Сұхбаттасқан Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫ

Дереккөз: "Қаза Әдебиеті"


Пікір жазу
  • Алик Шпекбаев: Жемқорлықты Отанын сатумен теңестіруге болады
    А. САРЫМ: Фейсбукке пост жазу, митинг өткізу саясат емес