Төтенше жағдай кезінде қаржылық жағдайы нашарлаған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, экономиканы қалпына келтіру жөніндегі жоспарларды іске асыру мақсатында ШОБ субъектілеріне қосымша қолдау көрсету тәртібі бекітілді, деп ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.
ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету тәртібі екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, оның ішінде бұрын көрсетілген ұйымдар болып табылған заңды тұлғаларға (кредиттік ұйымдар) қолданылады.
Кредиттік ұйым жеке тәртіппен ШОБ субъектісінің қаржылық жағдайын, төтенше жағдайдың және карантиннің кәсіпкерлік қызметке әсерін және ШОБ субъектісінің қаржылық жағдайының қалпына келу перспективаларын бағалайды.
ШОБ субъектілерінің қаржылық жағдайы нашарлауының объективті себептері болған кезде кредиттік ұйымдар кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде банктік қарызды және микрокредитті жеңілдік берілген талаптармен қайта қаржыландыру және (немесе) көрсетілген шарттар бойынша төлемдерді ШОК субъектілерінің қаржылық жағдайын және төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру үшін жеткілікті кезеңге кейінге қалдыру түрінде қолдау шараларын ұсынады.
Кредиттік ұйым қолдауды ШОБ субъектісінің өтініші және 2020 жылғы 16 маусым – 15 қыркүйек аралығында кредиттік ұйымға берілген ШОБ субъектісінің қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар негізінде көрсетеді.