Б. Атамқұлов: Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты

Уақыты: 2020-09-09 Көрлімі: 577 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаң...

atamkulov-2.jpgҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп ҚР үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

  Биыл 8 айдағы еліміздің өнеркәсіп саласындағы жұмыс нәтижелері туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады. 

 Министр хабарлағандай, а.ж. 8 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,4% өсті.  Тау-кен өндіру секторында түсті кендерді өндіру құрамында алтын бар кенді өндіруді артуы есебінен 1,4% өсті. Темір кен өндіру көлемі 0,9% өсті. Көмір өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты өсім 1,2% құрады. 

«Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі түсті металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және басқа да салалар есебінен 3,3% өсті. Түсті металлургияда өндіріс көлемі тазартылған алтын өндіру көлемін 3%, бастапқы алюминийді 1%, құйма алтын 30%, түйіршіктердегі күміс 28% және басқа да көрсеткіштердің өсуіне байланысты нақты көлем индексі 2,7% артты», — деді Б. Атамқұлов.   

Қара металлургияда нақты көлем индексі 97,8% құрады. Бұл көрсеткіш болаттың, рельстердің, болат құбырлардың, шойын өндірісі көлемінің төмендеуіне байланысты болды. Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,1% өсті. Бұл дезинфекциялық құралдар және минералды тыңайтқыштардың өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты.

  «Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 16,3% өсті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 51,8%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 2,8%, өзге көлік құралдарын жасау 101,4%, электр жабдықтарды жасау 0,2% өсті», — деді министр. 

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 34,1% артты. «СҚ-Фармация» дистрибьюторы арқылы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу көлемі ұлғайтылды.  

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 11% өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 7,2% және былғары өнімдердің 66,2% ұлғаюына байланысты болды. Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 83,9% құрады. 

Контейнерлердің транзиттік тасымалдарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37% артып, 564 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Ведомство басшысы хабарлағандай, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2,5 млрд тоннаны құрап, 7,5% төмендеді. 

 «Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 106,5% құрады. Өсім құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. 16 өңірде оң динамика байқалады», — деді министр.

 Тұрғын үй құрылысында биыл 8 айдың қорытындысында 8 млн 100 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,4%.

 Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 71 457 баспана пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы 14 өңірде байқалады.  

Пікір жазу
  • Қазақстандықтар қай елдерге кедергісіз ұшып бара алады
    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының шаруаларымен кездесті

    Ұқсас тақырыптар