Қазақстандықтар қай елдерге кедергісіз ұшып бара алады

Уақыты: 2020-09-09 Көрлімі: 731 Сипаттама

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандықтардың қандай мемлекетт...

200909084657812e.jpg

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандықтардың қандай мемлекеттерге кедергісіз және карантиндік шектеусіз ұшып бара алатынын айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 тамыздағы хаттамасына қосымша берілген құжат бар. Ол «ҚР Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібі» құжаты. Оның 2-ші тармағына сәйкес, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша тікелей (тұрақты, туризм мақсатында тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге ҚР азаматтарының шығуларына, сондай-ақ ҚР-ға тікелей (тұрақты, туризм мақсатында тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттердің азаматтарына – визалық талаптарды сақтай отырып, егер ҚР-ның халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп қарастырылмаған болса және шетелдік азамат Қазақстанның тікелей әуе қатынасын қайта орнатқан және тікелей рейспен келген сол елдің азаматы болған жағдайда – Қазақстанға кіруге рұқсат беріледі», - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына.

Сонымен бірге шет мемлекеттерде Қазақстаннан келген жолаушыларға сол елдің өз карантиндік шектеу шаралары қолданылуы мүмкін. Халықаралық жолаушылар рейстерін қалпына келтіру туралы шешім комиссияның шешімі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, сондай-ақ аталған елдегі эпидемиологиялық және карантиндік шараларға қатысты шет мемлекеттің саясатын ескере отырып қабылданады.

«Комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 20 маусымынан бастап Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Грузия мен Жапония мемлекеттеріне халықаралық рейстерді жандандыруға рұқсат берілген. Сонымен бірге, комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірлігі, Беларусь Республикасы, Германия, Нидерланды, Египет, Украина және Ресей Федерациясына халықаралық рейстерді орындауға рұқсат берілген. Қазіргі жағдай бойынша 7 мемлекетке (Түркия (41 жиілік), Оңтүстік Корея (2 жиілік), Нидерланды (1 жиілік), БАӘ (19 жиілік), Беларусь (9 жиілік), Германия (6 жиілік), Украина (5 жиілік) – аптасына 83 рейс жиілігімен 14 бағыт бойынша тұрақты халықаралық авиарейс кезең-кезеңімен қайта жаңартылды», - делінген министрліктің жауабында.

Нақтырақ айтқанда төмендегі рейстер жанданған:

- Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Fly Dubai – аптасына 5 рет);

- Алматы – Дубай – Алматы (Эйр Астана – аптасына 4 рет, Fly Dubai – аптасына 7 рет);

- Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 5 рет);

- Орал – Франкфурт – Орал (Эйр Астана – аптасына 1 рет);

- Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (Белавиа – аптасына 5 рет);

- Алматы – Минск – Алматы (Белавиа – аптасына 4 рет);

- Алматы – Киев – Алматы (Эйр Астана – аптасына 5 рет);

- Алматы – Сеул – Алматы (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Asiana Airlines – аптасына 1 рет);

- Атырау – Амстердам – Атырау (Эйр Астана – аптасына 1 рет);

- Алматы – Ыстамбұл – Алматы (Эйр Астана – аптасына 9 рет, Turkish Airlines – аптасына 2 рет, Pegasus – аптасына 3 рет).

- Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 5 рет, Turkish Airlines – аптасына 2 рет);

- Алматы – Анталья – Алматы (Эйр Астана – аптасына 7 рет);

Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 7 рет, Turkish Airlines – аптасына 4 рет);

- Атырау – Ыстанбұл – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет).


Пікір жазу
  • Сайлау мәдениеті және демократия баспалдағы
    Б. Атамқұлов: Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты