Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина клиникалық сынақтан өте бастады

Уақыты: 2020-09-17 Көрлімі: 946 Сипаттама

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды, деп Білім жән...

87599070_1904623.jpg

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды, деп Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды.

«Вакцинаны клиникалық зерттеу 18-50 жас аралығындағы дені сау ересек еріктілер арасында жүргізіледі. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға бағытталған зерттеудің I фазасына коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші фазада 200 еріктінің қатысуы жоспарланып отыр» делінген хабарламада.

БҚПҒЗИ-ға клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген еріктілерден 688 өтініш келіп түскен. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов cенім білдіргендерге алғыс айтты.

Клиникалық зерттеулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» РМК және «Сentre for Clinical Medicine and Research» ЖШС-де өтеді.


Пікір жазу
  • Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп өндірісі 5 жылдың ішінде кемінде 1,5 есе артады
    «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие беру басталды

    Ұқсас тақырыптар