Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп өндірісі 5 жылдың ішінде кемінде 1,5 есе артады

Уақыты: 2020-09-15 Көрлімі: 840 Сипаттама

Өңдеуші өнеркәсіп өндірісін 5 жылдың ішінде кемінде 1,5 есе арттыруымыз қажет. Бұл турал...

ea90a297-3238-49d8-b892-d726d8be2629_xl.jpg

 Өңдеуші өнеркәсіп өндірісін 5 жылдың ішінде кемінде 1,5 есе арттыруымыз қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында индустриялық даму бойынша Үкіметке бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп өндірісін 5 жылдың ішінде кемінде 1,5 есе арттыруымыз қажет. Осы жылғы 8 айда өңдеуші өнеркәсіпте оң динамика қалыптасып, 3,3 пайызға өсті. Бұл көрсеткішке пандемия мен әлемдік экономикадағы құлдырауға қарамастан қол жеткізілді», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Осы орайда ол биыл Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 996 млрд теңгеге 206 жобаны іске қосу жоспарланғанын атап өтті.

«Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге, экспортты 325 млрд теңгеге ұлғайтуға және 19 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Салалар бойынша жобалардың негізгі бөлігі машина жасауға, тау-кен металлургия кешеніне, агроөнеркәсіптік кешенге, энергетикаға тиесілі. Алматыдағы «Hyundai» және Қостанайдағы «Chevrolet» жеңіл автокөліктерін құрастыру бүгінгі таңда индустрияландырудың жарқын үлгісі болып отыр, Қарағанды облысында техникалық газ өндіру жобасы мен алтын өндіретін фабрика іске қосылды», - деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, машина жасау саласының дамуы локализация деңгейін және Қазақстанда шығарылатын құрамдастардың номенклатурасын бірнеше мыңға кеңейтуге ықпал етеді. Бұл өндірістер жұмыс орындарының санын ұлайтады.

«Құрылатын Кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпорындарды 3 пайыздан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді кредит беру арқылы кәсіпорындарды кеңейту мен жаңғыртуға бағытталады», -деді ол.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

Пікір жазу
  • Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының шаруаларымен кездесті
    Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина клиникалық сынақтан өте бастады