Аязда қатпайтын «Аltay-45»

Уақыты: 2021-01-20 Көрлімі: 1047 Сипаттама

Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тағы бір жаңа өнім шығаруды қолға алды. Бұл – «Аltay-45» қысқ...


Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тағы бір жаңа өнім шығаруды қолға алды. Бұл – «Аltay-45» қысқы дизель отыны. Атынан байқалып тұрғандай, -45С0 аязда қатпайтын дизельдің алғашқы партиясы сәтті шығарылды. 

«АМӨЗ» ЖШС-нің қо­ғам­мен байланыс қызметінің мәлі­метінше, соңғы жылдары зауытта шығарылатын өнім түрлері көбейе түсті. Өт­кен жылы Қазақстандағы ең тө­мен­гі температураға шыдамды «Kha­zar-38» дизель отынын өндіру басталған еді. Енді сондай өнім­нің қатарына «Altay-45» қысқы дизель отыны қосылды.

– «Аltay-45» маркалы дизель отыны мұнайды терең өң­деу кешенінің Prime D 3205 ди­зель отынын гидротазарту қон­дыр­ғы­сында шығарылды. Жаңа өнім K5 класының экологиялық талаптар­ына сәйкес келеді. Күкірттің минималды мөлшері және төмен тем­пературалық қасиетін жақсартатын қоспалардың болмауы өнімді арктикалық дизель отынының сапасына сәйкес етеді. Жаңа дизель отынының бірінші партиясы ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету үшін шағын көлемде өнді­ріледі. Одан әрі сұранысқа қарай «Altay-45» дизель отынын тиеу көлемі ұлғайтылатын болады, – деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс қызметі.

Аталған зауытта тағы бір жаңалық бар. Бұл – зауытта шы­ғарылған жанармайдың REACH сертификатын иеленуі. Осыған байланысты Еуроодақ нарығына импорттауға арналған химиялық заттар мен олардың қоспаларының сапа деңгейін бағалаудың толық рәсімінен өтті.

Кәсіпорынның қоғаммен байланыс қызметінің мәліметіне сү­йенсек, REACH регламентіне сәй­кес, Еуроодақта жылына 1 тоннадан астам мөлшерде өндірілетін немесе импортталатын кез келген химиялық зат тіркеуге жатады. Ал REACH сертификаты – еуроаймақ ел­деріне бензин шығаратын қазақ­стандық кәсіпорынның экспорт­тық мүмкіндігін дамытудағы маңызды қадам.

Мұндай сертификат был­тыр­ғы сәуірде Атырау мұнай өңдеу зауы­тының өндірісіндегі хош иісті көмір­сутектер – бензол және параксилол өнімдері үшін де бе­рілген еді. Ал қазақ­стандық жанармай еуропалық сапа стан­дарт­тарына сәйкестігі растал­ған үшінші өнім болып отыр. Енді REACH сертификаты Атырау­да шыға­рыл­ған жанармайдың Еуроодақ елдері­нің нарығына шығуына даңғыл жол ашады.

 

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Атырау облысы


Дереккөз:  egemen.kz


Пікір жазу
  • Тоқаев: Парламентте еліміздің келешегі жайында кең ауқымды пікірталастар болуы керек
    Асқар Мамин: 2021 жылы 7 басты бағытты дамыту мақсаты тұр

    Ұқсас тақырыптар