Асқар Мамин: 2021 жылы 7 басты бағытты дамыту мақсаты тұр

Уақыты: 2021-01-26 Көрлімі: 906 Сипаттама

Үкіметтің басты назарында елдің стратегиялық мақсаттары мен Жолдаудағы тапсырмалар б...

210126111818916a3745273i.jpg

Үкіметтің басты назарында елдің стратегиялық мақсаттары мен Жолдаудағы тапсырмалар бар. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Өңірлер бойынша өсім СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында байқалды. Одан кейін ШҚО мен Шымкент қаласы тұр. Экономиканы дамыту бойынша өткен жылы 10 өңірде оң көрсеткіштер тіркелді. 4 өңір орта республикалық көрсеткіш бойынша аяқтады»,- деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, 5 айдың ішінде 44 көрсеткіш орындалды. Үкімет Жолдауды жүзеге асыру бойынша әрі қарай сапалы жұмыс істейді. Көп елдер инвестиция тартудың әдістерін қайта қарады. Жеке сектордың жаҺандық көрсеткіштегі үлесін арттыру бойынша мемлекеттің рөлі артып жатыр.

«Үкіметтің басты назарында елдің стратегиялық мақсаттары мен Жолдаудағы тапсырмалар бар. Стратегиялық міндеттерді орындау бойынша 2021 жылы 7 басты бағытты дамыту мақсаты тұр», - деді Асқар Мамин.


Пікір жазу
  • Аязда қатпайтын «Аltay-45»
    Б. Әбдіғалиұлы: Әріптестеріммен бірге осы мәселені дұрыс жолға саламыз деп үміттенемін

    Ұқсас тақырыптар