«Өте маңызды» кітабы жарық көрді

Уақыты: 2021-04-22 Көрлімі: 548 Сипаттама

Алматы қаласында белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» кітабының...

Снимок.JPG 

Алматы қаласында белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері қатысты.  

«Өте маңызды» кітабында кәсібін шағын несие ұйымынан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде филиалдарын өркендетіп, қаржы компаниясына айналдырған кәсіпкердің бизнес жолы, жеке тәжірибесі, түйгендері мен білгендері қамтылған. Бұл кәсіп бастауға ниетті кез келген оқырман үшін пайдалы туынды болмақ.

«Өте маңызды» кітабының тақырыбы айтып тұрғандай, өз кәсібін дөңгелеткісі келетін кез келген жанға бизнесте ненің маңызды екеніне жол сілтейді. Егер сіз үшін идеядан іске, істен тәжірибеге жедел өрлеу маңызды болса, ендеше «Өте маңызды» кітабы сізге арналған! Кітапта автор табысты кәсіпкер ретінде өзінің толайым тәжірибесімен бөлісіп, бизнестің қыр-сырымен таныстырады. Жалпы, қазіргі уақытта жеке кәсібін ашуға талаптанып жүрген отандастарымызға арналған ана тіліміздегі сауатты көмекші құралдар санаулы. Сол тұрғыдан, белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей осы тектес еңбектері арқылы қаржы нарығын қазақшаландыруға да үлес қосып жүргенін айта кету керек.

         Еңбек жалпы кәсіпкерлікке, бизнеске қызығушылық танытқан барша оқырманға, қалың қауымға, жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Автор бизнес тақырыбын бүгінгі көзқарас тұрғысынан жіті саралаған, жете зерттеген. Қазіргі уақыттағы бизнестің жаңа құралдарын игерсем-білсем, зерделесем, тоқысам, үйренсем деген көзіқарақты кәсіп бастасам деген жұртшылыққа, әсіресе жастарға алар тәлім жетіп артылады. Кітап қарапайым тілмен жазылған. Екі мың дана таралыммен AmalBooks баспасынан жарық көрген аталған кітап көркем безендірілген.

 


Пікір жазу
  • Өткен жылғы қақтығыстан кейін Қордайда не өзгерді?
    Жаңа ректордың жақсы бастамалары

    Ұқсас тақырыптар