Жаңа ректордың жақсы бастамалары

Уақыты: 2021-02-22 Көрлімі: 1627 Сипаттама

ЖОО білім сапасын арттыруды қолға алған Білім және ғылым минисрі Асхат Аймағамбетов ЖО...

154648358_3695802673870641_8430138315848265426_n.jpg

ЖОО білім сапасын арттыруды қолға алған Білім және ғылым минисрі Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларыны ң жалақысын көтеру мен Универсиеттердің материалдық базасын жақсартуды тапсырып келеді.  Жалақының аздығы мен жүктеменің көптігінен ұстаздардың ізденуге уақытының да жетіспейтін көтерген министр 18 ақпандада өткен аппарат жиналысында білім сапасын арттыру үшін жалақының тағы көтеруді тапсырды.  Жалақы мәселесін шешу үшін арнайы құжат дайындалғанын да атап өткен.

 

Министрдің тапсырмасы әр оқу орынындағы өзіндік деңгейде орындалып жатыр. ЖОО-да жалақы ғана емес сапалы білім берудің барлық шарт-жағдайы жасалуы керек деген министрдің ұстанымына,  ҚазҰУ-дың жаңа ректоры Жансейт Түймебаевтың қазіргі қадамдары мен айтқан пікірлері ұштасып жатыр. Ұстаздар жалақысын келе салып 20 пайызға көтерді. Тағы да 20-30 пайыз көтеру керегінін атап өтті. Оқу ғимараттарын аралап, материалдық базаның ескіргенін айтып, жаңартуды тапсырды. Ұстаздарды әлеумттік қолдауды да қолға алатынын жеткізді. Ең бастысы оқу орында мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуді тапсырды.  Енді балық жиналыстар қазақ тілінде өтіп, іс-қағаздар қазақ тілінде жүреді деген үміттеміз.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универитетіне ректор болып келген Ж. Түймебаев университеттің ардагер ұстаздармен де, жас ғалымдарыме де кездесу өткізіп, универсиетті дамытуды жолын кеңесті. Ректор кездесуінде ҚазҰУ аты затына сай болу керек дегенді алға қойды.

«Мен бірнеше факультеттерді аралау барысында факультеттердегі заманауи цифрландыру жүйесін көре алмадым. Қазір білім берудегі цифрлық үрдіс кезеңінде журналистика, филология, тарих факультеттеріндегі барлық техникалық құрал-жабдықтар ескірген, интерактивті тақталар жоқ. Аудиториялардағы жиһаздар да ескі жылдарды еске түсіреді. Барлық техникалық құрал-жабдықтарды қамтамасыз ету мен аудиторияларда қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша әр факультет өз ұсыныстарын берсін. Барлығын талапқа сай жаңартуымыз керек. Екіншіден, еңбегі сіңген ұстаз-ғалымдарымыздың жеткен жетістіктерін баршаға танытуымыз қажет. Ғалымның имиджі еңбегі арқылы көрінеді. Сондықтан, барлық оқытушы-профессорлардың ғылыми еңбегі еленуі тиіс. Шет елдердерде жүрген беделді отандық ғалымдарымызды елімізге қайтаратын уақыт келді», -деді жаңа ректор.

Ректор ұстаздарды матариалдық жақтан да қолдайтынын, баспанамен қамтамасыз етуді қолға алатын да айтты.

 «Университеттегі моральдық-психологиялық атмосфера қалыпты болуы қажет. Себебі, сіздер жоғары деңгейдегі элитасыздар, сіздерге қарап басқа әріптестеріңіз үлгі алады. Ал мен сіздерге қажетті қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақыны тағы да көтеру мәселесі және материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бар күшімді саламын. Сіздерден талап ететінім сапалы білім мен жоғары дәрежедегі ғылыми еңбек», - деді Ж. Түймебаев.

 

Ректор өз сөзінде шетелдік ғалымдарды, шетелде жүрген отандастарымызды тартуды тапсырыпты. Сонымен бірге енді шеттегі қандас ғалымдарды да шақырса жақсы жөн болар еді. Сондай-ақ министр Аймағамбетовтың бастамасын қолдап,  білім беруде өніріс орындарындағы мамандарды да көптеп тартатын, ғылми дәрежеге ғана емес кәсіби шеберлікке де мән беріп, өндірістегі білікті мамандарды студенттерге сабақ беруге шақыратын кез-келді. Жаңа Ректор Жансейт Түймебаев айтқандай ҚазҰУ қашанда өзгелерге үлгі болуы, білім беруде, бәсекеге қабылетті маман дайындауда көшбасшы болуы керек. Жаңа ректордың қазіргі бастамалары осыған жеткізеді деген үміттеміз.

 

Тұрдыбек ҚҰРМЕТҚАН

ҚазҰУ, АТ факултеті Ақпараттық

жүйелер кафедрасының оқытушысы

 


Пікір жазу
  • «Өте маңызды» кітабы жарық көрді
    «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

    Ұқсас тақырыптар