«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Уақыты: 2021-04-26 Көрлімі: 127 Сипаттама

25 сәуірде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Отандастар қоры Тәуелсіздігімізд...

177493954_2891811491030927_7572330625001301943_n.jpg

 25 сәуірде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Отандастар қоры Тәуелсіздігіміздің 30-жылдық құрметіне «Ұлы дала елі» аллеясын ашу шарасын Нұр-Сұлтан қаласы маңында ұйымдастырды, бұл туралы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы кеңесшісі Қарлығаш Бекпатшақызы хабарлады. 

"Онда 30 жылдық құрметіне 30 ағаш отырғызылып, әр ағаш Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміздің қалыптасып, нығая түсуіне еңбегі сіңген мемлекет, қоғам қайраткерлерінің есімімен аталды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Халифа Алтай, Қалдарбек Найманбаев, Герольд Бельгер, Қабдеш Жұмаділов, Роза Бағланова, Мұстафа Өзтүрік, Айтан Нүсіпхан, Жағда Бабалықұлы, Зардықан Қинаятұлы сынды тұлғалардың атындағы ағаштар бой түзеді. Қаумдастық өкілінің айтуынша аталған шараның басты мақсаты – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кеңінен паш ету. Бір ұлт, көп этнос болып, ынтымақтастық пен ауызбіршіліктің арқасында жеткен жетістігімізді айшықтай айтып, біртұтас халықтық сипатымызды әйгілей түсу. «Ұлы Дала елі», «Мәңгілік ел» ұғымдары ұлттық мақсат-мұраттарымызбен үндес. Қазақ даласы тарих сахнасында «Ұлы Дала елі» деген атаумен танылғандықтан, аллея да «Ұлы дала елі» атанды",- деп жазды Қауымдастық өкілі. 

178152141_2891811504364259_8099141544407754158_n.jpg

Сондай-ақ Қарлығаш Бекпатшақызы осы іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен  “Жебеу” РҚБ-не және жекелеген азаматтарға алғысын білдірді.

"Елдегі індеттің ушығып тұрғандығынан шара көпшіліктің қатысуынсыз жүргізілді.  Көгалдандыру, жасыл желек отырғызу ісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының және Отандастар қоры қызметкерлері мен екі-үш қоғам қайраткерлерінің атсалысуымен жүзеге асты",- деп жазды ол. 

177603529_2891811567697586_1808287103543867399_n.jpg

Пікір жазу
  • Жаңа ректордың жақсы бастамалары
    Сенім мен сабақтастық салтанаты

    Ұқсас тақырыптар