Адам өмірін опасыздықпен қиған содырлар әділ жазасын алуға тиіс - сенатор

Уақыты: 2022-01-17 Көрлімі: 382 Сипаттама

Бейбіт негізде басталған шерушілердің заңды талаптарын өз пайдасына асырғысы келген л...

220117095007776a3886637i.jpg

Бейбіт негізде басталған шерушілердің заңды талаптарын өз пайдасына асырғысы келген лаңкестер ел ортасына лаң салды. Бұл туралы Сенат депутаты Динар Нөкетаева айтты, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Өкінішті. Бейбіт негізде басталған шерушілердің заңды талаптарын өз пайдасына асырғысы келген лаңкестер, ұры-қарылар ел ортасына лаң салды. Еліміздің Тәуелсіздігінің отыз жылдық тарихына қара дақ түсірді. Бейқам жатқан халықтың арасына дүрбелең салды. Қаншама отбасы ауыр жағдайға душар болды. Жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылардың көлдей болған көз жасы, жалғызын жерлеп аңыраған ата-аналардың қарс айрылған жүрегіне дауа болар қандай ем бар?! Террорлық шабуылдан қираған, өртенген стратегиялық маңызы бар ғимараттар, көліктер, тоналған сауда-саттық орталықтары. Осындай орасан зардап шеккен ел. Бұнын бәрінің орыны толар, бірақ, адам өмірін опасыздықпен қиған содырлар әділ жазасын алуға тиіс», - деді Д. Нөкетаева.

Оның пайымынша, осы тұрғыда ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ашық ақпарат деректері бойынша бүгінгі күні заңдық тұрғыдан ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр.

«Бұқаралық ақпарат құралдары осы оқиғалар туралы бірінші күннен бастап күні-түні барлық ақпараттарды, мәліметтерді ашық түрде беруде. Ең бастысы, тыныштық болсын! Біздің бабаларымыз бастарынан қаншама қиындық кешсе де, небір ауыр замандарды өткізсе де, ел тыныштығын көксеген, басының амандығын тілеген, сондықтан «Ел аман, жұрт тыныш болсын» деген халқымыздың тілегі қабыл болғай! Ел Президенті ел тыныштығын бұзған содырлар мен лаңкестерді тоқтату үшін заңды шаралардың барлығын іске қосты. Қазір тыныштық орнады. Ең бастысы – халқымыздың бірлігі, мемлекетіміздің тұрақтылығы! Тәуелсіздігіміздің тұғырының мықты әрі мызғымас болуы ең қымбат қазына! Президентімізбен, халқымызбен бірге болайық!», - деді сенатор.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бас прокуратура тәртіпсіздіктер мен террористік шабуылдан қаза болғандардың жалпы санын атады.

«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4 578 жәбірленуші анықталды. Оның 4 353-і жараланды. Оның ішінде 3 393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қазақ тапқан 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі террактілерге қатысқан, ғимарттар мен құқық қорғау қызметкелеріне шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкерлері де бар. Аталған деректер алдын ала сипатта. Олар әлі нақтыланып жатыр, өзгеруі де мүмкін. Дегенмен, әрбір факт мұқият тексеріледі, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - деді ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев.

Сонымен қатар Бас прокуратура оқиғаның толық хронологиясын жариялады.


Автор Руслан Ғаббасов


Пікір жазу
  • Қ.Көшербаев: Креативті индустрияны дамыту үшін мамандар дайындау қажет
    Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі жоспар жобасын бекітті

    Ұқсас тақырыптар