Қасым-Жомарт Тоқаев: Сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық

Уақыты: 2022-01-21 Көрлімі: 394 Сипаттама

Сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық. Бұл туралы ҚР Прези...

220121123901872e.jpg

Сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейінге көз сала отырып, шартты түрде екі экономикалық бетбұрысты бөле айтуға болады. Біріншісі, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Қазақстан күрделі күйзелістер және шығындар арқылы ауыртпалықты, бірақ қажетті реформалар жүргізе отырып көтеріле, бейімделе алды», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

ҚР Президенті бұл өзгерістерді қаржыландыру кеңестік жүйеден мұра болып қалған мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру есебінен жүзеге асырылғанын атап өтті.

«Сол іргетаста отандық кәсіпкерліктің жаңа санаты өсіп шықты. Екінші бетбұрыс 2000 жылдардағы шикізаттық суперциклмен байланысты. Экономика жаһандық процестерге бейімделе алды, шетелдік инвесторларға жағдай жасалып, бұл елге мол қаражатты, бірінші кезекте өңдеу және банк салаларына тартуға мүмкіндік берді. Бұл қаржылар қазақстандық экономиканы қорландырды және оған тұрақтылық берді. Әлеуметтік бағдарланған мемлекет қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Бірақ, біз сыртқы әл-ауқаттың арқасында сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық. Біз трансформацияда ұтқыр бола алмадық. Сапалы түрлену мұндайға қарсы түрлі топтардың мүддесімен бетпе бет келді. Нәтижесінде біз әртараптандырылған экономика құра алмадық», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ел дамуындағы оң өзгерістер көп жағдайда бизнеске байланысты.

«Әртараптандырылған экономика құру міндеті әлі де өзекті. Бірде бір тұрақты экономика қуатты өндірістік секторсыз тіршілік ете алмайды. Индустрияландырудың баламасыздығы туралы тезис өткірлігін жоғалтқан жоқ. Ондаған жылдық жұмыс барысында ілгерілеу неліктен орын алмады? Басты қателік мұнымен негізінен мемлекет айналысты», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

ҚР Президентінің атап өтуінше, құрылымдық, оның ішінде квазимемлекеттік құрылымдарға қатысты проблемаларды шешуге қомақты қаражат жұмсалды.

«Дегенмен, бастамалар бизнестен, бірінші кезекте ірі бизнестен шығуы тиіс болатын. Бірақ, бұл орын алмады. Мемлекеттік сектор қандай ірі болса да, бұл тек қана мемлекеттің экономикалық жүйесінің бір бөлігі ғана. Республикалық бюджеттің шығыс бөлігі барлық статьялармен зейнетақы, мемлекеттік міндеттеме және даму бюджеті шамамен 15 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 20 пайызын құрайды. Қалғанының барлығы нарықпен, үлкен және кіші кәсіпорындармен қалыптасады. Сондықтан да тағы да қайталап айтамын, ел дамуындағыы оң өзгерістер көп жағдайда бизнеске байланысты болады», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Пікір жазу
  • Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы қалай атап өтіледі
    Қазақстанда оқу бітірген жастардың жұмыс таба алмауының себебі неде?

    Ұқсас тақырыптар