Мақсат Халық: Ең бастысы мақсатымыз қазақ тілді жастарды оқыту

Уақыты: 2022-05-07 Көрлімі: 770 Сипаттама

2022 жылдың 06 мамырында сағат 16-00де Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес...

1.JPG

 

2022 жылдың 06 мамырында сағат 16-00де  Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (UIB) Damu Business Group кәсіпкерлер қауымдастығымен бірге оқу тілі қазақ тілінде болатын MBA бағдарламасының тұсауын кесті.

MBA бағдарламасының таныстырылмын UIB ректоры Анар Махметова, бағдарламаның жауаптысы белгілі экономист, GSB UIB директоры Мақсат Халық, белгілі кәсіпкерлер Құмар Жұмахан, Сырымбек Тау жасады. Сондай-ақ, іс-шараға  кәсіпкерлер,  жетекші ғылым қайраткерлері, магистранттар, докторанттар, профессорлар мен оқытушылар құрамы қатысты.

2.JPG

Конференция барысында MBA бағдарламасының жауаптысы Мақсат Халық бағдарламаның мақсаты мен оқуға түсу талаптарын айтып өтті.

«MBA (Master of Business administration) деген бизнесті басқаруды оқытатын 2 жылдық магистрлік білім бағдарламасы.  Бағдарламаның мақсаты бизнестегі көшбасшыларды дайындау. Бұл бағдарламаға түсу үшін талапкердің бакалавр акедемиялық дәрежесі болу керек. Екіншіден еңбек нарқында жұмыс істеп кемінде 2 жылдық еңбек өтілі болу керек. Тағы да Executive MBA деген бағдарлама бар. Оған түсу үшін 2 жыл еңбек өтілі ғана емес топ менеджер, кемінде орта буын менеджер болу керек және кемінде 2  жыл басқарушылық қызметте болуы тиіс. Болмаса кемінде 2,3 жылдан артық айналысқан өз бизнесі бар азаматтарды осы бағдарламаға қабылдаймыз. Бұл бағдарламада басшыларға арналған пәндер оқытылып, 1-1.5 жылда аяқтайды»,- дейді М. Халық.  

Мақсат Халықтың айтуынша қазіргі таңда антикризистік менеджерлердің рөлі барынша артқан. Cондықтан бағдарлама мақсаты  

«Қазіргі дағдарыс кезінде антикрезистік менеджерлер, білікті мамандар аз. Білікті мамандарымыз аз болғаннан кейін де экономикамыз да дұрыс дамымай жатыр. Мамандарымыз, бизнес көшбасшылары, бизнес иелері білікті болған сайын олар еңбек өнімілігін көп жасайды. Әрбір азамат, әр компания еңбек өінімділігін көрсете алса экономика дамиды, жалпы ішкі өнім артады. Ішкі өнім артқан сайын көп табыс түседі. Соның нәтижесінде  халықтың да, жұмысшылардың да табысы артады. Сол уақытта халықтың табысы сапалы артады. Сондықтан бұл бағдаралама халықтың өмір сүру сапасын аттыратын қадамдар деп білемін. Сол бағытта жұмыс жасаймыз. Ең бастысы мақсат-мұратымыз қазақ тілді жастарды оқыту.  Бизнес секторында, өндіріске, компанияларға сапалы мамандарды дайындаймыз, нәтижесінде экономикамыз қарыштап дами беретін болады»,- деді бағдарлама жауаптысы.

3.JPG

Университет басшылығының айтуынша MBA бағдарламасы бойынша оқитын магистранттарға бизнеске қажетті білім берудің барлық жағдайлары жасалып жатыр. Damu Business Group кәсіпкерлер қауымдастығының қолдауымен шетелдік сапалы кітаптар қазақ тіліне аударылуда. Оқу орнының 30 жылдығына орай биыл бағдарламаға түсушілердің оқу ақысына 30 пайыз жеңілдік жасайды екен.

Осы мақсаттарға бірге жету үшін баспасөз конференциясының соңында Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (UIB) мен Damu Business Group кәсіпкерлер қауымдастығы өзара меморандумға қол қойды.

Т. Құрметхан

 Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Ұлттық қор активі азая түсті
    Референдум арқылы Ата заңның қай баптары өзгереді?

    Ұқсас тақырыптар