Ғалымжан Пірматов әлемдік экономикаға шолу жасады

Уақыты: 2022-06-14 Көрлімі: 322 Сипаттама

Дамыған елдерде инфляция рекордтық деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет оты...

220614114525488e.jpg

Дамыған елдерде инфляция рекордтық деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Биылғы мамырда жаһандық нарықтарда құбылмалылық сақталды. Әлемдік экономика геосаяси тәуекелдер мен тұрақты жоғары инфляция аясында болды. Дамыған елдердің орталық банктері инфляциямен табанды күресетінін және монетарлық талаптарды біртіндеп қалпына келтіретінін мәлімдеді. Әлемде ақша-кредит талаптары күшейіп жатыр. Мамырда АҚШ Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені 50 базистік тармаққа көтеріп, 1 маусымнан бастап балансты қысқарту басталғанын жариялады. Жыл соңына дейін мөлшерлеменің тағы 200 базистік тармаққа 3 пайызға дейін көтерілу мүмкіндігі бар. Биылғы шілдеде Еуропа орталық банкі 2011 жылдан бері алғаш рет мөлшерлемені бірінші болып көтеруі мүмкін», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, ұзақ мерзімді облигациялар кірістілігінің жылдам өсуі және экономикасы дамыған елдерде, әсіресе, АҚШ-та ақша-кредит саясатының барынша жылдам күшейтілуін күту тәуекелді активтерге аздап қысым көрсетеді. Мәселен, мамырда 2022 жылдың басынан бастап дамыған елдердің акциялары 13,6 пайызға төмендеді. АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігі 1,33 пайызға өсті.

«14 маусымдағы жағдай бойынша дамыған елдердің акциялары жылдың басынан бастап 21,3 пайызға төмендеді. Бұл Америка Құрама Штаттарында 40 жылдағы рекордтық инфляцияға байланысты АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің ақша-кредит саясатын неғұрлым тезірек қатаңдатуына алаңдаушылық есебінен болды. Дамушы елдердің облигациялары бойынша спред ұлғайып келеді. Ресей Федерациясының Украинамен қақтығысының басталуымен күрт өскен жаһандық белгісіздік жоғары деңгейде қалып отыр. Геосаяси ахуал шиеленіскен жағдайда жаһандық экономиканың өсу болжамдары төмендеу жағына қарай қайта қаралады. Осыған байланысты жаһандық іскерлік белсенділіктің баяулағанына қарамастан өсу аймағында. Мамырда Global Composite PMI, көбінесе, Қытайдағы карантиннің әлсіреуіне және өндіріс пен жаңа тапсырыстардың тез өсуіне байланысты 51,5-ке дейін аздап өсті. Өндірістік шығындардың құны мен өнімнің бағасы рекордтық қарқынмен өсіп келеді. Дамыған елдерде инфляция рекордтық деңгейде сақталып отыр», - деді Ғалымжан Пірматов.


Автор Марлан Жиембай


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықтан ұрланған активтерді елге қайтарып, әділдік орнатуымыз керек
    IT саласын дамыту жаңа мүмкіндіктер ашады

    Ұқсас тақырыптар