«Фараби әлемі» конференциясы – жастарға берер тағылымы мол ғылыми-танымдық шара

Уақыты: 2023-04-09 Көрлімі: 3003 Сипаттама

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әлемнің Екінші ұстазы атанған ғұлама,...

Снимо1.JPG

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әлемнің Екінші ұстазы атанған ғұлама, дана бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидың құрметіне арналған дәстүрлі «Фараби әлемі» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы ағымдағы оқу жылы 6 сәуірде өз жұмысын бастады.

 Университеттің ізгілікті бастамасына біздің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті зор ықыласпен үн қосып, конференция жұмысын ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы – 5, шетелдіктердің тілдік дайындық кафедрасы –3, колледж -1, бейіндік мектеп –2, жалпы 11 секция бойынша ұйымдастырды. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы ұйымдастырған секциялардың, әсіресе, Тарих –  «Әлем дамуындағы инновациялық технологияның рөлі» секциясының жұмысы өте ауқымды болды, 70-тей отандық ЖОО-лардан келген: Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ университеті – 11, Қазақ Қыздар Педагогикалық университеті -2, «Мирас» университеті -2 , М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті-1   студенттер мен таяу және алыс жас ізденушілердің алған тағылымы мол ғылыми-танымдық шара оңғолия, Қытай, Иран, Сауд Аравиясы, Ауғанстаннан келген шетелдік тыңдаушылар қатысқан секция өз жұмысын екі бөлім бойынша жүргізді. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары А.К.Бегалиева, Р.Наралиева модератор болған 2-бөлімінде отандық ЖОО-лардан келген студенттердің көп болуы секция жұмысын жандыра түсті. «Жаңа  Қазақстандағы жастар саясаты», «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан», «Қазақстандағы білім беру моделі» секілді,. бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған тақырыптарға қатысты т.б баяндамаларға қызығушылық жоғары болуы да заңды, себебі өздерін Жаңа Қазақстанның Әділетті қоғамының қозғаушы күші ретінде санайтын жастар арасында «Жаңа Қазақстанды қалай болады деп санайсың?», «Жаңа Қазақстанда Әділетті қоғамды құруға қандай үлес қосасың?» деген секілді мазмұны терең, ауқымды сұрақтар  осы тақырыптар аясында жан-жақты талқыланды.

 Сонымен қатар Бейбарыс сұлтан, Абылай хан, Оспан батыр, Д.А.Қонаевтай тарихи тұлғалар туралы баяндамалар да қызығушылық тудырды. Бейбарыс сұлтан –  моңғол-татар шапқыншылығын тоқтату арқылы екі дүниенің: ислам мен христиан әлемін құтқарған маңызды тұлға, ал Абылай хан – жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, Үш Жүзді бір тудың астына жинап, қазақ жерін азат еткен ұлы хан, Д.А.Қонаевтың кеңестік дәуірде қазақ халық үшін сіңірген еңбегі зор ұлт азаматы ретінде бұл тарихи тұлғалар көпшілік танымал болса, ал Қытай жерінде ұлт азаттығы үшін күрескен Оспан батыр туралы мәлімет қазақстандық жастарды өте қызықтырды. Баяндамашы Даутхан Саяхаттың «болашақта Оспан батырды халқыққа танымал болуы үшін не әрекет жасайсың?» деген сұраққа –  «жыр мүшәйрасын, ақындар айтысын ұйымдастырғым келеді» деген жауабы көпшілік көңілінен шықты.  Конференция барысында әрбір жұмыс жан-жақты талданып, баяндаманың мақсаты мен мазмұнына терең шолулар жасалды. Конференцияның жұмысы барысында баяндамасының ғылыми ізденісі мол деп табылған еңбек иелері ректорат тарапынан марапатталды.

 Тарих:  «Әлем дамуындағы инновациялық технологияның рөлі»  бойынша жұмыс істеген секцияның 2-бөлімінде комиссия шешімімен баяндамаларының мазмұны мен ізденістері жоғары деңгейде  болған қатысушылар: ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының шетелдік тыңдаушылары Қаныбек Айдана – I дәрежелі Дипломмен, Даутхан Саяхат, ал ҚазҰУ-дың бейіндік мектебінің 11-сыныбының оқушысы Мұханбекұлы Тоқтар –  II дәрежелі Дипломдармен, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының шетелдік тыңдаушылары Қуатнұр Бүлдіршін, Мұралұлы Мағжан, Абылайхан атындағы ҚазХҚ және АТУ университетінің студенттері Әбжан Самал,  Курбанбек Улпан Сакенқызы III дәрежелі Дипломдармен марапатталды.   Және де секция барысында белсенділік танытқан қатысушылар: Сраил Аружан, Балтабай Назерке, Ораз Болысқан, Оңғарбек Дина, Эсенгали Диана, Ғазақ Миан,Мейрам Айжан, Нұржамал Айсара, Дәнкей Балзан, Урметов Нұрлыбек, Махшар Айнұр факультет тарапынан ынталандыру марапаттарына ие болды.

Снимок.JPG

 Конференцияның салтанатты жабылуында факультет пен кафедра басшылығы қатысушылардың, Жаңа Қазақстанның дамуына өзіндік үлестерін аямайтын,  білім-ғылым кеңістігімен қатар еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті отанын сүйген азаматтар болып қалыптасуына сәттілік тілеп, бәріне өмірде бақыт, оқуда табыс, Ғылым жолындағы алғашқы қадамдарымен және бүгінгі жетістіктерімен құттықтады.. Секция 2-бөлімінің жұмысы жоғары деңгейде өткеніне риза болған жас ізденушілер мен олардың ғылыми жетекшілері, Әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық  университеттің ізгілікті шаралар мен ғылыми инновациялар бойынша отандық қана емес, Орта Азияда, тіпті Түркі елдері білім академеясының көшбасшы екеніне тоқталып, университетке зор табыстар тілеп, университет пен факультет басшылығына және барлық ұйымдастыру комитетіне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Конференция жас ізденушілердің алған тағылымы мол ғылыми-танымдық шара болды

 

Әл-Фараби атын. ҚазҰУ-дың аға оқытушылары

Бегалиева А.К.,   Досанов Б.И.,   Наралиева Р.Т.,


Пікір жазу
  • Ақтөбелік оқушы АҚШ-тың Bowdoin университінен шақырту алды
    Тоқаев: Әзербайжан арқылы қазақ мұнайын әлемдік нарыққа шығару – басым міндет

    Ұқсас тақырыптар