Харв Экердің байлық туралы сабақтары
1. Байлар: «Мен өз өмірімнің қожайынымын» деген сеніммен өмір сүреді. Кедейлер: «Менің қолымда тұрған түк те жоқ» деп ойлайды.
2. Байлар бұрынғысынан да артық байи түсу үшін жұмыс істейді. Кедейлер бұдан әрі кедейленіп қалмау үшін жұмыс істейді.
3. Байлар байи береді. Кедейлер бай болсам дейді.
4. Байлар жаһандық ойларды ойлайды. Кедейлер ұсақ-түйекті ойлайды.
5. Байлар мүмкіндікті қарастырады. Кедейлер кедергілерді ғана көреді.
6. Байлар жетістікке жеткен, ауқатты адамдармен мақтанады. Кедейді байлық пен жетістік ызаландырады.
7. Байлар ауқатты әрі жетістікке жеткен адамдармен араласады. Кедейлер жолы болмайтын жарлылармен ғана араласады.
8. Байлар өзі туралы, жетістігі туралы айтуға тырысады. Кедейлер кез келген жарнаманы жек көреді.
9. Байлар қиындықтарынан биік тұрады. Кедейлер өз қиындығын ұлғайтып айтып, белшеден батып қалады.
10. Байлар тағдыр сыйын қабылдай біледі. Кедейлер қабылдай алмайды.
11. Байлар еңбегінің есесіне ақша алуды көздейді. Кедейлер жұмыста отырған сағаттары үшін ақша алады.
12. Байлар, «анасын да, мынасын да» ала береді. Кедейлер, «не анасын, не мынасын» таңдайды.
13. Байларды жеке капиталы ғана ойландырады. Кедейді айлығының көлемі ғана алаңдатады.
14. Байлар қаржысын өте үнемді жаратады. Кедейлер ақшаны жұмсай білмейді.
15. Байларға олардың қаржысы жұмыс істейді. Кедейлер ақша үшін жұмыс істейді.
16. Байлар алаңдамай әрекет жасайды. Кедейлерді қорқыныш тоқтатады.
17. Байлар сәт сайын сабақ алып, әр істен үйреніп, рухани өсуге бейім келеді.
Аударған Шынар Әбілдә
Jebeu.kz